{metadescription}
Жалға алған үйге кірмес бұрын не істеу керек

Жалға алған үйге кірмес бұрын не істеу керек

Күзде үйді жалға алу нарығының қызатыны соншалық, тіпті кейді ол ұрыс-керістен басталып, соттасуға дейін барады. Сондықтан үй иесі мен жалға алушы болашақта бір-біріне шағымданбауы үшін бірқатар нәрсені білген жөн. Осы ескертпені жадыңызға сақтап алыңыз.

Жалға алушыға кеңес

  1. Үй иесінің заңды иесі екеніне көз жеткізіңіз. Жеке куәлігі немесе басқа құжаттарын тексеріңіз (төлқұжаты, жүргізуші куәлігі).

Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын –  сату/сатып алу шарты, сыйлау, мұрагерлік туралы куәлік немесе нысанды иелік ету құқығына сенімхатты сұраңыз. Үй иесі туралы ақпаратты жеке куәлігімен салыстырыңыз.

2. Пәтерде көзге ұрып тұрған және жасырын  ақауларды тексеріңіз. Оны фотоға немесе видеоға түсіріңіз. Мүліктің тізімін (қайсысы қай мөлшерде, қандай жағдайда екенін) түгендеу құжатына көрсетіңіз.

Тұрмыстық техниканы, жиһазды, сантехниканы үй иесімен бірге жүріп тексеріңіз. «Көбіне меншік иелері жалға берушілердің тез ауысуына байланысты өз мүлкінің жай-күйін білмейді », - дейді жылжымайтын мүлік агенттіктерінің бірінің басшысы Сайлаубек Есқалиев.

3. Жалға ал шартын жасап, нотариуста бекіту. Егер келісімшарт бір жылдан астам мерзімге жасалса, Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеңіз.

Құжатта мыналар көрсетілуі тиіс:

- шарттың жасалған күні, орны және мүліктің нақты мекен-жайы;

- жалға алушы мен берушінің толық аты-жөні, туған жылы, жеке куәлік мәліметі, тұрақты тұратын жері;

- құқық белгілейтін құжат деректері (нөмірі, меншік құқығын тіркеу күні);

- тараптардың құқықтары мен міндеттері;

- келісімшарт мерзімі;

- жалдау ақысы және төлем тәртібі;

- кешіктіріп төлеу шарттары;

- шартты бұзу және жалдаушыны шығарып тастау тәртібі. Азаматтық кодекске сәйкес (545-бап), сізге үш айдан бұрын көшу туралы ескерту керек. Іс жүзінде бұл әдетте бір ай;

- пәтерге / үйге немесе мүлікке келтірілген залалды өтеу тәртібі;

- қол қою.

4. Тұрғын үйге ақша аудару фактісін видеоға жазып алыңыз.

Жеке меншік иесіне кеңес

  1. Жалға алушының жеке құжатын тексеріңіз.
  2. Депозит төлемін алыңыз – ол бір жалдау мөлшеріндегі сақтандыру жарнасы. Бұл сома жалға алушының тұруының соңғы айын жабады немесе тосын жағдай туып қалғанда ескеріледі.
  3.  Тұрғындардың саны мен мүліктің жай-күйін тексеріңіз. Ол үшін алғашқы екі-үш айда пәтер жалдау ақысын үйдің ішіне кіріп алыңыз. Кейін барар уақыт жалға алушымен алдын ала келісілуі керек. Көршілермен байланыста болыңыз, олар алаяқ немесе бұзақылық сияқты нашар дүниені дер кезінде хабарлап тұрады.
  4. Коммуналдық төлемдерді бақылау. Бұл мүмкіндікті жалға алушыларға бермеңіз.

 Жалға үйін берген адам  басын әрдайым қауіп-қатерге тігеді. Кейде  жалға алған бір адам болса, тұрып жатқан мүлдем басқа немесе іс жүзінде одан да көп тұрып жатады. Мұның бәрі мүлікке және иесінің беделіне нұқсан келтіреді. Меншік иесі мен жалға алушының ой-түсініктері, кейбір көзқарасы ұқсас болуы керек деп санаймын. Сонда олар 5-10 жыл бірге жұмыс істей алады. Меншік иесі өзінің жалға алушысына 10-20 мың теңге көлемінде жеңілдік жасауға дайын, ол тек тұрақты өмір сүріп, мүлікті сақтап, көршілерін мазаламайтындай етіп жасайды, - дейді сарапшы.

Алматының қай аудандарында арзан жалға берілетін баспана туралы мына жерден оқыңыз. 

 Krisha.kz сайтынан аударып алынды.
 

Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау: Ерекше ескеретін нәрселер 

Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе? 

Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері 

Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз? 

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.