Фильмнің сюжеті арнайы қызметтер мен Астанада лаңкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысқа негізделген.

"Красный уровень": «Экстремист» актердің әңгімесі

Экстремизм. Фильмде белгілі бір іске өз ықтиярымен жанкештілер жинайтын адамның рөлін сомдаған актер Нышанбек Жұбанаевтың діни экстремистер туралы пікірін ұсынып отырмыз.

Айта кетсек, КТК арнасында 31 наурыз – 1 сәуір аралығында көп сериялы «Красный уровень» фильмінің тұсауы кесіледі. Фильмнің сюжеті арнайы қызметтер мен Астанада лаңкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысқа негізделген.

Тура жолдан тайма...

«Болашақ жанкештілерді қалай байқап, арбап, қызықтырып алдап әкетеді дейсіз ғой. Мен құдайға сенетін адаммын, бес уақ намазымды қаза қылмағаныма бес жылдай болды. Бірде мешітте қасымда отырған адаммен әңгімелесіп қалдым. Бастапқыда өнер, өмір туралы салиқалы сөз айттық. Біраздан соң ол әңгіме арнасын өзге бағытқа бұрып, мені елітіп әкеткендей болды. Құтты бір арбалып қалғандай басымды изеп, оның бар айтқанымен келісе беріппін. Содан есімді жинап, дер кезінде түсіндім. Әлгі адаммен әңгімені доғарып, уақытым тығыз екенін айтып жоламай қойдым. Қош делік, мен ересек оқыған адаммын, ал санасы бекімеген жастардың күні не болмақ? Сондықтан жүрегінде иманы бар, құдайдан қорқатын, исламның негізгі қағидаттарын білетін адам түзу жолдан таймайды деп ойлаймын», – дейді Нышанбек Жұбанаев.  

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп

«Кейіпкерім – жинақ образ. Ондайларды байқағам, көңіліме жақпаған. Елімізде діни экстремистердің қайғылы оқиғасы қапаландырады мені. Ол жоғары білімнің жоқтығынан деп ойлаймын. Білімсіздіктен, санасының жетілмеуінен сондай қадамға барып отыр. Білім – таусылмайтын кен», – дейді актер.

Жігіт адамға жетпіс өнер де аз

«Образды бейнелеу оңай емес. Мен ұзақ, мұқият дайындалдым. Кішкентай рөл болмайды дегенге қосарым: оңай, қарапайым рөл де болмайды.  Данышпанның данышпаны ғана өз ісіне көңілі толар. Ондайға жету әлі алыс. Бұл рөлді қатырып сомдап берем деу әбестік болар. Спектакль, кино болмасын, әррөл қан мен термен келеді. Айтпақшы, кинода ойнаған әлдеқайда қиынырақ. Дір еткен денеңді, селт еткен жанарың мен былқ етпеген бетіңді көрсететін мұнда ірі кадрлар бар. Кино сені тырдай шешіндіріп, көпшілікке ұсынады. Сенен күткен бейнені ашып, бір жағынан санаға жеткізіп, эмоцияға лайық сомдауың керек».

Көңіл табу – көргенділік...

«КТК арнасы телесериал түсірудің шебері  Валерий Мызниковті бекер шақырмапты. Керемет режиссер! Жан дүниесі бай адам екен. Пейілі кең. Әр дүниеге  кірпияздылықпен мұқият көңіл бөлді. Өзім актер, режиссерге адами жағынан қарап баға беремін. Маған оның таланты емес, оның адами қасиеті маңызды. «Сенімен бірге жұмыс істеген бір ғанибет, бар ықыласыммен орындадым өз ісімді» деп тап осы Валераға айтар едім».

Бір кісі мың кісіге олжа салар...

«Тау бөктерінде түсірілген сәттер мәңгі есімде қалатын сияқты. Кейіпкерім өзеннің жағасындағы асудан жүгіріп өтуі тиіс болатын. Бір дубльді түсірген оператор жеткілікті екенін айтты. Ал режиссердің көңілі толмады. Сахнаны қайта түсіру керек болды. Алда түсіретін эпизодтар әлі де толып жатыр.  Көнбеске амал жоқ, желтоқсан айында тауда мұздай суық. Содан оператор мен режиссер пландарын дайындап жатқанда мен тас үстімен жүріп өтпек болып тайып құладым. Құлағанда суға құладым. Бірақ тосыннан сасып қалғам жоқ. «Давай, түсір!» – дедім. Сөйтіп сценарийде болмаған эпизодты камераға түсіріп алды. Судан қалшылдап шыққанда бүкіл түсірілім тобы жабылып мені жылытты. Дегенмен «суырып салма» қылығым үшін режиссерден кешірім сұрадым».

Еске сала кетсек, КТК арнасының сайтынан «Красный уровень» – арнайы қызметтер мен Астанада лаңкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысқа негізделген көп сериялы фильмді қараңыз.

 

МЫҢ ӨЛЕҢДІ МҮДІРМЕСТЕН АЙТАТЫН АҚЫН ЖАЙЛЫ  15 МӘЛІМЕТ

ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАННАН БЕРГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚАНША ЖҮЛДЕ АЛДЫҚ

ЖҮЗ КӨГЕРШІННІҢ ІШІНЕН ӨЗІ КЕПТЕРІМДІ ЖАЗБАЙ ТАНИМЫН...

ХАЛҚЫҢ ЖАСАҒАН МӘДЕНИ МҰРАДАН ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛМАЙЫН ДЕСЕҢ...

МИНИСТРГЕ ТӨРТ СҰРАҚ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ: ЖАРТЫ ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫҚ?

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.