{metadescription}
Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

Бойыңызда пайдалы әдетті қалыптастыру үшін, оны 21 күн бойы үзбей жасаңыз. Кейін автоматты түрде жасайтын боласыз. Ұялы телефоныңызға ескерту қойыңыз. 

 

 

1. Аптасына бір рет серіктесіңізбен романтикалық кездесуге барыңыз. Күнделікті тұрмыстан жырақта кездесіңіз. 

2. Оянған соң бірден төсектен тұрып кетпей, жұбайыңызға жылы сөйлеп, көңіл бөліңіз.

3. Аптасына бір рет ата-анаңызға қоңырау шалыңыз. Егер ұмытып кете берсеңіз, ұялы телефоныңызға ескерту қойып қойыңыз.

4. Достарыңызбен демалыс күндерін бірге өткізіңіз.

5. Аптаның бір кешін жақындарыңызға арнаңыз. Киноға, театрға немесе тамақтануға барыңыз.

6. Әр аптада бір немесе бес адаммен танысыңыз.

 

7. Медитацияны таңғы әдетіңізге айналдырыңыз. Қиялдаңыз, армандаңыз, сеніңіз.

8. Төсегіңізді міндетті түрде жинаңыз.

9. Күніне бірнеше минутыңызды негативті ойларды шешудің жолдарын қарастырыңыз. Кейін есіңізге де алмаңыз.

10. Күніне бір сағатқа күйбең тірліктен демалыңыз. Табиғатқа шығыңыз, серуендеңіз, йогамен айналысыңыз, кітап оқыңыз.

11. Сізді қуаттандыратын нәрселерге уақыт бөліңіз. Мысалы, қызықты адаммен сұхбаттасу, позитивті фильм көру, концертке бару, сүйікті шайыңызды ішу.

12. Әдетте жасап жүрген істеріңізді өзгеше жасаңыз. Өзге ұлт тағамын әзірлеңіз, жұмысқа басқа жолмен барыңыз, бір аяқта тұрып, тіс тазалаңыз. Алуантүрлілік мидың жұмысын жақсартады.

13. Апта аяғында үйіңізді, жұмыс орныңызды, компьютеріңіз бен ұялы телефоныңызды қажетсіз дүниелерден тазартыңыз. Айналаңыз тиянақты болса, ойыңыз да жинақы болады.

14. Әр кеште күнделік толтырыңыз. Алғыс айтыңыз. Негативті ойларыңызды жазып, арылыңыз.

15. Ұйқы алдында бір істі күнделікті қайталаңыз, мәселен душ қабылдаңыз немесе кітап оқыңыз, болмаса гаджеттерден демалыңыз. Сонда миыңызға сол дағдыдан кейін ұйықтау керектігі туралы сигнал барып тұрады. 

 

16. Әр жексенбіде келер аптаға жоспар құрыңыз. Дүйсенбіде қай істі бірінші қолға алатыныңыз мәлім болады.

17. Жайлылық зонасынан шыға біліңіз. Әдетте зонадан тыс керемет дүниелер орындалып жатады.

18. Ең маңызды істерді таңертең жасаған абзал.  Ісіңіз қаншалықты күрделі болса да, оның мәселесін бірден шешкен жөн.

19. Электронды поштаңызға келген хабарламаларға жауап беруге арнайы уақыт бөліңіз. Әр хат келген сайын алаңдамай отырасыз.

20. Демалыңыз. Жұмыста үзіліс жасаңыз, демалыс күндері серуендеңіз, кейде шағын еңбек демалысын алып, күш-қуат жинаңыз. 

21. Кішігірім жетістіктеріңізге қуаныңыз. Еңбегіңіздің жемісін сезініңіз.

22. Әрекетке – берекет! Әрдайым ойларыңызды жүзеге асырыңыз.

 

23. Көлікте, үй жинағанда, тамақ әзірлегенде тұлғалық өсу бойынша тренерлер мен мотиваторлардың кеңесін тыңдаңыз.

24. Телехикаялар мен шоу-бағдарламалардың орнына деректі фильмдер, вебинарлар, танымдық видеолар көріңіз.

25. Оқыңыз. Көп оқыңыз. Ұйықтар алдында. Жексенбіде кітап оқуға арнайы уақыт бөліңіз.

26. Өткен аптаны қорытындылаңыз. Бітпей қалған істерді келер аптаның жоспарына енгізіп, міндетті түрде аяқтауға тырысыңыз.

 

27. Күніне сегіз сағат ұйықтаңыз. Ұйқыңыз қанғанша ұйықтаңыз.

28. Әр күн сайын спортпен айналысыңыз. Бар болғаны 15 минут физикалық жаттығулар, жүрек жұмысын өте керемет жақсартады. 

29. Талғаммен тамақтаныңыз. Тамақтанғанда басқа нәрселерге алаңдамаңыз. Тамақтың дәмін сезініп, рахаттанып, нәрін алыңыз.

30. Жылына бір рет мүмкіндігіңізше дәрігерге қаралыңыз. 

 

Ал сіз өзгеруге дайынсыз ба? 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: СҰМДЫҚ! ДЕПРЕССИЯ ТУРАЛЫ БІЗДІ ШАТАСТЫРАТЫН ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕР
ЖЕР ҮЙДІ ҚҰЛПЫРТЫП ЖІБЕРЕТІН 15 ИДЕЯ
BULLET JOURNAL – ЕРЕКШЕ КҮНДЕЛІК

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде