{metadescription}
 КТК арнасы ел қауіпсіздігін мұрат еткен кино түсірді - "Красный уровень"

КТК арнасы ел қауіпсіздігін мұрат еткен кино түсірді - "Красный уровень"

Жұрт атышулы арнайы операциялар мен тұтқындаулар жайлы жиі естігенімен, оны бүге-шігесіне дейін біле бермейді. КТК телеарнасы елімізде бұрын-соңды болмаған эксклюзивті сериалдың тұсауын кесті.

Шындығы шымыр «Красный уровень» фильмі еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен экстремистік топтар арасындағы текетірес жайлы. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен лаңкестік ұйымдар арасындағы тартыс бұл кинокартинада шынайы көрсетіледі.

Жаңа заманның ең қауіпті мәселесі -діни экстремизм. Сол арам пиғылдылардың жетегінде кетпес үшін не істеу керек? Кейде бір ғана жасаған теріс қадамың  ұғым-сеніміңнің тас-талқанын шығарып адастырады.  Адасқандар кімнің сойылын соғып жүр? Оның кері қайтар жолы бар ма? Қайта алмай жүргендер қаншама? Біз ондайларды теледидардан көреміз. Сондайлардың тағдыры арқылы радикалды сырт келбетіне қарап, өзгелерден ажырату мүмкін емес. Халық ішіне ылаң салатындар  адамдарды қалай арбайды? Алданғандарды алда не күтіп тұр? Адасқандардың соңына ергендер қоғам үшін өте қауіпті. Бір ғана қате қадам миллиондардың өмірін қатерге тігеді. Ол тіпті ұлт үшін үлкен қасіретке айналуы мүмкін. «Красный уровень» сериялының авторлары көрерменге осыны жеткізгісі келген.

Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға күллі қазақ қоғамын дүр сілкіндірді.  Ақтөбеде қару сататын дүкен мен әскери бөлімді басып алып, көшеде бей-берекет оқ атқандар он адамды жер жастандырды. Қалада сол кезде терроризмнің ең қауіпті - қызыл деңгейі жарияланған еді. Ал арнайы жасақтың теріс ағым өкілдерімен күресті бір сәтке тоқтатпайтынын бәрі біле бермейді.

Ұлтық қауіпсіздік қызметі бір жылда ғана 11 терактінің алдын алған. Ал бес жылда 40-қа жуық жарылыстың жолыкесілді.  Алайда бұндай ақпарат көбіне құпия күйінде қалады. "Красный уровень"  сериалы дәл осы айтыла бермейтін шындықтың шымылдығын түрмек.

«Арыстан» арнайы жасағы мен ҰҚҚ өкілдерінің шынайы операцияларын көрдім. Маған бір  шетінен өте қызық, бірақ үрейім де болды.  Әр күн сайын өмірін қатерге тігетін бұл саланың қызметкерлеріне құрметім артты. Өздері қарапайым, ештеңеден тайсалмайтын нағыз батырлар екен», - дейді бас рөлді сомдаған актер Берік Айтжанов.

 «Сериалдың өзегі экшн, соғыс сахналары емес, терактінің алдын алу үшін қауіпсіздік қызметінің халықпен жұмысын көрсету. Ертең қауіп төне қалса не істеу керек? Бұл Қазақстанның ғана емес, адамзаттың мәселесі», - дейді фильмнің режиссері Валерий Мызников.  

Фильмнің түсірілімі Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында өткен. Шытырман оқиғаға толы кинокартина атыс-шабыстан бөлек, мелодрамалық сарынды да қамтиды.

Айта кету керек, жағадан алып, етектен тартқан содырлардың бейнесі шынайы шығуы үшін дін саласының мамандары – теологтар да тартылып, олардың пікірі ескерілген.  Олар кейіпкерлердің сұхбатына дейін қадағалады.

Авторлар  картинаның майда-шүйдесіне дейін тыңғылықты жұмыс істеген. Әртістердің киімі, образы, тіпті диалогтар да. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов, Тәуекел Мүсілім тергеуші болу үшін ұлттық қауіпсіздік қызметінде біраз уақыт арнайы жаттығудан өтті. 

200-ге жуық біліктілер еңбек еткен кинолентаны түсіруге бірнеше ай уақыт кетті. Түсірілімге көптеген  костюмдер пайдаланылып, арнайы техника жұмылдырылды. Оның бәрі не үшін дейсіз ғой? Сапалы кино жасау үшін!

 «Жат ағымның қаруына айналмас үшін бұл сериалды әр адам көру керек», -  дейді авторлар.

 «Красный уровень» сериалын КТК арнасының сайтынан қарауға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ОЙ САЛАТЫН САЛМАҚТЫ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ҚЫЗЫЛ ДЕҢГЕЙ: «ЭКСТРЕМИСТ» АКТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ: ИТ ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

ӘЗ НАУРЫЗ: ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

 

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде