{metadescription}
«Рио-2016»: не болып жатыр және нәтиже бар ма?

«Рио-2016»: не болып жатыр және нәтиже бар ма?

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Жазғы олимпиадалық ойындарда ұйымдастырушылар тарапынан орын алған кемшілік пен ұятқа қалдырған оқиғалар баршылық.  

Алдымен өз құрамамыздың жетістігін сараласақ. Өткен төрт күн ішінде қоржынымызға төрт медаль салдық: дзюдошы Елдос Сметов «күміске» ие болса, Галбадрах Отгонцэцэг, зілтемірші Фархад Харки мен ауыр атлетші Карина Горичева қола медаль жеңіп алды. Сөйтіп Қазақстан медальдар есебінде 30-шы тізімге ілікті.

10 тамыз, яғни дүбірлі доданың бесінші күнінде олимпиадалық тұғырға әлем чемпионы Нижат Рахымов пен ӘЧ күміс иегері  Жәзира  Жаппаркүл шығады. Ал боксшыларымыз Біржан Жақыпов пен Василий Левит ширек финалын өткізеді. Қазақстандық спортшылардың ойындарын көрсету кестесін мына жерден қараңыздар.

Әзірге Олимпиаданың ұйымдастыру және аталмыш елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үрдісінің төңірегінде дау басылар емес. Рио-де-Жанейрода криминогендік жағдай: қалталыларға - көше кезіп, қалта ақтарып үйренген ұрылар сұғын қадауда. Тек жанкүйерлер ғана емес, тіпті Бразилияда өз елінің мүддесін қорғауға келген жоғары шенділер де жапа шегуде.

Мәселен, белгісіз адамдар Черногория делегациясын тонап кеткен. Оқиға әуежайдан Риоға қарай бет алғанда орын алыпты. Делегация Олимпиада ұйымдастырушалыр комитеті берген автомобильде отырған көрінеді. Шетелдік БАҚ хабарлауынша, қаруланған қылмыскерлер әдейілеп  жол-көлік апатына ұрындырып, дипломаттардың жеке заттарын қолды етіп, тіпті ХОК көлігіне мініп тайып тұрған.  Черногория билігі аталмыш оқиғаға қатысты бразилиялық СІМ-не қарсылық нотасын жібереміз деп мәлімдеді. Ао полиция өз кезегінде орын алған оқиға кінәлілерді тауып, жазасын береміз деп отыр.

Грек елі құрамасы делегациясының мүшесі Стратос Сафиолеас та жеке заттарынан айырылып қалған. Оқыс оқиға олимпиадалық саябақтың тап жанында орналасқан мейрамханада болыпты. Сондай-ақ жергілікті ұрылар дәмханада австралиялық фотограф  Бретта Костеллоның қалтасын қағып кетті.  

Ресей құрамасының жанкүйерлері де «сыбағасын» алды. Ұрылар олимпиадалық шағын ауылдағы «Русский дом» үйінен бірнеше  компьютер мен бейнекамераны «сыпырып» кетті. Бұл Олимпиаданың ашылу салтаны болып жатқан кезде болыпты. Ресейлік жанкүйерлер орналасқан үйдің күзетшісі күдік тудырарлықтай ешнәрсе байқамаған болып шықты. Қазір полицейліктер бейнебақылауды қарап, тексеру жүргізіп жатыр.

Дәл осы сәтте ғаламторда жергілікті ұрылар туристердің телефонын және әшекей бұйымдарын қалай тартып алып жатқаны туралы роликтің «қазаны қайнап тұр». Бейнеролдиктің авторы көшедегі ұрлап жатқан 27 оқиғаны түсіріп алған. Әлеуметтік желіні қолданушылардың  аталмыш роликтің астына қайталанып жазатын пікірі  «Сіз әлі де Риоға барғыңыз келе ме?»

Риода жаппай тонаушылық. Ашық, арсыз түрде ұрлағаны былай тұрсын, сонымен бірге билеттерінің бағасы удай қымбат. Миллиондаған айлы-шарғыны жасап отырған британдық ТHG Sports фирмасы деседі. Болжам бойынша, ол мыңдаған билетті қара базарда  сатқан. Оған ашылу салтанатының билеттері де кіреді. Алыпсатар реселлер 10 миллионға жуық доллар пайда тапқан деседі.  Қазір Халықаралық олимпиада комитеті билет өндіру үрдісіне түзетулер  енгізіп, қатаң бақылауды көздеп отыр.

Бұзақылар баспасөзді де жайына қалдырған жоқ. Деодоро кластерінен Олимпиада баспасөз орталығына келе жатқан журналистерге толы автобус атқыланды. Бұл жерде куәгерлердің сөздері бір жерден шықпай отыр: біреуісі  атқылағанын «анық естідік» десе, енді біреуісі  автобусқа «тас лақтырды» дейді. Не болса да, нәтижесінде автобустың терезелері қирап, екі адам – түркиялық волонтер мен Беларуссиядан келген журналист жеңіл жарақат алды.

Олимпиадаға келген спортшылар өз қауіпсіздігі мен денсаулығын күндіз-түні ойлауға мәжбүр. Әсересе спорттың  секіру түрімен айналысатындар. Рио-де-Жанейродағы Мария Ленк атындағы су орталығының бассейніндегі су  ойда-жоқта жасыл түске боялып кетті.    

Сейсенбі күні ғана аталмыш бассейндегі су әдеттегідей тап-таза, көгілдір  болған.  Ал келесі күні жарысқа шығуы тиіс спортшы әйелдер түсініксіз жасыл суға секіруге мәжбүр болды. Бір тәулік ішінде суға не болды деген сұраққа ұйымдастырушылар не айтарын білмей әлек. Олар жасалған тесттер мен өлшегіштер суда спортшы денсаулығына қауіп төндіретін ештеме жоқ екенін көрсетеді дейді. Бұл жерде мәселе су айналымының жетіспеушілігі мен тазарту жүйесінде болып тұрған тәрізді. Алайда әлеуметтік желіде бассейнде түнде Шрек (терісі жасыл белгілі мультипликациялық кейіпкер) суға шомылды деп қалжыңға айналдыруда.

Бірқатар «күнәға» батуына қарамастан, Олимпиадалық ойындар жалғасын табуда. Додалы жарыстың қалай өтіп жатқанын және несімен есте қалатынын білгілеріңіз келсе, КТК жаңалықтарын қалт жібермей қараңыздар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде