{metadescription}
Дәмді қарбыз таңдап үйреніңіз

Дәмді қарбыз таңдап үйреніңіз

Жаз қызып тұр. Көше бойлап сатылып жатқан көптен күткен қарбыздар көздің жауын алады. Оны дұрыс таңдау оңай шаруа емес, өйткені өзіңіз таңдап сатып алған қарбыздың тәттілігін тек үйде кесіп көргенде ғана көз жеткізесіз. Дәмсіз немесе тіпті сапасыз жемісті сатып алу қаупі жоқ емес. Ендеше әбден піскен тәп-тәтті қарбызды таңдаудың 7 ережесін біліп алыңыз.

Қызық дерек: ботаника тұрғысынан қарбыз әлемдегі ең ірі асқабақ тұқымдас бақша дақылы дегенімен, бұл олай емес екен. Өйткені жемістің ішінде қауын мен асқабақтағыдай қуыс жоқ. Ал дақылға келмейтін тұсы – оның қабығы жеуге жарамсыз, сол себепті де жидектердің қатарына енгізілген.   

Қарбыз таңдаудың да өз әдістері бар.   

Көлемі маңызды

Кез келген жемісті таңдағанда, көзге түсетін бірінші нәрсе – көлемі. Бұл мәселеде орташасына тоқтаған жөн. Өте үлкен қарбызды елемеген дұрыс, бірақ кішкентайлары да жақсы деу қиын. Ірілерінің құрамында нитраттар тым көп, яғни денсаулыққа қауіпті болса, кішілері дұрыс жетілмеген, яғни тәтті әрі дәмді емес.

Бірақ саяжайларда ұсақ тұқымды қарбыз өсіретіндер бар. Табиғи жағдайда піскен қарбыз үшін оңтайлы салмақ 5-8 келі, ал үйде өсіретіндердікі 2-3 келіні құрайды. Негізі, мінсіз қарбыздың салмағы 5-8 келі болуы тиіс. 

Қабығы жалтырағаны, түр-түсі

Қарбыз таңдағанда оның сыртқы түріне назар аударыңыз. Мұқият тексеретін бірінші нәрсе – оның тұтастығы. Майысқан жері, терең сызаттар –  зақымы болмасын. Содан кейін оның сыртқы түр-түсін қараңыз. Әбден піскен, нитратсыз қарбыздың жолақтары анық, жарқырап тұрады. Жолақтар неғұрлым қою қара болса, қоректік заттары көп, соғұрлым тәттірек. Сосын саусақпен басыпкөріңіз, егер қабығы жұмсақ болса, ол әлі жетілмеген, яғни әлі ылғал сіңіруін жалғастыруда деген сөз.

Піскен қарбыздың қабығын бармағыңмен баспақ түгілі, тіпті тырнап алу қиын.  Және де қабығы жылтырап тұрсын. Бұлыңғыр түсті қарбыз құрамында нитрат мөлшерінің көп екенін білдіреді.  

Дақтардың болуы

Қарбыздың бір жанындағы сары дақты байқамау қиын. Ол табиғи нәрсе, яғни пісіп жатқан кезеңде жерге жатқан жері. Тап осы сары дақ қарбыздың қаншалықты піскені туралы жақсы мәлімет береді. Егер дақ ақшыл немесе қоңырқай емес, сарғыш немесе алтын түсті болса, демек қарбыз жақсы піскен. Дақтың көлеміне де назар аударыңыз.

Егер ол ұсақ сорт болса, онда ені 5 см-ге жетуі керек, егер ірі болса, 10 см-ден аспауы керек. Егер үлкен ақшыл «төсенішті» байқасаңыз, сатып алудан бас тартыңыз. Өйткені пісетін кезеңде қарбызға жарық жеткілікті болмаған, демек ол, кем дегенде дәмсіз және езілген болып шығады.

Аралар қалдырған іздер

Бір қызығы, аралар тозаңдатқан кезде олар жеміске айтарлықтай із қалдырады. Толық тозаңдандыру үшін әр ара аналық гүлге ұшып 8-10 рет оралады. Осындай еңбектен кейін кішкентай қарбызда жіңішке «өрмекші торы» қалып, уақыт өте келе ақырындап үлкейіп қоңыр түске айналады. Мұндай ерекше сурет қаншалықты әдемі, тарам-тарам өрнек болса, демек қарбыз да тәп-тәтті, шырынды болмақ.  

Қарбыздың жынысын анықтай білу

Күні-бүгінге дейін білмеген боларсыз, ендеше сүйінші! Қарбыздардың  расында да ұлдары мен қыздары болады. Сарапшылардың пікірінше, «қыздардың жемістерінде» қант көп, ал дәні аз, «ұлдардың» көлемі  ірілеу, мәйегі сулы. Оларды сыртқы жағынан да ажыратуға болады. Мысалы, «қыздар» дөңгелек, жалпағырақ, сары дағы үлкенірек келсе, ал «ұлдар» – сопақтау, дағы кішірек.

Құйрығы мен «түймесіне» қараймыз

Қарбыздың құйрығы да көп нәрсе айта алады. Егер ол жасыл немесе құйрығы мүлдем болмаса – жетілмеген. Егер құйрығы өте құрғақ болса, онда бұл тек бір нәрсені білдіреді – қарбызды бақшадан баяғыда жұлып әкелген.

Ал орташа құрғақ құйрықты көрсеңіз, асықпай оның астындағы «түймесіне» назар аударыңыз. Түйменің шеті кепкен болса, қарбыз жақсы піскен және тәтті.  

Шертіп, қысып, тыңдап көру

Әрине, қарбызды шертіп, қысу тек қолының күші бар еркектердің қолынан келетін іс. Дегенмен қарбыздың піскен-піспегенін дыбысынан ажыратуға болады. Мұны істеу үшін оны сол қолға ұстап тұрып, оң қолмен «шапалақтайсың». Сонда тербелген дыбыспен қоса, сол қолыңыздағы дірілді естисіз. Жаңғырған қатты дыбыс оның ішіндегі қатпар-қатпар мәйегінің уылжып піскенін естіртеді.

Сондай-ақ, қарбызды екі жағынан қысқанда ол жарылып кетердей дыбыс шығарса, демек ол – тәтті, дәмді және езілмегеннің белгісі.

Оқи отырыңыз: Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер 

Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер 

Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде