{metadescription}
Түтініңді өшірме: Отқа май салу. Бие қысырамас

Түтініңді өшірме: Отқа май салу. Бие қысырамас

Сиреп кеткен қазақ салтын білгіңіз келе ме? Қазақта келін түсірер алдында оның енесі қандай іс-әрекет жасаған? «Түтінің өшпесін» деп жиі айтады. Оның түпкі мәнісін білесіз бе? Келіннің бетін ашқан соң, қандай ырым істеледі? Жалпы, келін түсіргенде нені білу қажет? Баяғыда іске асырылып келген салт-жоралғының қандай тәрбиелік, қасиетті мәні бар?   

ОТҚА МАЙ САЛУ

Келін табалдырықты аттардың алдында, енесі маздап тұрған отқа май салғызады. Бұл – қазақта сонау шаман дінінен – отқа табынудан бері келе жатқан салт. Аталмыш салтты қазір өте сирек істейтін болды. Бұл кейбір көнекөз қариялары бар үйде ғана істеледі. Мұнысы бір жағынан – отқа табынудың белгісі болса, екінші жағынан – түтіні өшпесін дегенді білдіреді.

Түтін өшті деу – қазақта бір шаңырақ бітті, күйреді деген сөз. «Пәленшеден ұрпақ қалмады, арты тозды» деп осындайда айтады.

БИЕ ҚЫСЫРАМАС

Отқа май салынып, келіннің беті ашылғаннан кейін, сол жақтағы келінді енесі шақырып, оң жағына отырғызады. Сонан соң ортаға ақ кездеме тастайды. Ақ кездемені қонаққа жиналған қатын-қалаш, әйелдер жыртып, бөліп алады. Жыртысты үйлеріне парып, сабаларының аузына байлайды. Оның қандай мәні бар?

Бұл жайлы танымал қаламгер, жазушы  Ахмет Жүнісов атамыз былай деген:  

Бірінші, келінді өзінің қызындай көретінін біллдіріп, оны екі қызы отырған арнайы орынға лайық еткені.

Екінші, ортаға ақ мата тастап, оны бөліп бергені – қазақта ең қастерлі түлік – жылқы. Астың аяулысы – қымыз. Осы екеуі отауымыздан, тіпті түтін атаулыдан үзілмесін дегені.

«Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» дегенді  әріден бері айтып келе жатқан қазақ, келін келгеннен кейін келешектің тағдырын көбінесе келінге байланысты көреді. «Жаман еркекті жақсы әйел адам етеді» деген, міне, осыдан шыққан.

Қазақта тойды көбінесе ел жайлауға шыққанда жасайды. Бұл кезде мал қоңды, қол бос. Қымыз сабасы әр үйде болмағанымен, іркіттік үй басында бар. Мұндайда екі сабасы бар үйдің белдеуіне де ат байлауға болады.

Өйткені, бірінде қымыз болса, екіншісінде – құрт, май. Бие мен басқа мал қысыр болмаса, бәрі де болады. Ырымның артында бие ғана болғанымен, осының бәрі бар. Ырым сондықтан да тоқшылық пен тойдан қол үзбейік дегенді меғзейді. «Табысы құралмаған жігіттен, құрсағы құр жатпайтын бие артық» дегенді де қазақ осыған бола айтқан.

Қазақ үшін бие қысыр қалмаса, өзінің ұлттық шарабы әрі дәрісі, әрі асы да қымыз.

Жауына атойлап аттандап, «Абылайлап» «Ақұдайлап» шабатын саңлағы да, қазы мен қартасы, жалы мен жаясы да болады ғой.

Осыны баяғыда білген қайран ене «бие қысырамасты» біліп ырымдаған.

Оқи отырыңыз: Келін түсіру. Беташар 

Неке суы. Неке түні 

Қызбен танысу. Қыз ұзату мен оның кәделері - I бөлім

Қыз ұзату мен оның кәделері – II бөлім 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.