{metadescription}
22 – 28 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал

22 – 28 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада не болады? Қандай қуаныш, қандай жаңалық бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 22 – 28 сәуірге арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

22 – 28 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылар рухани, психологиялық жағынан мұқтаждыққа душар болады. Көп нәрсені қайта қайта пайымдап, маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Бәлкім, кәсіби байланыстар мен жұмысындаға жоспарды өзгертеді. Толық жеңіске жету үшін өздігіңмен іске кірісу керек екенін ұғады. Қара бастың қамын ойлайтын кезең туды. Бірақ қасында пікірлес, ниеттес адамның болғаны жөн. Дегенмен көпшілігі тоқтыға масыл болады. Шығын көп, оның көбісі атаулы күндерге қатысты. Жеке адамдарға және тарихқа қызығушылық туады. Көбісінің тұрғылықты жері өзгереді. Сапарға шығып қалуы мүмкін. Қаржы мәселесі қалыпты, яғни бәлендей өзгеріс жоқ. Бұрын сенім артып жүрген жақын адамынан көңілі қалады.

Торпақтар бұл аптада айналасындағылардың назарын өзіне аударады. Табиғатынан берілген тартымдылығы үлкен рөл атқарады. Және де осы аптада өзінің сыртқы келбетіне, дене бітіміне көңіл бөледі.  Бұл өміріндегі айрықша кезеңі деп санайды. Жақын адамынан ажырасуы жаңа серпін беріп, шабыттанып, өзіне деген сенімділігі артады.  Басты нәрсені жіті бақылап, ұсақ-түйекке көңілі алаңдамайды. Жұмысқа қатысты өз міндеттерін мұқият атқаратын болады. Сонымен қатар сізді жұрт өз мүддесіне пайдалана алмайды, өйткені сіз бұрынғыдай аңқылдаған ашық, қорғансыз емессіз. Көптеген Торпақтарды уақытша жұмысқа қатысты өзгерістер күтіп тұр.  Бұл апта жарыстар мен байқауларға қатысуға өте қолайлы. Жеңіске жетуге мүмкіндіктер бар. Ақшаға мұқият болыңыз, сонда бірқатар соманы сақтап қаласыз. Сізді қуантатын ірі зат сатып алу күтілуде.  

Егіздер орындалмай жүрген армандарын ойлап уайымға түсуі мүмкін. Өмірдің қзығынан құр қалғандай күй кешеді.  Күнделікті күйбің тірліктен жалығады. Бірақ тағдыр сізге сізге маңызды бір ақпарат береді. Осы ақпаратты оқып білсеңің,  оны болашақта пайдаңызға жаратасыз. Кімнің жолы болады? Күдікті компаниялардан аулақ жүрген, оқыс оқиғаларға соғынбайтын шыдамды, төзімділердің жұлдызы жанайын деп тұр.  Жаман әддеттерден арылғыңыз келсе, іске кірісіңіз. Айналдаңыздарға көп шағым айтып, талап қоясыз, әсіресе жақын адамыңызға. Кенеттен жақын досыңыздың түрінен, бойынан көп кемшілік аңғарасыз. Сын – қарым-қатынасты бұзады. Жас егіздерді сапар күтіп тұр.

Шаяндар барлығын өзінің талантымен таң қалдырады. Кәсібінде де, қызметінде де шығармашылық шабыт басым.  Айналасындағылар оның ойы мен сөзін бағалайды. Жұмысына қатысты, бұрынғы серіктестерімен бірге істейтін қызықты идеялар пайда болады. Бірге қосылып ортақ бағытта жаңа көзқарас қалыптасады. Соның арқасында өз бекінісін нығайтып, бәсекелестерін басып озады. Бұл аптада ескі досыңыз сізбен кездескісі келеді. Сапарға шақыруы мүмкін. Бірге демалғысы келеді. Дастархан жайылады, жақсы отырыстар күтілуде. Жақын адамыңыздан сыйлық алып қуанасыз. Бұл аптада көп жаңалықтар болады. Ерекше ақпарат аласыз. Шілде айында алған біліміңізді жұмысыңызда кәдеге жаратасыз. Тұрғылықты жерді ауыстыру туралы мәселе қозғалады отбасында. Маңызды шешім қабылдайсыз, ол жылжымайтын мүлікке қатысты.

Арыстандар өздерін далада қалғандай сезінеді. Ұстанымы тұрақты болғанымен, өз күшіне деген сенімсіздік, бойын күдік жаулайды. Жоғары жақтағы іс-әрекеттер мазасын алады. Сізге әсер еткен өткендегі жағдайлар құтыңызды қашыруы мүмкін.  Жұмыста құзыреттілігіңізбен және біліктілігіңізбен көзге түсесіз. Бірақ әріптестеріңізден өзіңізді оқшау ұстайсыз. Жабық дереккөзден келген ақпарат сіз үшін маңызды болады. Осы аптада сапар, іс-сапар, демалу үшін тұрғылықты жерді ауыстыру сәтті болмақ. Ал қаржы мәселесі отбасының көмегімен, белгілі бір туыстың көңіл күйіне тіреліп тұр. Бірақ күтпеген жерден ақша аласыз. Бойдақтардыжаңа қарым-қатынас күтіп тұр.  

Бикештер естеліктерге бой алдырады. Көңіл күйі мың құбылады. Бұрынғы өкпе-реніштері тағы буырқанады. Бұл жалған оқиға, адамдар, қарым-қатынастар аптасы. Жаман көңіл күйден арылу үшін ішкі еркіндік қажет. Жұлдыздар қайғадын бас тартып, жақсылап ойлануға кеңес береді. Зияткерлік талқылаулар, творчестволық іс-шараларға қатысып, қызықты кітап оқыңыз. Осы аптада тыстан келген ақпарат  көңіліңізді жадыратып, мінезіңізге әсер етуі мүмкін. Басқа серіктестермен бірге жұмыс істейтіндердің жұлдызы жанайын деп тұр. Тек жұмыс ғана жабырқаңқы көңіл күйден құтқарады. Күтпеген жерден ғашықтық сезімі пайда болуы мүмкін. Бірақ сіз махабаттан гөрі ақшаны көбірек ойлайсыз. 

Таразылар өзіне өзгенің қызығушылығын басынан кешіреді. Небір сөздер болады, ісіңізге деген қатал сыннан бастап,  мақтау-мадақтауға дейін. Көбісі екі оттың ортасында қалады. Кәсіби салада да, жеке мәселеде де. Заңгерлік қиындықтар туындайды. Дегенмен сәттілік сіз жақта. Апта күтпеген жағдайларға толы. Не істеу керек, шығынға қалай батпау керек? Міне, осы мәселелер мазалайды. Қаржы мәселесі қиынырақ. Бірақ бақылауда ұстасаңыз бәрі дұрыс болады. Қомақты соманы өзіңізде қалдырасыз. Бірақ көбісіне бұл бөтеннің ақшасы болмақ. Жаңа танысқан адамның арқасында жоспарыңыз өзгертіліп, эмоциялық жағдайыңыз өзгеріске ұшырайды. Сіздің іс-әрекетіңізде құпиялылық көп болады. Бір адам сіздің назарыңызға түсіп, сіздің жетістіктеріңізді меңгеріп, тіпті материалдық жағынан да басып алуға ниеті болады. Өтірік айтатын адамнан сақ болыңыз.

Сарышаяндар бұл аптада істеген істерінің дұрыс-бұрыстығына көзін жеткізгісі келеді. Жақсартып, жағдайды түзетіп, өзінде бір нәрсені өзгертіп, адамдармен қарым-қатынасын да қайта қарастырады. Бірақ туындаған жағдайлар сіздің әрекеттеріңізді қайта қарауға, істеуге қажетті жұмыстарды үлгеруге итермелейді. Ең бастысы, істеген істеріңіз зая кетпесін. Бұл аптада жеке бастың тындырғаны шаруасы жемісін  береді.  Серіктестер, керісінше, кедергі болуы ықтимал. Сонымен қатар кездесулер, келіссөздер күтілуде. Атаулы шараға қатысуыңыз мүмкін. Ірі зат сатып алуда ақшаның маңыздылығы артады. Отбасы да маңызды рөл атқарады. Бойдақтардың жеке өмірінде елеулі өзгеріс болмақ.

Мергендер басқа адамдарға қызықты, тартымды болады. Демалысқа қажетті сәтті пайдасына жаратады. Қандай жағдай болмасын, жоспарларын өзгертуге тура келеді. Көбісі тұрғылықты жерін ауыстырады. Белгісіз уақытқа шегерілген жұмысты қайтадан қолына алады. Бұрынғы тәжірибе, біліктілік жаңғыртылады. Ол да кәдеге жарайды. Ескі доспен кездесу күтілуде. Шетелден немесе алыстан қонақ күтесіз. Мүлікке қатысты туыстарыңызбен жанжал туып, қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. Ол жағдайдың тізгіні сіздің қолыңызда тұр. Материалдық мәселе оң шешімін табады. Күткен жерден ақша келеді. Денсаулық пен жеке өмірдің байланысы тығыз болмақ. Бойдақтан ғашық болып, жүрегі алып ұшады. Соның арқасында денсаулығы мен сыртқы келбеті жақсарады.

