{metadescription}
Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері
Шетелге қанша ақшамен шығуға болады? Қандай сомаға декларация қажет? Декларацияға қатысты тағы нені білу керек? Декларациясыз зат өткізсеңіз қандай жазаға тартыласыз? Тыйым салынған заттарды қалай білеміз? Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі ұсынған мәліметпен танысыңыз.
Егер шетелге шығуды жоспарлап жүрсеңіз, кедендік бақылаудан өту ережелерін ұмытпаңыз.
Қазақстаннан 10 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде қолма-қол ақша алып шыға аласыз. Одан көп ақшаға декларация қажет.
Сіз баратын елге қандай декларация керек екенін, қандай жағдайда керек емес екенін нақтылап алу керек.
Шекара арқылы ақшаны немесе тауарларды декларациясыз заңсыз өткізу әкімшілік және қылмыстық жолмен жазаланады.
Сүйікті өнімдеріңізді немесе темекі маркаларын ала кеткіңіз келсе, оларға тыйым салынбағанын анықтау керек. Мысалы, мұсылман елдеріне алкоголь алып кіруге болмайды.
УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРДЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ:
Мәдени құндылықтарды, жабайы флора мен фвуна объектілерін, қару-жарақ және оқ-дәрілерді әкелуге және әкетуге болмайды.
АВИАКӨЛІКТІҢ ҚОЛ ЖҮГІНДЕ:
Шанышқы немесе кесетін заттарды, түрі қаруға ұқсайтын балалар ойыншықтарын немесе басқа да заттарды алып жүруге болмайды.
Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмек жайын ойластырыңыз
Айыппұлдар мен берешектерді тексеруді ұмытпаңыз
Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат
Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру