{metadescription}
17 - 23 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

17 - 23 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

Осы аптада не нәрсе басты назарда болуы тиіс? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 17 - 23 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. 

17 - 23 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылар айналасындағылардың қашаметіне бөленеді. Кейде ол тіпті мазаңызды алтын болады, аракідік үркітуі де мүмкін. Көбінесе соны өзіңіз күтетін боласыз. Көршіңізбен, сыныптасыңызбен т.б. адаммен кезесу күтілуде. Бұрығы достарыңыз туралы көптеген дүниені білетін боласыз. Өткенде ғашық болған адамыңыз да осы аптада алдыңыздан шығады. Таныс адамыңызға алғыс айтасыз. Бірақ қолайлы сәтін таба алмайсыз. Ол үшін тағы бір адамның көмегіне жүгінесіз. Бұл аптада араңызда делдал болуға лайық адамды іздейсіз. Ақпарат беру мен таратуда абай болыңыз. Байқамай, адамдарды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Осы аптада атқаратын жұмыстар өте көп болмақ, соған қарамастан оның бәрі нәтижесін көрсетеді. Қаржы мәселесі әрдайым мазалайтын болады, бірақ ол сіздің қолыңызда тұрған жоқ. Бизнестегі серіктесіңізге немесе жұбайыңызға сенім артуға тура келеді.  

Торпақтар орасан зор жоспар құрады. Тұрмыстағы өзгерістер ойыңыздан шықпай мазалайды. Тустардың ішіндегі ересек адам сіздің мазаңызды кетіреді. Таныс адамыңызбен жолға шығу туралы сөз қозғайсыз. Кедергілер мен қауіптерді түйсігіңізбен сезіп, сытылып кетіп отырасыз. Бір топ ресми адамдармен кездесулер пен келіссөздер күтілуде. Өзіңізге ұнамайтын адаммен кездесуге барасыз. Жалпы осы аптада ұнамсыз іс шараларға қатысуға мәжбүр боласыз. Достарыңыздың біреуінен жағымды хабар аласыз. Бұрынғы танысыңыз сізбен жақындасуға тырысады. Бірақ сіз кездесуге бармай, көңіліңіз жайланады. Тағдырыңыз дұрыс жолға түскен тәрізді. Мазалаған дүниелер енді сондай қиындық тудырмайды. Серіктестеріңіз сізді алға қарай тартады. Жұмыста жоғарылау күтіліп тұр. Ал қаржы мәселесін шешуге өзіңіз атсалысасыз.   

Егіздер досының  шынайылығына күмәнданады. Оқиғалар бірқалыптылығымен көңіліңізді қалдырады. Бәлкім сіз өмірден көп нәрсені күтіп жүрген боларсыз? Сенімді байланыстар мен демалатын орындарға сенім артыңыз. Бұл аптада сізге көптеген жаңалықтар түседі. Ол жұмысқа және адамдармен қанысуға қатысты. Жақын досыңыз туралы ақпарат көп ойландырады. Оның бұрынғы байланысы үзілген жоқ. Реніш пен қызғаныш жүрегіңізге әсер етеді. Істің мәнін ашу үшін ашық сөйлесуге тура келеді. Үмітіңіз бұзылуы мүмкін. Жеке өмірде түсінбестіктер орын алады. Бұл апта оқуға, білім алуға, ызмет дәрежесін жоғарылатуға ыңғайлы болмақ. Жұмыста әріптестеріңізбен нақты бөлісу қажет. Қаржы мәселесінде еш өзгеріс жоқ. Денсаулығыңыз мазалайды. Қан қысымын реттеңіз. Қонақ күту мен жолға шығу күтілуде.  

Шаяндар достары мен таныстарының ықпалында болады. Сізді белгілі бір жұмыстарға, істерге жегіп қою қолайлы. Бірдемеге кірісерден бұрын алдын ала өз рөліңізді нақтылап алыңыз. Соған қарамастан қалжыңдап, өзіңізді жеңілтек ұстайсыз. Бәрінен көңілді дүние тапқыңыз келіп тұрады. Бұл аптада дастархан басында отырасыз, яғни сізді қонаққа шақырады. Ыңғайсыз жағдайлардың шешімін жылдам табасыз. Сіздің тапқырлығыңызға қызығуға болады. Бұл аптада ұзақ уақытқа жоспарланған жобалар іске асады. Айналаңызда өзгерістер орын алады. Бөтеннің тағдырына араласасыз. Сіздің бір ауыз сөзіңіз әріптесіңіздің тағдырын шешуі мүмкін. Көптеген шаяндардың жеке өмірінде бәлендей өзгеріс болмайды. Қаржы мәселесі болашаққа жол ашады. Бұл күндері бірнеше жерден ақша аласыз. Творчетсволық шаяндарды жетістік күтіп тұр.   

Арыстандар бұл аптада нағыз ойымпаз болады. Бірдемеге қатты ілесесіз. Пайымдылық шекарасынан шығып кету қаупі бар. Себепсіз істерге барып, содан зардап шегіп қалуыңыз мүмкін. Өзін ұстай алмайтын достарыңыздан аулақ болыңыз. Сіздің пейіліңіз жақсылыққа апармауы мүмкін. Біреуді ақтаймын деп үлкен жанжалға себеп боласыз. Жоспарланбаған дастархан күтілуде. Алкогольден бойыңызды аулақ ұстаңыз. Ол шиеленіске әкеледі. Денсаулыққа қауіп төніп тұр. Бұл аптада жаңа жұмысқа ауысу сәтті болмақ. Ажырасу мен араласпай кетулер де күтілуде. Қаржы мәселесінде бәлендей өзгеріс жоқ. Дегенмен қомақты сома қалтаңыздан өтеді. Ескі таныстарыңызға қайта ораласыз. 

Бикештер аздап тыныш тауып, қарбаластан аулақ болады. Ересек Бикештерді тұрақтылық күтіп тұр. Алыс жақтан жақсы хабар аласыз. Үйіңізде жағымды өзгерістер күтілуде. Ұзақ күткен адам қонаққа келеді. Жұмыста үлкен өзгерістер болмайды. Тұрмыстағы мәселелер жақсы шешімін табады. Туыстарыңыз бен көршілеріңізбен қатынаста абай болыңыз. Араларыңыздағы өкпе жанжалға ұласуы мүмкін. Ересек әйел адам шиеленіс тудыруы мүмкін. Бұл ер адамға қатысты. Ал әйелдер жақсы көрген адамын ойлап уайымдайды. Дегенмен бұл ұзаққа созылмайды. Тұрғылықты жер мен үй мәселесі тағы да бірінші орынға шығады. 

Таразылар аптаптаның басы мен аяғында аздаған ақша табады. Көңіл күйіңіз жұмыстағы жағдайлар мен үйдегі ортаға байланысты құбылып отырады. Ресми құзыретті органдар тарапынан жағымсыз ақпарат алуыңыз мүмкін. Құжаттар аласыз. Сенімді достары көмектескен Таразыларды сәттілік күтіп тұр. Әр нәрсенің сыртқы келбетіне қарап пайымдайсыз. Киім-кешектер мен заттар сатып алу күтілуде. Бұл әйелдерге қатысты. Ал еркектер сезімі жайлы ойланады. Берген сөзіңізден айнып кетуіңіз мүмкін. Сүйген адамыңыз туралы ойланып, басыңыз қатады. Алыс сапарға шығуыңыз мүмкін. 

Сарышаяндар көздеген мақсатына жету үшін қажетті қарым-қатынас жасайтын адамдарды пайдаланады. Жан дүниеңізді жадырататын әйелмен араласасыз. Ол материалдық жағынан да пайда әкеледі. Бірақ сіз оған қарыздар болмайсыз. Тусыңыздың алдында бұрынғы міндеттемеңіз қиындық тудырады. Ал оның тәртібі сіздің жүйкеңізге әсер етуі мүмкін. Бұл апта оқып, жаңа білім алуға, дамуға қолайлы. Делдалдар мен творчестволық маман иелері үшін жаңа іс, одақ, жоба құру сәтті болмақ. Алыс шетелдегі адаммен телефон арқылы әңгіме сізді толғандырады. Жоқ жерден жаңа махаббат пайда болады. .. Жеке өмірде уақыт маңызды өзгерістер әкелуге ықпал етеді. Сіздің осыған дейінгі қағидаларыңыз маңызын жоғалтуы мүмкін. Достарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында байланыс орнатып отырасыз.  Қаржы мәселесі сізді мазаландырады, бірақ ол өзіңіздің қолыңызда тұр. Қозғалыста жүріп, сәттіліктің жақын екенін сезесіз. Күйбіңге толы көптеген жұмыстар күтілуде, ол есеп беру мен қағаз толтыруға қатысты. 

Мергендер таңдау мәселесінде шектеуге тап болады, бұл әсіресе ақшаға қатысты. Сіздің бастамаңыз арқылы таныс беделді серіктесіңізбен келісімге келесіз. Бұл материалдық мәселені шешуге көмектеседі. Қызмет бабына қатысты жаңа ұсыныстар түседі. Дегенмен іс әрекетіңізде логика жоқтың қасы. Күтпеген әрекеттеріңіз қарсылық тудырады. Бітпейтін проблемалардан әбден жалығасыз. Содан шаршайсыз. Сіздің мәнеріңіз туыстарыңызды мазалайды. Олар басқаша ойлап қалуы мүмкін. Айналаңыздағы адамдар сізді дұрыс түсінбейді. Пікірлер адамдар арасында сіздің жоспарсыз істеріңіз түсінбеушілік туғызады. Сыныптас адаммен сезімге қатысты әңгіме күтілуде. Романтикалық сезіміңіз бұл аптаның ең жағымды жаңалығы болмақ. 

Тауешкілер жеке өміріне өзгеріс енгізу үшін бар күшін салады. Бұл салада қозғалыс, талқылау сіз үшін маңызды болмақ. Бұл бәлендей өзгерістер әкелмесе де, таныстарыңыздың тарапынан сізге деген қызығушылық туады. Материалдық мәселені байытуда тапқырлық танытасыз. Айтылатын сөздеріңізге абай болыңыз. Сіздің сөздеріңізді түсінбей, ол басқаша рең алуы әбден мүмкін. Соған бола дұшпан тауып аласыз. Ересек туысыңыздан алған жайсыз хабар мазаңызды кетіреді. Жұмыста сенімділік таныту үшін бар күшіңізді жұмсайсыз. Сіздің әрекеттеріңіз бәрінің көз алдында болады. Ал басшылық сізді басты назарда ұстайды. Талап қояды. Шыдамдылық танытыңыз. Сөзге араласпаңыз, жанжал тудырмаңыз. Бір ер адам қаржы мәселесін шешуге көмек береді. Әйел адамнан жағымды сыйлық күтілуде. 

Суқұйғыштар беделді адамның арқасында пайда түсіреді. Әріптестеріңіздің алдында абыройға ие боласыз. Жаңа серіктестеріңізге өз келбетіңізді жақсы етіп көрсетуге күш саласыз. Сапарға шығу мен жақын адамдардың көшу мәселесін талқылайсыз. Бұл күндері қарыз қайтару мәселесі мен ағымсыз келісімдерді жүзеге асырасыз. Баяғыдан бері мазалап жүрген қиын сұрақты шешесіз. Осы аптада туыстарыңыздың арсында түсінбеушілік туады. Бір адам өз дегенін істетпек болады. Ал оқу нәтиже береді. Оқылған әр ақпарат миыңызда мықтылап бекітіледі. Сіздің жағымды әсер қалдыра білу қасиетіңіз бұл аптада жақсы жеміс береді. Бірақ сіз бір адамның назарын аударуға тағы тырысасыз. Өз дегеніңізге жетуге ұмтыласыз. Күтпеген сыйлық күтілуде. Сондай ақ осы аптада қызғаныш танытып, түртпектеп шаншып сөйлеп, шыдамсыздық танытасыз. Жаман нәрседен аулақ болыңыз. Өйткені соңында өз қылығыңыз үшін қатты ұялатын боласыз. 

Балықтарға бұл аптада телефон арқылы келіссөздер жүргізу маңызды болмақ. Кішкентай балаға бола туысыңызбен қатынасыңыз нашарлайды. Жанжал ұзаққа созылуы мүмкін. Бірінші кезекке тағы да ақша мәселесі шығады. Апта қаржылық міндеттемелермен маңызды болмақ. Күтпеген жерден шешімі табылып қалуы мүмкін. Бұл тауар сату-сатып алумен айналысып жүргендерге қатысты. Сізді моральдық сияпат күтіп тұр. Қай жерде болмасын жағдай өзгеріп отырады. Әдеттегі үйреншікті жерден болмасаңыз да, өзіңізді жақсы сезініп, тыныққан күйге енесіз. Өзгерістер сізден тәуелсіз. Сіз оны қатты қалап жүрдіңіз. Жеке өмірде бәлендей өзгеріс жоқ, дегенмен бір адам көңіліңізді аулайды. Қалаған заттарыңызды сатып аласыз осы аптада. Үйден тыс жерлерде сәттілік күтілуде. Жоспарыңыз да солай жүзеге асады.   

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.