{metadescription}
Пәтеріңізді жылдам сатқыңыз келсе...

Пәтеріңізді жылдам сатқыңыз келсе...

Пәтер сату ешқашан оңай болған емес, әсіресе теңгеміз мың құбылып тұрғанда. Үйіңізді сатуға бел будыңыз делік. Неден бастау керек? Бағасын қалай анықтаймыз? Хабарландыруды қалай дайындаймыз? Пәтер жақсы сатылу үшін не істеу қажет? Қандай құжаттарды дайындаймыз? Жылжымайтын мүлік сатумен айналысып жүрген білікті мамандардың берген кеңесіне құлақ түрейік.

Статистика комитетінің айтуынша, 2019 жылдың шілде айында еліміздің тұрғын үй нарығында 32 мыңнан астам мәміле жасалыпты. Риэлторлардың пікірінше, сатылуды іске асырудың орташа мерзімі шамамен үш айды құрайды. Ал девальвацияға дейін үй сатып алушыны іздеп табуға бір айдан артық уақыт кетпейтін дейді. Сонымен, үй сатуда бірінші не істейміз?  

Бағасын белгілейміз

Кез келген меншік иесі өз мүлкін барынша жоғары бағаға сатуға мүдделі. Бірақ пәтерді тез сату үшін баға ақылға қонымды болғаны маңызды. Нысанның нақты бағасын анықтау үшін бағалаушымен, риэлтормен ақылдасып немесе өзіңіз жасап көріңіз.

Бірінші жағдайда еске сақтайтын жәйт: жылжымайтын мүлік саласындағы кәсіби мамандар мәмілелер жасалынатын нақты бағаны әрқашан біліп отырады. Олар нарықтық үрдістерді үнемі қадағалап отырады және оларда өзінің тұрғын үй базасы бар. Тек алаяқтар мен бұл салада жеткілікті білімі жоқ жалған маманның қолына түсіп қалмасаңыз болғаны.

Екіншіден, мысалы, «Крыша» индексінен Қазақстанның 17 қаласындағы құрылыс пен үйдің салынған жылына байланысты шаршы метрдің орташа құнын білуге болады. Және тұрғын үйді тегін бағалауға, яғни нысанның ұсынылатын бағасын сол аймақтағы ұқсас үймен салыстыруға болады. Өз бетіңізше жылжымайтын мүлікті бағалағанда тұрғын үйдің жағдайын, класын, ауданның сұранысын, жайлылығын және басқа нәрселерді ескеріңіз.

Хабарландыру береміз

Мына режені сақтаңыз: ақпарат неғұрлым көпболса, соғұрлым жақсы сатылады. Жұлдызшамен белгіленген міндетті пункттерден бөлек (бөлме саны, бағасы, салынған жылы және т.б.), қалғанын толтыруға ерінбеңіз. Қосымша ақпаратты енгізуге болатын терезешені де назардан тыс қалдырмаңыз. Сондай-ақ, үйдің орналасқан жерін картаға белгілеп қойыңыз, өйткені көбісі пәтер іздегенде картаны жиі қолданады.

Фотоларын жүктеуді ұмытпаңыз. Хабарландыруда фотолар болса, оны көру саны 3-5 есеге артады және сатып алушының алдында нақты нысан тұрғанына кепілдік береді. Тиісінше, мұндай хабарландыруға көбірек сенім артылады.  

Есіңізде болсын: хабарландыруды неғұрлым көп адам көрсе, соғұрлым жақсы болады.Тек оны қалай жетілдіріп отырыңыз. Қалай?

  • Хабарландыруды «TOP» айдарына жіберіңіз. Ол жердегі іздеуде 24 сағат ішінде ақысыз жоғарыға көтеріледі.
  • «Жедел» (горячие) айдарына жіберіп, көрілімді 4 есеге көбейтіңіз.
  • Хабарландыруды көрнекі ету үшін бояп (покрасить) қойыңыз.
  • «Шұғыл, сауда» (срочно, торг) белгісін қосып, сұранысты арттырыңыз.
  • Жарияланған хабарландырудың жарамдылық мерзімін болмашы ақыға (45 теңге)төлеп, жеті күнге ұзартыңыз.

