{metadescription}
Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Жастарды қолдау

Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Жастарды қолдау

Тәуелсіздіктен асқан қастерлі әрі маңызды мереке жоқ. Елімізді өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Мемлекетіміздің келешегі – жастар. Еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар саясаты туралы» жаңа кешенді бағдарламасы туралы не білеміз? Жастарды қолдауға қандай міндет қойылды? Неге жастарды қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы қабылдануы керек?

2019 жыл – Жастар жылында жүзеге асырылған және қолға алынған жобалар:

  • Тұрғын үй, жұмыспен қамту, сапалы әрі қолжетімді білім беру ісі қолға алынды.
  • Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру туралы шешім қабылданды. Оны жалға алу құны айына 15 мың теңге ғана болады.
  • Биыл 5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Алдағы үш жылда олардың саны 30 мыңға дейін көбейеді. Республикалық бюджеттен қосымша 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
  • 10 мың жас бизнесмен шағын несиенің арқасында өндірісін кеңейтті. Басым көпшілігі аудан және ауыл тұрғындарына арналды.
  • «Дипломмен – ауылға». Ауылды өркендетуге үлес қосқысы келетін жастарға 6 мыңнан астам жәрдемақы, баспана алуға 4 мыңға жуық несие бөлінді. Құрылыс отрядтары жанданып, 2 мыңдай студент жұмыспен қамтылды.
  • «Жас кәсіпкер» және «Жас маман» жобалары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, қажетті қаржы бөлінді.
  • «Президенттік кадр резерві» жасақталып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан, бірнеше сынақтан өткен таңдаулы жастар осы тізімге енеді. Бұл болашақта жоғары лауазымға ұсынылатын үміткерлер тобы емес – жігерлі жастарды елге шын ниетімен адал қызмет етуге ынталандыру. Басты міндет – өз ісін жетік білетін кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру.
  • Университет спартакиадаларының қозғалысы қайта жаңғыртылды.
  • Ұлттық спорт түрлерін қолдау және жас жазушылардың Әдебиет академиясын ашуға нақты жұмыстар атқарылуда.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылады.  

 «Жастар саясаты туралы» жаңа кешенді бағдарлама

  • Жаһандық үрдістер мен жастардың сұранысы жан-жақты ескерілуі тиіс. Жаңа бағдарлама арқылы жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін ұсыну керек.
  • Жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасалуы қажет.
  • Құжатта жас буынға арналған тиімді әрі ашық әлеуметтік мүмкіндіктер көрсетілуі керек.
  • Барлық елді мекендердегі спорт және мәдениет нысандары жастарға қолжетімді болуы тиіс. Үкімет келесі жылы осы бағдарламаны дайындап, оның негізінде 2021 жылы заң жобасын әзірлеуі қажет.
  • Отбасы институты. Ажырасу фактілеріне баса мән беру.Зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуі қажет. Жастарды тәрбиелеу ісінде ата-аналарға да зор жауапкершілік жүктеледі.
  • Жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлу. 14 жасқа дейінгі балалардың саны соңғы 5 жылда шамамен 1 миллионға көбейіп, қазір 5 миллионнан асты.
  • Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау және зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесінде нақты шаралар қабылдау қажет.
  • «Жасыл ел», «Дипломмен - ауылға!», «Жастар практикасы», «Серпін». Бағдарлама жастардың барлық санаттарын қамтып, жас ұрпақтың көкейтесті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Оның тетіктері қарапайым және түсінікті болуы керек.
  • Әркім Қазақстанда жеке және кәсіби өсу, жұмысқа орналасу немесе баспана алуға қандай мүмкіндіктер бар екенін білуі керек. Электрондық үкімет құралдарының көмегімен осы мүмкіндіктерді шарлау, танысу және пайдалануға ыңғайлы және түсінікті механизмін құру.
  • Жастар ұйымдарының жұмысын күшейту. Ол жұмыссыз жүрген және оқу бітіріп жұмыс таба алмай жүрген жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Ресурстық орталықтарымен толық таныстыру. Жастар ұйымдары ең алдымен жастардың осы санатымен айналысуы керек.
  • Жас азаматтардың нақты мәселелерін шешетін нақты қоғамдық бастамалар мен жобалар қажет.
  • Білім беру сапасы мен қол жетімділігін арттыру. Өз мамандығы бойынша жұмыс табуды қамту.
  • Ашық Университет құруды жалғастыру. Әр аймақта кем дегенде бір күшті университет пен екі жоғары деңгейлі колледж құру идеясын іске асыруды қолға алу.
  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторанттарға стипендияны 25% -ға көбейту. Колледж студенттеріне осындай қолдау көрсету.
  • Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтарын алатын 122 мың студенттің стипендиясы 30% -ға өсті.
  • 2020 жылдың қаңтар айынан бастап арнаулы орта білім алатын колледж студенттерінің стипендиясын 25% -ға арттырады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде