{metadescription}
9 – 15 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

9 – 15 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен ерекше? Қандай қуанышты оқиға күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

9 – 15 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты жарқын, ұмытылмас мерзімге енеді.  Алда адамдармен, әріптестермен байланыс кездесулер қызықты болады. Алыстан келген қонақтарды қарсы аласыз.  Күнделікті өміріңіз сізді тәуелділіктен шығарып, құмарлыққа толы істерге жетелейді, күйбің тірлік небір әрекеттерге толы болады. Үнемі жауапкершілікті сезінесіз. Әсіресе жұмыста, кәсіби қатынастарда. Бұрынғы жинаған тәжірибені еске алып, оны жаңа форматта қолданасыз. Көптен бері жұмыс істейтін серіктесіңізден жақсы жаңалық күтіледі. Ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған сұрақ, ақырында, өзінің  шешіміне жетелейді. Жұмыстар артылады, көп болады. Кездесулер мен жасырын келіссөздер сіздің жеке мүддеңізге байланысты болады деп күтілуде. Өзіңізге тыныштық әкелетін және көңіл-күйіңізді жақсартатын үй жұмысымен айналысасыз. Қаржылық жағдай қолайлы болады. Алайда, шығындар бар, әмияныңызды аша бермеңіз, үнемділік қажет.

Торпақ  бар назары материалдық мәселеде болады. Кез келген қатынаста ақша маңызды рөл атқарады.  Жоспарлар өзгереді. Жаңа жұмыс, жаңа сапар күтілуде. Туыстарының біріне қолдау көрсетеді, тұрмыстық мәселені шешеді, тек өз үйінде емес. Кәсіби ала таңқалдырып, қуантатын болады.  Мансабы өсіп, еңбек шарты жақсарып, жалақысы өседі. Белгілі бір серіктеспен уақытша бірге жұмыс істеуге тура келеді. Үнемі бір нәрсені ойлап, бір нәрсені күтумен болады. Өзіне қымбатты адамымен біраз уақыт бөлек болады. Бұл уақытта бұрыннан таныс адаммен жақындасады. Сенімі артады. Жүк тасып, беріп, жөнелтумен болады. Жеке мүддесіне сай пайда көреді. Жақын досынан сыйлық алады.

Егіздер айналасындағылардың қолдауына ие болып, өзгенің пікіріне арқа сүйейді. Дау-дамайда күдікке жол бермей, нақты бір жақты қорғайды. Кәсіби салада алға жылжу бар. Көбісінің табысы артып, қажетті тәжірибе жинайды. Кез келген алынған білім қабілетін арттыруға жүзеге асады. Сонымен бірге ұзақ уақытқа созылатын жанжал туындайды. Ол бәсекелестікке байланысты. Жұмыс бабымен жолға шығу жоспары құрылады. Айналаңызда үнемі өзгерістер болып жатады. Ол көбінесе белгілі бір топтарға байланысты болмақ. Маңызды шараға қатысасыз.  Көптің алдында сөз сөйлейсіз. Ресми тұлғаға құжат тапсыру үшін қағаз толтырып дайындайды. Жеке өмірде сезім мен айтылмаған эмоция көп. Өзіңізді тежеуге тура келеді.  

Шаян алға ұмтылысында пайда әкелу, пайдалы болу, айналасындағыларға қолдау көрсетуге ниетті. Сіз жүйелі, терең еңбектенуге, пайымдауға қабілеттісіз. Сізді шатастыру, жолдан бөгеу, пікіріңізді өзгерту өзгелерге қиын. Жұмыста сіз басқаларға қарағанда мықты көрінесіз,  тың дүние ойлап табуға бейімдісіз. Материалдық табысқа жетуге сіз көп күш жұмсайсыз. Шығын көп. Бірақ сіз бәрін жоспарлайсыз, ақганы шашпайсыз. Күткен жерден маңызды жаңалық аласыз. Ол ер адамнан болуы мүмкін. Тұрмыстық жағдайға көбірек көңіл бөлуге тиіссіз. Өз қолыңызбен бір нәрсені жасауға тура келеді. Сонымен бірге сіз жақсы ұйымдастырушысыз. Шабыт бересіз. Үйретесіз. Сіздің кәсіби біліміңіз қызығушылық танытатын адамдарға жақсы негіз, тірек бола алады. Әріптеспен немесе алыстан келетін адаммен  жоспарлы кездесу күтілуде. Бұл аптада жолға шығу сізге өте маңызды. Сапар жоспарлайсыз. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның ісі жүрегіңізге жағады. Ол өміріңізге береке әкеледі.  

Арыстан жақсы жаңалық пен шабыттың арқасында жұмсалған күш-қуатын қалпына келтіреді. Сіздің қабілетіңізге деген әділ мадақтау, шынайы таңданыс өз жемісін береді. Жұмыста құлшыныс , шыдамсыздық, жылдамдық бар. Көп нәрсені өз мойнына алады, жауапкершілікті де. Егер басшы болсаңыз, материалдық табыс күтілуде және серіктестеріңізге ықпал ете аласыз. Сонымен бірге техникалық және ұйымдастырушылық жағынан қиын сәттер болады. Ол жаңа жағдайда жұмыс істеумен байланысты болмақ. Жаңа құжаттар, жаңа маңызды келісімдер күтіледі. Көшу мәселесі өзекті. Жаңадан танысқан адам сізне бірқатар маңызды ықпал етеді. Бірақ аз уақытқа. Қаламасаңыз да, бір досыңызбен қош айтысасыз. Бұл аптада жасы кіші туыспен жылы қатынас орнайды. Өзіңізді таптырмас пайдалы адам сезінесіз.  Жеке өмір қанықты, яғни толыққанды.  Бірақ бұрынғыдай қызықты емес. 

Бикеш жаңа эмоциямен, жаңа біліммен өзін толықтырады. Жаңа достар, жағдайлар әсер етеді. Күнделікті ғұрпын өзгертеді, жаңа ережеге бейімделіп, өмір ұсынған жаңа жағдайларға қалыптасуға тура келеді. Өміріңізде өзгерістер болады. Бір адам пайда болады, сол адамға көңіл бөліп, қамқор боласыз. Бұл болашақ өміріңіздің қазірден бастап қалыптасатын үрдісі болмақ. Жұмыс белсенділікті қажет етеді, нақты іс істеуіңіз керек. Айналаңыздағы адамдар сіздің сұраныстарыңызға көңіл бөледі, бірақ сізден де өз міндетіңізді атқаруды талап етеді. «Әркім – өзінікін алады» деген ұранға лайық апта. Сіздікіне не тиіспейді, өзінікін де бермейді. Есесіне ешқандай қиял болмайды. Қарым-қатынастың не екенін, қуаныштың, берекенің қандай қандай екенін енді терең түсінесіз. Соған талпынасыз. Сырт жақтың көмегімен қаржы мәселесі жақсы шешілуі мүмкін. Бірақ шығатын шығын мазаңызды алады. Эмоция тұрақсыз. Небіз сезімді басыңыздан кешіресіз.

Таразы шынайы ақпараты болса, көңілі тыныш болады. «Аз білсең, ұйқың тыныш болады» деген ұран мүлдем сізге арналмаған. Ол тіпті сізге жақпайды. Мүдделі серіктестердің арасында, көпшілік алдында сөз сөйлейсіз. Творчестволық топқа шабыт бересіз. Бұл аптада достарға, таныстарға, туыстарға көңіл бөлесіз. Сыйлыққа жомарттық танытасыз. Жабық келіссөздер маңызды болмақ. Апта құжат рәсімдеумен, қажетті анықтамалар жинаумен, ресми құжат толтырумен маңызды. Заңды негізі бар ірі іс-шараға қатысуыңыз мүмкін. Батыл, белсенді, тартымды боласыз. Әйелдер мақтау естіп, тіпті тағдырлы ұсыныс қабылдауы мүмкін. Ал еркектерге кез келген жеңіске жол ашық. Тіпті ең қиын сәттерде де махаббат ұмыт болмайды. Сізді көп адам сөз қылады.

Сарышаян өзгелердің ықпалынан, тәуелділігінен епті түрде сытылып шығалды. Сізге ішкі еркіндік қажет. Ол сыртқы факторлармен белгіленген. Диалог жүргізуде және аралас-құраласта сізге ешкімнің теңдесі жетпейді. Сіз айналаңыздағы адамды бірге істейтін шараның дұрыс екеніне көндіріп, сендіре аласыз. Сіз әрдайым басқа адамдардың қатысқаны маңызды екенін, олардың еңбегін бағалап, ал өзіңіздің маңызды рөліңізді тыс қалдырасыз. Қаржы мәселесі көңіл көншітпейді, бірақ болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Алыстан қонақ күтілуде. Өзгенің бастамасымен бірқатар кездесулер болмақ. Достар көбейеді. Бірақ сізге олармен бірге сәл көңілсіз болады. Бірақ белгілі бір адаммен жолға шыққанда шабыт аласыз. Оқу, білімді дамыту күтілуде. Өз біліктілігіңізді нығайтасыз. Жеке өмірде асығыстық жасамаңыз. Ойланып, толғанып жасалған таңдау бір айы бойы сізге маңызды болады.  

