{metadescription}
Атаулы әлеуметтік көмек. Балалы отбасыны қолдау. Жұмыссыздық жәрдемақысы. Әлеуметтік төлем. Жалақы

Атаулы әлеуметтік көмек. Балалы отбасыны қолдау. Жұмыссыздық жәрдемақысы. Әлеуметтік төлем. Жалақы

Әлеуметтік төлем мөлшері қашан өсіріледі? Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қанша? Үкімет балалы отбасыларды қалай қолдайды? Әлеуметтік карта деген не? Жұмыссыздық жәрдемақысын қалай көбірек алуға болады? Кадрлық қажеттілік қалай болжанады және тағы басқа сұрақтарды қамтитын кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың есебін ұсынамыз.

  Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері қанша?

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 105 мың теңге. Әкімдіктермен бірлесе отырып, көмектің 11 түрін қамтитын қызметтердің бірыңғай пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен, балалар мен аналарға арналған қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен және тағы басқалармен қамтамасыз ету бар.

Балалы отбасыларды қолдау шаралары

Ана мен баланы қолдау мақсатында бала тууға, 1 жасқа дейінгі баланы күтуге және жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерге 243 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінеді. Зейнетақылардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы жарналары субсидияланады. Биыл осы мақсаттарға 5,8 млрд теңге көзделген.

 «Бақытты бала - бақытты ана - бақытты отбасы - бақытты ел» Жол картасының жобасын әзірленді.

1 шілдеден бастап әр отбасы үшін әлеуметтік карта енгізіледі

Елімізде 1 шілдеден бастап енгізілетін әлеуметтік картаның 97 пайызы дайын.

Мемлекет тарапынан 39 түрлі мемлекеттік көмек көрсетіліп, 3 млн-нан астам адамға, оған қосымша әлеуметтік қамсыздандыру қорынан да 800 мыңға жуық қазақстандыққа 190 млрд теңге бөлінеді. Аталмыш көмекті беруге арналған әлеуметтік картаның 97 пайызы дайын, 1 шілдеге дейін толық дайын болады. Әлеуметтік картада мұқтаж отбасыға қаншалықты көмек қажет екені көрсетіледі.

Мемлекет көрсететін барлық әлеуметтік көмектің бірыңғай стандартын әзірленіп, жергілікті атқарушы органдармен бірыңғай көмектің пакеті жасалды.

Жұмыссыздық жәрдемақысын қалай көбірек алуға болады?

Жұмыссыздық бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімі 4 айдан 6 айға ұзартылмақ.

Жәрдемақы жұмыссыздыққа дейін алған жалақыға байланысты болады. Күнделікті қанша бос жұмыс орны бар, қанша жұмыссыз бар деген мәлімет жиналады. Сол мәліметтерге сәйкес, қазір жұмыс орындарының саны  жұмыссыздардың санынан көп. 2030 жылға дейінгі жұмыс картасын жасадық. Халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету үшін жылына ең кем дегенде 380 мың жұмыс орны ашылады. Жұмыс жақсы жүрсе жалақы көтеріледі. Әрбір жұмыс  беруші жақсы маман алғысы келеді.

Жұмыссыз жүргендерге төленетін жәрдемақы көлемін өзгерту қарастырылуда. Қазір ол 4 айға дейін ғана төленеді. Енді оны 6 айға дейін төлеу ойда бар. Негізінен жұмыссыз қалған азаматтар тезірек Жұмыспен қамту орталықтарына  баруы керек.

 Әлеуметтік көмектің 39 түріне мемлекет тарапынан кепілдік берілген

2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат көлемі 674 млрд теңгеге өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28 пайызын құрайды. Әлеуметтік төлемдерге 2,9 трлн теңге көзделді.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар қабылданды.  Негізгі міндеттер қатарында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру белгіленген.

Электрондық және белсенді форматқа ауыстырылатын мемқызметтер

22 мемлекеттік қызмет электрондық және белсенді форматқа ауыстырылады. Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 12-сі электрондық форматта, 3-еуі белсенді, 7-еуі қызмет композитті немесе кешенді түрде көрсетіледі.

Мәселен, бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер өтінішсіз немесе белсенді көрсетіледі. Барлық зейнетақы төлемдері бір өтініш бойынша кешенді немесе композитті тағайындалады.

2019 жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін көруге мүмкіндік беретін отбасылардың әлеуметтік карталары қалыптастырылады.

Әлеуметтік төлем мөлшері қашан өсіріледі

Елімізде орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты. Базалық зейнетақы тағайындау тәртібі былтыр өзгертілген. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80 пайызға артты.

Биылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ынтымақты және базалық) 85 785 теңгені құрайды. Былтыр зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Егер бұрын төлем тағайындау үшін 4 өтінішті тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-ға тек бір өтініш беріледі.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы ондағы азық-түлік емес бөліктердің үлесін 40 пайыздан 45 пайызға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралды.

2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30 пайызға артады деп күтілуде.

Биыл қанша қазақстандықтың жалақысы өседі?

2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге - 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін арттырылды. Бұл шарамен 1,3 млн адам қамтылды: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметші. Қазір 203 мыңнан астам жұмыс беруші 1,1 млн адамның еңбекақысын арттыру міндетін өз мойнына алды.

Маусым айынан бастап бюджеттік саланың жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін артты. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда жоғары жалақы алады. Енді бір қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрайды (2019 жылдғы 1 маусымға дейін 99,6 мың теңгені құрады).

Оралмандарға баспана беріле ме?

Қазақстанда оралмандарды бейімдеу орталықтары құрылады. Ең алдымен отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік беріледі. Қоныс аудару барысында қала не болмаса ауылға яғни, жергілікті жерлерге байланысты отбасының әрбір мүшесіне шамамен 8 мың теңге төленеді. Егер пәтер не болмаса тұрғын үй бірден берілмесе, онда 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді.

Оралмандардың еңбек өтілі зейнеткерлікке шыққанда есептеле ме?

 Моңғолия мен Қытайдан тарихи отанына оралған қазақтардың еңбек өтілдері Қазақстанда зейнеткерлікке шыққанда есепке алынады.

Бұрын Моңғолия, Қытай мемлекеттерімен Қазақстанның арасында әлеуметтік төлемдер, еңбек өтілдері жөнінде келісімшарт болмаған. Соның салдарынан ол кісілердің, мәселен Моңғолияда жұмыс істеген өтілдері есептелінбейтін. Қазір ондай келісімшарт бар. Сондықтан Моңғолиядан да, Қытайдан да келген қандастарымыздың сол жақтағы еңбек өтілдері есептелінеді. Біздің қазақстандық зейнеткерлер  сияқты ол кісілер де зейнетақы алады.

Кадрлық қажеттілік қалай болжанады

Кадрларға қажеттілікті болжаудың үш деңгейлі ұлттық жүйесі енгізіледі:

  • қысқа мерзімді кезең (1 жыл),
  • орта мерзімді кезең (5 жыл),
  • ұзақ мерзімді кезең (2050 жыл).

Ол бүгін және 5-10 жылдан кейін қандай және қанша маман қажет екенін түсінуге, сондай-ақ еңбек ресурстары ағынының бағыттары мен шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелері орта және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде, қысқа мерзімді және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде қолданылады.

Қазір 106 кәсіби стандарт әзірленді. Онда жұмыс берушілердің қызметкерлердің біліміне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптары көрсетілген.

Биыл 12 басым сала бойынша 480 кәсіби стандарт пен 38 салалық біліктілік аясын әзірлеу және қабылдау жоспарлануда. Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары жаңартылады. Салалық жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар әзірлеуге тарту үшін 2019 жылы жобалық топ құрылды. Оған салалық министрліктердің басшылары кіреді. Біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып,

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірленуде. Ол екінші жартыжылдықта қабылданады.

Оқи отырыңыз: Айыппұлдар мен берешектерді тексеруді ұмытпаңыз

Кепілде тұрған пәтерді сатып алуға бола ма? 

Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат 

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.