Тауешкілер өз жоспарын сеніп тапсырған адамынан көңілі қалады. Алға жылжиды, дамиды деп қатты сенген біраз дүние іске аспай қалғанын түсінеді. Жеке өмір алдыңғы қатарға шығады. Көбісі жеке өмірін жаңғыртады. Достары, әріптестерімен байланысын қайта қарастырады. Ұзақ уақыт серіктесіңіз болған адаммен қатынасыңыз үзіледі. Жұмыста бірқатар өзгертулер күтілуде. Ол көбінесе өзгенің бастамасымен жүргізіледі. Қашып құтыла алмайтын өзгерістермен бетпе-бет кездесесіз. Қалыптасқан жағдайға тез бейімделе алатындарды сәттілік күтіп тұр. Өмір салтын өзгертуге мәжбүр боласыз. Бұл сынақ аптасы. Үнемдеп үйреніңіз. Ірі зат сатып алатын уақыт емес бұл. Бірақ қысқа сапарлар сәтті болмақ. Үйдегі жайлылық маңызды рөл атқаратын болады.

Суқұйғыштар достарына, әріптестеріне сынмен қарайтын болады. Кез келген ақпаратты мысқылдап, сын сүзгісінен өткізеді. Бірақ осы бірнеше сөзінен кейін беделі артып, сізге деген көзқарас жеке тұлғаға құрмет ретінде жоғарылайды. Көптеген адамдар сізбен араласқысы келіп, сеніміңізге енгісі келеді. Алайда сіздің міндетіңіз ұзақ уақыт бойы алдыңызға қойған мақсаттарға бағытталған. Сапар, бәлкім іс-сапар күтілуде. Күткен ақша қолыңызға түседі. Өзіңіздің көңіліңізден шықпаса да, кейбір қарама-қайшылық мазаңызды кетіреді. Махаббат сезіміне мұқтаждық туғанымен, ешкімге әзірге құштарлығыңыз жоқ. Сонымен қатар бөтен адамның сізге деген сезімі тітіркендіреді. Сіз үйлесімді жақсы көңіл күй ұйымдастыра алмайсыз. Өйткені ешкімге сенбейсіз. Соның салдарынан көбінесе өзіңізді бақытсыз сезінесіз.

Балықтар жұмысы мен жақсы демалу мүмкіндігінің арасында есі шығыды. Тағдыр сізге қызықты таңдау ұсынады. Бұған жеке өмірдегі қарым-қатынаста көзіңіз жетеді. Ұмыт болып бара жатқан сезімге берілесіз. Барлық жоспарды өзгерту туралы ой келеді. Өмір салтыңызды қайта қарастырасыз. Жалғыз қалғанда көп ойланасыз, тағдырыңыздағы елеулі шешімді қабылдағыңыз келеді. Жарқын келешек  қылаң береді. Оны жүрегіңізбен сезесіз. Тек батыл қадам жасасаңыз болғаны. Бірақ сізде батылдық жетіспейді. Кейді сіздің батылсыздығыңызды байқамай қалуға болады. Өз жетістігіңізді және болып қалатын шығынды қайта қарауыңыз қажет. Тек тәуекелге бел буыңыз. Көзқарасыңызда өзгерістер болуы мүмкін. Жетістіктеріңізге көңіліңіз толмайды. Ісіңізді қайта ұйымдастырып, серіктесіңізді ауыстыру идесы келеді басыңызға. Материалдық мүдеңізді сақтап қалыңыз. Күшіңіз бен денсаулығыңызды сақтаңыз. Жол, қарбалас, машақат көп.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік 

Кене. Қорғану және қауіпсіздік шаралары 

Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер

Нотр-Дам де Пари: Тағдырына 5 рет қатер төнген собор 

Күйдірді! Смартфонның қызып кету себептері 

Елеусіз қалдырма: Естен кетпейтін үрейлі түстер  

Кедейлікке жетелейтін жексұрын әдеттер 

Дұрыс тамақтану туралы 10 өтірік 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде