{metadescription}
Елдегі дағдарыс  микронесиелеу қызметін едәуір қыздырыпты

Елдегі дағдарыс микронесиелеу қызметін едәуір қыздырыпты

Экономикаға қиын сәт туған кезде микронесие ұсынатын компаниялар кірістерін 50% өсіріпті! Аталмыш ұйымдар таза кірісті өсіруде  тіпті коммерциялық банктерді шаң қаптырған.  

2015 жылғы экономикалық өсімнің бәсеңдеуіне қарамастан, микроқаржылық ұйымдардың (МҚҰ) жиынтық таза пайдасы 3,5 миллиард теңгені құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 47 пайызға жоғары.

«Аталмыш кезеңде екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) табысы  2014 жылмен салыстырғанда  19 пайызға кем. Ал микронесиелеу ұйымдарының кірісі несиелеу белсенділігіне қарай  көбеюде. Былтыр МҚҰ қарыз портфелінің мөлшері 18 пайызға өскен. Бұл кезде ЕДБ өз клиенттеріне ұсынған несие сомасы бір жыл ішінде небәрі 10 пайызға ғана ұлғайған», - деп жазады Ranking.kz сараптамашылар зерттеуі. 

Қазір елімізде 71 микронесиелеу ұйымы бар. Сарапшылар берген мағлұмат бойынша, солардың ішіндегі кірісі ең жоғары ұйым 1,6 миллиард теңге пайда тапқан.   

«2014 жылмен салыстырғанда, кіріс 199 миллион теңгеге өскен (14 пайыз).  Бұл рыноктағы өзге де микронесиелеуге қатысушылардың арасындағы ең жоғары көрсеткіш», - дейді сарапшылар.

Екінші орында – МҚҰ 2015 жылы 375 миллион теңге таза пайда тапқан. Бұл бүкіл сектор бойынша ортақ көлемінен 11 пайыз.

Қазақстандағы маңыздылығы бойынша үшінші боп саналатын микронесиелеу ұйымның түсімі – 348 миллион теңге. Бұл 2015 жылғы МҚҰ-ның 10 пайыздық жиынтық пайдасын құрап отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде