{metadescription}
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Бүгін біз түйсігіңізде жасырын тұрған құндылықты анықтау мақсатында мынадай психологиялық тест  ұсынып отырмыз. Асықпай, ойланып жауап беріңіз.

Көптеген адам «Өмірдегі құндылықтарыңыз қандай?» деген сұраққа мүдірмей жауап береді. Бірақ, адамның санасында тіпті өзі де білмейтін  шынайы қажетті ішкі құндылығы болады екен.

Бүгін біз түйсігіңізде жасырын тұрған құндылықты анықтау мақсатында мынадай тестілеуді ұсынып отырмыз. Асықпай ойланып жауап беріңіз.  

Ендеше кірісейік. Көз алдыңызға елестетіңіз:

Сіз үлкен жер үйде тұрып жатырсыз. Бүгін кір жудыңыз. Кірді шайып болған соң, есіктің алдына шығып жуылған киім-кешекті жая бастадыңыз.  

1. Тап сол уақытта қатты жел тұрып, кір жайғышқа іліп жатқан киім-кешектеріңіз жерге түсіп қалды.

2. Тап сол сәтте қақпадан біреу есік қақты.

3. Тап сол сәтте үйдегі телефон шырылдап қоя берді.

4. Тап сол сәтте үйде ұйықтап жатқан кішкентай балаңыз  оянып кетіп, шыр-шыр етіп жылады.

5. Тап сол сәтте үйдегі су ағатын кран ажырап, сарылдап еденге су ақты.  

Сіздің алдыңызда шұғыл әрекет қажет ететін 5 түрлі төтенше жағдай тұр. Ол 5 жылдам іс-қимылды қажет етеді. Енді өз әрекетіңіздің тізімін жасаңыз. Кір жаю. Есік ашу. Телефон алу. Баланы уату. Кранды жабу.  

Бес жағдайдың бір мезетте болып жатқанын көз алдыңызға елестетіп, қайсысын бірінші істейтініңізді айтыңыз. Іске сәт! (Жауабы төменде жазылған) 

 Жауаптары:

Бала - ОТБАСЫ

Есік - ДОСТАРЫҢЫЗ

Кран – ҚАРЖЫ, АҚША

Телефон – ЖҰМЫС, ҚЫЗМЕТ

Киім-кешек – ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Бір қызығы, аталмыш тестілеуде еуропалықтардың басып көпшілігі қарым-қатынасты таңдаса, ал қазақстандықтар отбасын бірінші орынға қояды екен. 

Құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді.

Ал материалдық және рухани қажеттіліктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтың бәрін қанағаттанарлық санатына жатқызуға болмайды.

Біздің қажеттілігім, мүддеміз және талғамымыз әр түрлі. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Біреу үшін анау, екінші үшін мынау құнды. Қасынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын ажыратудың мағынасы жоқ сияқты.

Айта кетсек, ішкі құндылығымыз біздің қиялымыздағы құндылыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан шынайы құндылықты түсініп, соны ұстануға кеңес береміз.

Бақытты болыңыз!

 

Оқи отырыңыз:

КҮЛКІ – ӨЛМЕЙТІН ЕЛДІҢ ӨШПЕЙТІН КҮШІ

КТК АРНАСЫ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІН МҰРАТ ЕТКЕН КИНО ТҮСІРДІ

ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ: ИТ ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

ӘЗ НАУРЫЗ: ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ОЙ САЛАТЫН САЛМАҚТЫ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ҚЫЗЫЛ ДЕҢГЕЙ: «ЭКСТРЕМИСТ» АКТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

ИНСТАДАҒЫ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ 8 КЕЛІНШЕК





 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде