{metadescription}
Видео: 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай өзгереді

Видео: 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай өзгереді

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай өзгереді? Отбасының әр мүшесіне бөлінетін табыс қанша болуы тиіс? Атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі  қаншаға көтеріледі? Жалпы алғанда, балалар мен анасы қанша теңге әлеуметтік көмек алады?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан аспайтын азаматтарға ұсынылатын ақшалай төлем. Қазіргі уақытта (1 сәуірге дейін) атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің басты шарты - отбасының әр мүшесіне бөлінетін табыс 14 849 теңгеден аспауы тиіс.

 Мәселен, төрт бала тәрбиелеп отырған ананың отбасылық табысы 50 мың теңге болса, отбасы мүшелеріне - бес адамға бұл табыс 10 мың теңгеден тиеді. Атаулы әлеуметтік көрсетудің басты критерийі - 14 849 теңге болғандықтан, одан отбасы табысы - 10 мың теңгені алып тастаймыз.

Айырмашылық 4 849 теңге - бұл отбасының әр мүшесіне арналған көлем. Бұл соманы беске көбейтсек, 24 245 теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек көлемі шығады.  

1 сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі 20 789 теңгеге дейін көтеріледі. 

Мысалы, отбасылық табысы 50 мың теңге болатын, кәмелет жасына толмаған төрт баланы тәрбиелеп отырған анаға 10 789 теңге беріледі. Бұл сома критерий - 20 789 теңгеден 10 мың теңгені алып тастағанда шығады және бұл көлем тек анасына беріледі. Ал балаларға 20 789 теңге мөлшерінде бекітілген сома беріледі.

 Сөйтіп, төрт балаға - 83 156 теңге және анасына 10 789 теңге бөлінеді.

Жалпы алғанда, балалар мен анасы 93 945 теңге атаулы әлеуметтік көмек алады.

Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек көлемі 3,9 есе  артады.  

93 945 теңге атаулы әлеуметтік көмек пен 50 мың теңге табысты қосқанда, мысалға келтірілген отбасының жалпы табысы 143 945 теңгені құрайды.

Айта кетсек, Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 800 мың қазақстандық алатын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Инфографика: Ана. Бала. Әлеуметтік қорғау 

Биылғы өзгерістер: Ипотека, мұрагерлік, сүрілетін үйлер 

Көп балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.