Жеңілдіктері бар маусымдық акциялар мен арнайы пакеттер, сондай-ақ «x5 көрілім», «x10 көрілім» сияқты тұрақты жарнамалық пакеттер бар екенін ұмытпаңыз.

Ақылы қызметті пайдалансаңыз, нысанның фотосы бар болса және картада белгіленсе, ол аптасына 20-дан 100 ретке дейін қаралатын болады.

Пәтерді ұсыну

Сатып алушылар келмес бұрын үйді тазалап жуып-шайып, артық қоқсықтардың көзін құртыңыз. Өйткені артық заттар үйді тар етіп көрсетеді. Сондай-ақ, ұсқынсыз кейпіңіз бен байқаусызда айтып қалған сөзіңіз клиенттерді үркітуі мүмкін. Психологтар пәтер ұсынғанда мұқият дайындалып, сатып алушылардың түрлі сұрақтарына алдын ала ойланып жауап қарастырып қоюға кеңес береді.

Құжат дайындау

Сатуға қажетті құжаттардың тізімін алдын ала мұқият зерттеп алыңыз. Үй сатушы адам кейде қажетті құжаттардың жоқ екенін тек нотариуста біліп сасқалақтайды. Мұндай жағдайда мәміле жасау кейінге шегеріледі.  

Заңгер Бақыт Қасымбекованың айтуынша, пәтерді сату кезінде мына  құжаттардың түпнұсқалары болуы керек:

  • Құқық белгілейтін құжат (сату-сатып алу шарты, сыйға тарту, айырбастау, жекешелендіру, мұрагерлік туралы куәлік және т.б.);
  • ауыртпалық туралы анықтама (тыйым салу, кепілдеме, айыппұл және т.б.). Егер мүлік кепілге қойылса, онда шарт жасасу және қол қою үшін кепіл ұстаушының жазбаша келісімі талап етіледі;
  • барлық үй иелерінің жеке куәліктері;
  •  иесінің некеде тұрмайтыны туралы нотариалды куәландыру. Егер олай болмаса, жұбайының (лардың) нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Ажырасқан кезде, мүліктік талаптардың болмауы туралы мәліметтермен мүлікті бөлу туралы сот шешімі;
  •  егер жасы үлкен болса немесе оның психикасына күмәндануға негіз бар болса, сатушының психикалық денсаулығы туралы медициналық мекеме анықтамасы;
  • егер пәтердегі немесе пәтердегі үлес иесі толығымен кәмелетке толмаған, мүгедек немесе қабілетсіз болса, қамқоршысы және қамқоршы органдарының рұқсаты;
  • Сәйкестендіру құжаты(техпаспорт) және құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан үзінді.

Тағы бірқатар маңызды кеңестер:

1. Сатып алушымен саудаласуды ұмытпаңыз. Кез келген баға жеңілдігі майдай жағады. Негізі, нақты сату бағасы бастапқы бағадан өзгеше болатынын ұмытпаңыз.

2. Құқық белгілеуші, техникалық және жеке құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтер ауыртпалықтардың болмауы немесе бар екендігі туралы анықтамадағы мәліметтерге сәйкес келетіндігін тексеріңіз (ҚР Әділет министрлігінің департаментінен аласыз). Келіспеушіліктер туындаған жағдайда түзету енгізу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді. Бұл 5 жұмыс күнін алып, нәтижесінде мәміленің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

3. Пәтер туралы тек дұрыс ақпаратты көрсетіңіз және хабарландырудың мәтінін қызықты етіп жазыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, қосымша мәліметтер мен орынды әзілі бар сипаттама қарапайым хабарландырудан гөрі жақсы қабылданады.

4. Ресми құжаттарда төмен бағаны көрсетпеңіз. Егер мәміле кенеттен бұзылса, клиент сатып алу-сату шартында көрсетілген соманы ғана қайтарады.

5. Егер сатып алушы сіздің үйіңізді бөліп төлейтін болса, онда келісімде қарызды өтеудің нақты мерзімі, күні, сомасы көрсетілуі керек.

Krisha.kz сайтынан аударып алынды.

Оқи отырыңыз: Жылжымайтын мүлік: Күзде пәтер бағасы қандай болады  

Пәтер жалдау: Ерекше ескеретін нәрселер 

Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе? 

Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде