{metadescription}
Жамбыл Ахметбек: Қалада өскен министрліктегі шенеунік ауылдағы жағдайды білмейді

Жамбыл Ахметбек: Қалада өскен министрліктегі шенеунік ауылдағы жағдайды білмейді

Өміріміздің барлық саласын қамтыған биылғы Жолдау несімен ерекше, қандай мақсат-мұратқа бастап отыр?  КТК арнасы Аптап бағдарламасының тілшісі Дәулетхан Қыдырбайұлы Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбек мырзамен бірге осы тақырыпты тұздықтады.  

Біздің ішкі-сыртқы саясатымыз екінші кезекке өтіп, бірінші кезекке әлеуметтік мәселе шығып отыр. Ірі экономикалық үрдістер емес, ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді қозғап отыр. Жолдаудың мазмұны неге осылай өзгерді?

Қазір реформалар білім, медицина, әлеуметтік, құқық қорғау, құрылыс салаларына жүріп жатыр және рухани жаңғыру да реформаны талап етіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда осы реформаны жүзеге асыруда әлеуметтік мәселені ішкі жалпы өнімнің алдағы бес жылда  10 пайызын қаражатпен қамтитын болады. 2018-2019 жылға қарайтын болсақ,  қазір әлеуметтік мәселеге ІЖӨ-нің 6 пайызы жұмсалып отыр. Сонда төрт пайызы тағы қосылған. Бұл үлкен көмек.

Байқасаңыз, Жолдауда басқа саланы да қамтығанымен, денсаулық сақтау мен білімге көбірек ойысқан сияқты. Өйткені Мемлекет басшысы балабақшадан бастап, жоғарғы оқу орнына дейінгі процесстерді сатылап тұрып айтып берді және мұғалімдерге де мерекесіне қарсы үлкен сыйлық жасады десе болады.

2050 стратегиясы және де 30з бәсекелес елдердің қатарына қосылатын болсақ, яғни өскелең ұрпақтың бейімділігі мен оның тәрбиесі заман талабына сай болуы қажет. Ол - отбасыдан, балабақшадан бастап, алғашқы  білім беру, одан кейін орта білім, жоғары білім алу. Міне, осылай сатылап келгенде жаңа ұрпақ дайындап, рухани жаңғыра аламыз. Яғни, елімізде алдағы уақытта басқаруды сеніп тапсыратын кадрлар енді шығады. Осы тұрғыдан алғанда мемлекет басшысы өте күрделі мәселені алға қойды.

Өмір бір орында тұрмайды, заман тез өзгеріп жатыр. Жаңаша ой қалыптастыру үшін оқушыларға жаңа бағдарлама жасау қажет. Ал мұғалім сайлауға да қатысады, жөндеу жұмыстарына да жегіледі, ата-аналармен жұмыс істеп үй аралап жүріп білімін қалай жетілдірмек? Міне,  осыны байқап, Елбасы «Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң» шығару керек дегені - құптарлық іс. Өте дұрыс!

Жалпы осы білім саласында көптеген сыналып жатқан нәрселер көп. Қоғамның да, депутатар тарапынан сыналып жатыр. Жолдаудан кейін аталмыш мәселелерді шешуге арнайы бағдарлама бола ма және ол нәтижесін бере ме?

Менің ойымша, егер министрлікте отырған қызметкерлер жергілікті жердегі жағдайды білмесе, көз алдына елестетпесе, бағдарлама нәтиже шығармайды. Өмір бойы қалада өсіп, қалада оқып, министрлікте жұмыс істеген адам ауылдағы жағдайды білмейді. Сондықтан жергілікті жерлерге бұрынғы тәжирібе бойынша іс-сапармен барып келіп, көзбен көруі тиіс. Ол жерге мектеп салу қажет пе? Мектеп тұрғызған соң 10 жылдан кейін ол ауыл бола ма, болмай ма? Келешегі бар ма? Бұл жақта күрделі мәселелер жатыр. Сондықтан да әр нәрсені жоспарлағанда жергілікті өкілдермен бірлесе шешіп, ақылдасу керек. 

Мемлекет басшысының тағы айтқаны - сынан көз ашпай жүрген полиция. Ішкі істер министрлігі, ішкі істер органдарына қарасты қызметкерлер қазір халыққа емес, өзіне жұмыс істейді деді. Осындай үлкен сындар айтылған кезде қандай шара қолдану керек? Ішкі істер саласында қандай реформалар жүргізілу керек? Бұл үлкен сигнал ғой.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері адам құқығын қорғамайды, тек аңдып, айыппұл салудың амалын іздейді деген пікір қалыптасып кетті. Полиция қызметкерлерін қайта даярлап, аттестациядан қайта өткізу қажет. Халықпен шын көңілмен жұмыс істей алмайтын, адаммен адам болып сөйлесе алмайтындар күптелген. Олардың арасында заңгер болу керек. Ал қазір орта білімді әскерден келгенге «сен полиция боласың» дейді. Бірақ, бәрін жаман деп айта бермейсің ғой. Адаммен сөйлесу білмесе, заңды толыққанды оқымаған болса, сырт көзге өзіне ғана жұмыс істейтін болып көрінеді. Сондықтан үлкен реформа құқық қорғау органдардың ішінен басталмайды. Грузияда екі күннің ішінде бүкіл полицейлерді таратып жіберіп, ылғи заңгерлерді алды. Бұл, міне, кішкене реформа. Мүмкін бізге толыққанды қажет емес шығар, бірақ сонда да осы тұрғыдан алғанда полицейлер адамның құқығын қорғаушысы болу керек. Жүргізілетін реформалардың бастамасы осы Жолдаудан бастау алады. Айтылған істердің бәрі біздің халқымыздың әл-ауқатын көтеруге, оның тұрмыс жағдайын жақсартуға негізделген. Сондықтан біз осыған сенгеніміз дұрыс.

Ақпараттың таразысы «Аптап» сараптау бағдарламасын әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан қараңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР
ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕРІ...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
СЕНДЕЛІП БОСҚА ЖҮРГЕН ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАР
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН: МЕНІ БІРЕУЛЕР НЕ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, НЕ ЖЕК КӨРЕДІ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде