{metadescription}
Өзіңді тексер: Альцгеймер ауруына тестілеу

Өзіңді тексер: Альцгеймер ауруына тестілеу

Білесіз бе, алжыған адамды дер кезінде дәрігерге қаратса, оның есін қалпына келтіруге болады! Сондықтан алжығандықтың алдын алғыңыз келсе, яғни Альцгеймер ауруынан аулақ болғыңыз келсе, өзіңіз бен жақындарыңызды тексеруден өткізіңіз. Альцгеймерді ертерек анықтауға арналған тестілеу бар.

Бүкіл әлемде 21 қыркүйек - Альцгеймер ауруы туралы ақпарат таратудың  халықаралық күні. Бұл ауруға шалдыққан адам оның қаншалықты жойқын екенін біледі. Біз, мысалы, жасы келген адамның есте сақтау қабілеті тұрмақ, ұмытшақтығын кәріліктен алжыды деп қол сілтей саламыз. Есіңізде болсын: жас ұлғайғанда еске сақтау қабілетінің нашарлауы – кәріліктен емес, ол   ауыр сырқаттың симптомы дейді Нейроздар мен Альцгеймер ауруын емдеу орталығының жетекшісі Жібек Жолдасова.

Оның айтуынша,  Альцгеймер ауруы 5-7 жыл бойы жасырын пайда болады, сосын алғашқы белгілері шыға бастайды, оны науқастың өзі мен жақындары бірден байқайды.

«Әдетте ауру 65 жастан кейін басталады, бірақ мың адамның ішінен біреуінің ауруы жас кезінде басталады.  Дәрігер Алоис Альцгеймер сипаттағандай, бірінші науқас 51 жасында болған.  Бұл жүре болған ауру және одан ешкім де сақтандырылмаған», - деді Жібек Жолдасова.

Альцгеймер ауруының алғашқы белгілері:

  • Ұмытшақтық  (дәрі ішуді, үтікті тоқтан ажыратуды, газды сөндіруді ұмытып кете беру);
  • Иіс сезімінің азаюы  (иістерді ажырата алмау, иіссуды көп қолдану);
  • Психоэмоционалдық бұзылу (күйгелек, ашуланшақ, ұрысқақ, жанжалқой болу);
  •  Есте сақтау нашарлайды (Рибо заңы бойынша оқиғаның хронологиясын соңынан басына дейін есінде сақтай алмайды);
  • Жүрісі өзгеру (аяғын тырпылдатып басады, теңселіп жүреді);
  • Түнде селкілдейді (біреу бүйірінен түрткендей, итергендей, төсектің үстінде біреу жүргендей сезінеді);

Екінші сатысы:

  • Есте сақтау қабілетінің зақымдалуы, яғни науқас тіпті туысқандарының көмегінсіз нақты оқиғаларды есіне түсіре алмайды.
  • Кейде баласы мен немересі бар екенін де ұмытады. Және өмірде болмаған нәрселер есіне түседі.
  • Уақыттан шатасады.
  • Білімін жоғалтады.
  • Тек бала кезінен бойынан сіңірген дағдысы ғана сақталады.
  • Жазып-сызудан қалады.
  • Ақша санай алмайды.
  • Түсінікті етіп сөйлей алмайды.
  • Кейде өздігімен киіне алмайды.
  •  Көшеде адасып кетеді.

Соңғы сатысы:

  • Өздігімен тамақ ішіп, жуынып, дәретханаға барудан қалады.
  • Жарытып сөйлей алмайды. Қозғалып жүру қиынға соғады.
  • Жұтыну рефлексі төмендей бастайды.
  • Ағзасы сарқылып, түгесіліп, таусылғандықтан немесе басқа аурудан көз жұмады.

«Альцгеймер ауруынан өлу көбінесе екі себептен – ағзасының құрғатылуы (сусыздануы) және өкпесінің қабынуы. Альцгеймер ауруында су ішу режимі сақталмай, ол ажалға әкеледі. Ал өкпе қабыну дене қимылы азайғандықтан болады. Бойына қан жүгірмей, өкпесіне артық сұйықтық жиналып қалады. Содан инфекция тарайды. Бұны емдеу өте қиын. Сондықтан науқастардан әрдайым қозғалып жүруі талап етіледі», – дейді Жібек Жолдасова.

Альцгеймер ауруын емдеу психикалық бұзылыстарды түзетіп, денені жалпы шынықтырудан, мидағы метаболизмді реттеуден, тамырларды нығайту, жалпы Альцгеймер ауруына арналған дәрі қолданудан тұрады. Дегенмен медицина көмегімен науқастың жағдайын, белгілерін түзетіп, аурудың дамуын баяулатуға болады.  Ал толықтай қалпына келтірге бүгінгі медицина әлсіз. Сондықтан бұл аурудың алдын алу өте маңызды: салмақты бірқалыпта ұстау, көбірек қозғалу, ұйқыны қандыру, қан қысымын бақылау, дәрі-дәрмектерді көп ішпеу, салауатты өмір салтын ұстану.

Альцгеймер ауруына шалдыққыңыз келмесе, яғни  алжығыңыз келмесе:

Қазірден бастап көп қимылдап, миыңызды да жұмыс істету қажет. Біліміңізді жетілдіріп, миға тыным бермесеңіз,  ми тамырларында қан жүгіріп, ірікіліс пен тоқырау болмайды. Бұлшық етке күш түсссе, ол мидың қан тамырларын кеңейтіп, жүйке жасушаларына глюкоза барады. түседі. Ал глюкоза – ми энергиясының негізгі көзі. Сондықтан кейде адамның тәтті жегісі келетін де содан. Неғұрлым көп отырып жұмыс істейтіндердің миы да соғұрлым нашар істейді.
Үйлесімді емдәм. Күн сайын жемістер мен көкніс жеңіз. Тәтті газдалған сусындар мен снэктардан бас тартыңыз. Гипертонияңызды және созылмалы ауруларыңызды емдетіңіз. Артық салмақтан арылыңыз.  
Интеллектуалдық жүктеме. Тіпті қарапайым  арифметикалық есеп (калькуляторсыз) миға қан жүгіртеді. Миды қозғалтып, істеткізіп, қиын жұмбақ шешіп, миыңызды «ойлантуға» тырысыңыз.

Егер өз бойыңыздан немесе туыстарыңыздан Альцгеймер ауруының белгілерін байқап қалсаңыз, мына 5-10 минуттық тестілеуді ұсынамыз.

Басты шарт – шынайылық.

1. Арасында байланысы жоқ үш сөзді еске сақтау.  Мысалы: сабын, майшам, алма.

2. Цифры екіге он бес мнут қалған дөңгелек циферблаты бар сағаттың суретін салу.

3. Жыл айларының соңынан басына дейін (теріс) дауыстап айту. Қаншга қате жібергенін жазып алу.

4. Жүзден жетіден алып отырғанда қанша болатынын дауыстап айту. Қателерді жазып алу.

5. Бастапқыда есіне сақтаған үш сөзді сұрау. Қана сөз айтқанын жазып алу.

Бір қарағанда оңай сияқты болады. Бірақ Альгеймермен ауыратындардың салған суреті сағатқа мүлдем ұқсамайды.

Алжыған науқастың күтімі моральдық, эмоционалдық тұрғыдан өте ауыр және шаршатады, материалдық шығын талдап етеді.

Ең қиыны,  жақын адамың өзін жоғалтып бара жатқанын көріп, қолыңнан дым келмеу. Альгеймер науқастарын бағып отырғандардың көбісі неврозға шалдығу алдында тұрады», – дейді Жібек.

Ол үшін мынаны түсіну керек: 

  • Науқас тек оңай сөздерді түсінеді. Бір ғана ым немесе бір ғана ишаратты. Сондықтан ұзақ сөйлем айтпай,  жәй ғана бір сөзбен түсіндір.
  • Жағдайына қарай шыдамдылық танытып, бірнеше рет қайталап айт.  3. Бұйрық бермей, жылы сөйлесу керек.
  • «Бұны істей алмайсың, қолыңнан келмейді» деп ешқашан айтпа. Керісінше, қолдап, қоштап, жасай алатынына сендіру.  
  • Қанша ашулансаң да, ешқашан қол көтермеу. Тек сөзбен айтып түсіндіру. Дәлелдеу. Сабыр сақтап, шыдай білу.

Дер кезінде емделіңіз! Психотерапевт пен психологқа келуден қысылмаңыз! Деніңіз сау болсын!

Жібек Жолдасова – психотерапевт-дәрігер,  медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің озаты.

Дәгерлік жұмыс өтілі 1996 жылдан бері. Психотерапевтік жұмыс өтілі 2001жылдан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР
ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕРІ...
ҚАЛАДА ӨСКЕН МИНИСТРЛІКТЕГІ ШЕНЕУНІК АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БІЛМЕЙДІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
СЕНДЕЛІП БОСҚА ЖҮРГЕН ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАР
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН: МЕНІ БІРЕУЛЕР НЕ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, НЕ ЖЕК КӨРЕДІ 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.