{metadescription}
Ресепшн: Күмәнің болса, қолдануға асықпа

Ресепшн: Күмәнің болса, қолдануға асықпа

Саяхатқа шыққанда маған мықты қызмет көрсетеді деп дәмеленбе. Өйткені кейбір қонақ үйдің ресепшні бірқатар нәрсені жасырып қалуы мүмкін. Сондықтан, күмәндансаңыз, бас тартуға тұрарлық бірқатар дүние бар. Соны ескертсек...

Есіктегі қарауға арналған тесік

Бұл қонақ үйдегі ең қауіпті нәрсе десек, ешкім сенбейтін шығар. Бұл тесікке бақылау камерасы орнатылуы әбден мүмкін. Сондықтан есіктегі тесікте күдік тудыратын өзге заттың болмауын тексеріп алғаныңыз жөн. Тапсаңыз, басқа бөлме сұрауға тура келеді.

Теледидар пульті

Зерттеушілердің айтуынша, теледидар пульті  – қонақ үйдегі ең лас заттың бірі. Статистика бойынша, тіпті ең мықты деген отельдердің қызметшілері аталмыш пультті сүртіп тазаламайды екен. Жалпы, демалысқа шыққанда теледидар қарағаннан гөрі, таза ауада демалған жөн.

Бөлмедегі сүлгілер

Үнемі назарда ұстайтын нәрсе. Үлкен үлпілдеген сүлгімен сүртінбеуге тырысыңыз. Ол шомылған соң аяқтың астына жаюға арналған. Кішкене сүлгілерге де сенім жоқ. Өз сүлгіңізді пайдаланғанға не жетсін!

Матрастар мен көрпелер

Бірнеше жұлдызды қонақ үйлер де төсек жабдықтарының мұнтаздай болып жуылғанына кепіл бере алмайды. Ал көрпе мен матрас небір аурудың ошағы болуы әбден мүмкін. Оның үстіне жаймасыз, жалаңаш жатпаңыз.  Жастықтың тысы да солай.

Чемодандарға аналған қойғыш

Қазір бұған сену қиын, дегенмен чемодан қойғышта қандала толып жүруі мүмкін. Жүгіңізді одан гөрі таза кафельге қойған дұрыс. Әрине, чемоданыңыз таза болса.

Бассейн

Қонақ үйдің бассейніне шомылуға асықпаңыз. Онда сізге дейін кім түсті, таза адам ба, денсаулығы қалай? Теңізге шомылуға келсеңіз, онда жағалауға барыңыз. Ол жерде инфекциялық ауру жұқтырам деп қорқуға себеп әлдеқайда аз.

Тегін интернет

Егер қонақ үйде барлығына қолайлы тегін Wi-Fi болса, оны қолданбағаныңыз жөн. Бұл басқа да қоғамдық қосылуға тиесілі. Өйткені оған сенуге болмайды. Бұл қарапайым желілік тәртіп өзіңіз туралы мағлұмат пен қаржыңызды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңызТанымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі?  

Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея 

Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін? 

 Қазақ жеміс-жидек жеген бе? 

Біздің көпұлтты тату отбасымыздан қонақ үзілмейді 

Киелі киім – қай киім? 

Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.