{metadescription}
Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер

Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер

Жеміс-жидектің пайдасы мол деген кең тараған түсінік бар. Бірақ жазда жеміс-жидекті аямай жегеннің зияны да бар екен.Оның кейбіреуі семіртіп қана қоймай, ішіңді бұрап, асқазаныңды ауыртып жайсыздық тудырады. Жаз айында жеміс-жидектен зардап шеккіңіз келмесе, ең жоғары калориялы 5 жемісті білгеніңіз жөн.

Жеміс-жидектердің құрамында адам денсаулығына қажетті элементтер көп – дәрумен, минерал, антиоксидант, талшықтар және т.б. Дәрігерлер мен диетологтар жаңа піскен жеміс-жидек  созылмалы аурулардан, қан тамырлары мен жүрек ауруларынан ерте өлу қаупін азайтады деген пікірі баяғыда санамызға сіңіп кеткен. Алайда жеміс-жидекті шектеусіз жей беруге боолмайды. Өйткені оның кейбір түрінде  калория мен сахароза мөлшерден тыс болатыны соншалық, салыстырып айтсақ, тәтті десертті тойып жегенмен бірдей. Сонымен, байқап жейтін жеміс-жидек: 

Інжір

Егер жазда субтропикалық, тропикалық елдерге саяхатқа шықсаңыз жергілікті сатушылар сізге інжірді жапа-тармағай ұсынады. Бұл кішкентай ғана жеміс аласа ағаштарда өседі. Оны өсіп тұрған жерінен үзіп бір қапшық жинап алу қиын емес. Бірақ абай болыңыз, 5 кішігірім  інжірдің құнарлығы 150-ден кем емес, яғни 35 грамм қантпен тең. Ал күніне 10 інжір жесеңіз, ол ағзаңызға үлкен соққы бергенмен бірдей.

Енді жақсы тұсын айтсақ: інжірдің құрамында К дәрумені мен марганец көп.

Дегенмен артық салмақ қосқыңыз келмесе, інжірді аз мөлшерде жеңіз.

Жүзім

Жүзімді қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды дегенде көпшілік жүзім аса қауіпті деп ойлайды. Жүзімнің 100 граммында 65 калория бар. Ал бір шоқ жүзімнің салмағы 300-400 грамм – табаға майға қуырылған үш жұмыртқаның құнарлығымен бірдей. Сонымен қатар жүзім газ жинаудан алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан салмақ қосып, ішіңіз шеңбірек атып ыңғайсыз жағдайға қалғыңыз келмесе, жүзімді көп мөлшерде жемеңіз.

Шие

Білесіз бе? 100 грамм шиеде 52 калория бар! Ол дегеніміз, бір үлкен кесе тауықтың сорпасын ішкенмен тең. Ал енді бүкпесіз айтсақ, тек 100 грамм шиемен тоқтай аламыз ба? 100 грамм шие – бір-ақ уыс шие! Иә, әдетте бір уыс емес, бір келісін тоқтаусыз жейміз. Ендеше өзіңіз санап көріңіз...

Ұтымдысы, осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Пенсильвания университетінің ғалымдары шиенің емдеу қасиетін анықтады. Кәсіпқой спортшылардың ас мәзіріне шие қосып зерттеу жасапты. Жаттығумен күні бойы айналысқан спортшылардың әдетте бұлшық еттері мен буын-буындары ауырады. Ал шие жеген соң олар өзін өте жақсы сезінген.  

Таңқурай

Аузыңа салсаң еріп кететін үлбіреген нәзік, не тәтті, не қышқыл емес –  таңқурайдан бас тарту қиынның қиыны. Таңқурай тез қортылады, оның бір келісін бірер минутта жеп тауысамыз. Ал қанша калория қосамыз?  210 – бір пломбир балмұздақпен тең! Ол аздай, кейбіреулер таңқурайдың үстіне қант сеуіп жейді. Олай істемеңіз! Ішіңізге түскен бірер минуттан соң таңқурайдың құнарлығы тортқа теңеледі. Сондай-ақ быжығанның көкесін көрсетіп, асқазан-ішек жолында бұрқырап божиды. Ішіңді бұрап ауыртып, шеңбірек атқызып ішті желге толтырады.  

Қызығы: жаңа піскен таңқурайда ацетилсалицил қышқылы бар, ол қолда дәрі болмаған кезде дене қызуын түсіруге көмектеседі.

Ананас

Ең кішкентайының өзі бір жарым келі. Қабығын тазалап, біреуін екі адам жейді дейік.  Шамамен 250 калория – бір үлкен балмұздақпен немесе қуңырылған тауықтың екі санымен тең. Сондықтан ананастың бірнеше түйірін жеген жеткілікті. Ал тойымдылығына келсек, ананастың талшықтары көп болғандықтан оның небәрі 501 граммы ұзақ уақыт қарныңды ашырмайды.

Оқи отырыңыз: Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері  

Медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмек жайын ойластырыңыз  

Айыппұлдар мен берешектерді тексеруді ұмытпаңыз 

Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат 

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.