{metadescription}
Рахаттың машақаты болмасын десеңіз...

Рахаттың машақаты болмасын десеңіз...

Некенің ең басты мақсаты — ұрпақ жалғастығы. Осылай дегенмен түрлі аурулар, қоршаған ортаның ластығы, әйелдің әлсіз денсаулығы және т.б. дүниелер дені сау бала сүюді апрманға айналдырып, туудан сақтануға мәжбүрлейді. Әрине, некедегі жұбайлар бала тууға кедергі болатын шараларға жүгінбегені жөн. Бірақ бұл мәселеде медицина маманы  бала туудан сақтануды ұсынса, себеп бар деп шешсе, әр әйел өз денсаулығына ыңғайлы тәсілді қолданғаны дұрыс.

Контрацепцияның қазіргі заманғы әдістері тек жүктілікті жоспарлауға емес, репродуктивтік жүйенің, остеопороз және бедеулікпен күресуге мүмкіндік береді. Жасына, жыныстық өміріне және денсаулығына байланысты гинеколог дәрігерлер бала тууды жоспарлауда мынадай жүктіліктен  сақтанудың жолдарын ұсынады:

  • Жатырдың ішіне салатын шиыршық (Ф және Т әрпіндей жезбен қапталған шиыршық);
  • Гормоналды (дәрілер, қынап сақинасы, ұсақ дәрілер, дәрі егу, имплантанттар);
  • Тосқауыл жасайтын  (әйел мен еркеккке арналған мүшеқаптар, қынаптық диафрагма, жатыр қақпағы);
  • Химиялық (қынап балауыздары, крем, көбіктер мен шәуатты сорғыш);
  • Шұғыл қорғану;

Әрқайсысының өзіндік көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіші бар, бұны қыз-келіншектердің білгені жөн.  

  • Шиыршықты етеккірі бұзылған және металға аллергиясы бар әйелдерге салуға болмайды. Сондай-ақ бұл тәсілден қан ауруы, эндометрия гиперплазия ( қатерсіз жатыр тіндерінің өсуі) және үлкен субмукоздық миоматозды түйіндері бар әйелдер бас тарту керек.  Жалпы шиыршық әзірге бірнеше жыл бала көтеруде жоспарламаған баласы бар әйелдерге арналған.  
  • Гормоналды  контрацептив барлық жастағы қыз-келіншектер үшін. Ал бала туған әйел оны босанғаннан кейін үш аптадан кейін қабылдайды. Ескерту: гормоналды препараттарды қолданғанда сәбиді омыраудан шығару керек.  Контрацептивті іше бастаған бірінші күннен-ақ әйелдер ісініп, жүрегі лоқсып, құсып, басы аурып, етеккірі бұзылуы мүмкін. Әдетте бұл белгілер біраз уақыттан соң емдемей-ақ жойылады. Ал туу үшін гормоналды дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін алғашқы үш айда бала көтеруге болады.  Көптеген қыздар семіріп кетеміз деп дәрі ішуден бас тартады. Дәрігерлер қазіргі шығарылып жатқан гормоналды препараттардың салмақ қосуға, тромб пайда болуына, қан қысымының артуына, холестерин көрсеткішіне әсер етпейтінін айтып отыр. Дегенмен гормоналды дәрілердің қарсы көрсеткіштер мынадай: бауыр, сүт безі, жатыр, аналық безі қатерлі ісігі бар және бүйрек жеткіліксіздігі, ми, қан айналымының жетіспеушілігі, жыныс мүшесінен қан кететін әйелдерге де қолдануға болмайды. 

Айта кетерлігі, жатыр ішіне салатын шиыршық пен гормоналды құралдар бала көтеруге тиімді.  Ал венерологиялық ауруларға төтеп бере алмайды. Бұл жағдайда тосқауыл жасайтын құралдарды немесе химиялық тәсілді қолданған дұрыс.

  • Тосқауыл контрацепция тұрақты жыныстық қатынас жасайтын адамы жоқ әйелдер үшін таптырмас тәсіл. Қолдануға онша қолайлы болмаса да, бірқатар артықшылықтарға ие. Мысалы, мүшеқап - қаламаған жүктілікті болдырмау ғана емес, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғайды. Екінші артықшылығы - бағасы арзан.

Ал диафрагма мен жатыр қалпағы бала туған әйелдер үшін. Қатынас жасардан бұрын оны қынапқа енгізіп, жатырдың аузын шәуеттен қорғап бітеп тастайды. Бірақ бұл құрал жатыр мойнында жалақ жарасы бар және ісігі, дисплазиясы бар әйелдерге жарамайды.

  • Химиялық контрацепция жынысқа қатынасқа түсерден 15 минут бұрын қолданылады. Дәрі шәует жасушасын бұзып қана қоймай, бактерия мен вирусқа қарсы күреседі. Бәлендей қарсы көрсеткіші болмағанымен, кейде аллергиялық әсер беріп, қышытып, ашытуы мүмкін.
  • Шұғыл контрацепция. Бұл жыныстық қатынастан қорғана алмаған, мәжбүрлі қатынасқа барған, бала көтеруге дайын емес қыздарға арналады. Дәрігерлер бұл контрацепция тәсілін тығырыққа тірелген жағдайда ғана қолдану керек дейді. 

Қазіргі күні қауіпсіздігі төмен болса да, дәстүрлі немесе физиологиялық әдістің бірі  - жыныстық қатынас сәтін шұғыл үзу және күнтізбелік әдіс. Себебі аз мөлшердегі шәует сұйықтығын қатынас кезінде де босатуға болады, ал шәует жасушалары жыныстық қатынастан кейін жатырда 5-7 тәулік тұрады.

Ұлы сөздің ұяты жоқ. Жыныстық қатынас, контрацепция туралы әңгімелесуге қысылмаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыз және саналы түрде ата-ана атануға әркімнің қақысы бар.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: NEET: СЕНДЕЛІП БОСҚА ЖҮРГЕН ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАР ТУРАЛЫ 

ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ

КӨЛІК КЕПТЕЛІСІНДЕ ТҰРҒАНДА ҚЫЗЫҒЫП ҚАРАЙСЫҢ...

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.