Мерген жоспарлары мен идеяларына сенімді. Бұл қарапайым кедергілерді жеңу кезеңі. Егер сізде жақын адамдармен қандай-да бір түсіністік болса, әрекет ету оңайырақ болады. Кейде наразылықтар мен ұзақ жағдайларға байланысты жанжал туындауы мүмкін. Кінәнің ауыртпалығы  күшіңізді кетіріп, ойлау еркіндігіңізден айырып, өткен жағдайды еске салады. Сонымен бірге көптеген дене қимылы жаттығу, үй жұмысы, жұмыс орнын тазарту күтіледі. Кейбіреулер спортзалға барып, жарысқа қатыса алады. Көпшілігі сапар жоспарлайды. Туыстарыңыздың бірі сіздің қолдауыңызға, қамқорлыққа жүгінеді. Бұл отбасылық қатынасты нығайтуға себеп болады. Маңызды құжаттың жоғалуына немесе қайтарылмауына байланысты белгілі бір күрделі жағдай нақтыланады. Қаржылық жағдайдың жақсаруы күтілуде. Үміт артпаған ақшаңыз қайтарылуы мүмкін. Бойдақтар жаңа қарым-қатынастан тағы да көңілі қалды.

Тауешкі  пайдалы болып көрінсе, бизнестен достыққа дейінгі жолды оңай жеңеді. Пайдалы мәселені және пайдалы байланыстардың көмегімен маңызды мәселені шешуді жоспарлайды. Сүйкімділігіңізде шек жоқ. Көбісіне жылжымайтын мүлік тақырыбы бірінші орынға шығады. Жақсы мүмкіндік болуы мүмкін, бірақ сөзсіз табысқа жетуге икемділік, дипломатия және тіпті айла-амал қажет болмақ. Бұл жасырын мүмкіндіктер, жасырын жоспарлар мен жарияланбаған әрекеттер кезеңі. Егер сіз қолданыстағы ережені айналып өтсеңіз, жұмыс, бизнес сәтті болады. Жеке келісімдер қол қойылған құжаттарға қарағанда сенімдірек болады. Саяхаттар құпия болса, тиімді болмақ. Жоспарларыңызды жарияламаңыз және басқаларға ниетіңізді айтпағаныңыз жақсы. Кейбіреулер денсаулығын нығайтуға, оның алдын алу шараларына қайта қатысуға мәжбүр. Ота жасатуға келіспеңіз. Ыңғайлысы – ағзаға терапиялық әсер ету. Ірі нәрсе сатып алуыңыз мүмкін.  

Суқұйғыш басқаларға жабық болғанымен, шынайы қарым-қатынас пен түсіністікке зәру. Басқалар сізге бастамашы болса, оған қатты риза боласыз. Пайдалы байланыстарды сабырлы қабылдайсыз, осы кезеңде сіз шынайы сезім мен адамның қарапайым әрекетін, жақсы ниетін бағалайсыз. Әріптестерге, туыстарға қатысты айтар болсаңыз, сіз ешкімге міндетті емес екеніңізді біліп, оны білдіре аласыз. Тарихи құжаттар, кітаптар мен белгілі бір уақыт кезеңі туралы әңгімелер сізді қатты қызықтырады. Белгілі бір мақсатпен сапарға шығуыңыз мүмкін. Жаңа қызмет түріне үлкен мән бересіз, олар кейін сізге маңызды болады. Білімді жетілдіруге қолайлы кезең. Қажет ақпарат аласыз, оны есте сақтау оңай. Достармен кездесу, мерекелерге қатысу, жарқын тосын сыйлар болуы мүмкін. Сізге сезімін білдіреді. Бұл серіктес рөлін түсініп, тез лапылдаған роман және түбегейлі өзгеріс әкелетін кезең.  

Балықтар бірте-бірте қажетсіз байланыстар мен ауыр қарым-қатынастардан алыстап, жалғыз қалу идеясына көшеді. Жашып, жоспар құру және жаңа жетістіктерге күш салуға уақытша тыныштық қажет. Әлеуетіңіз жоғары, бірақ энергияны тұтыну көбінесе ысырапқа ұшыратады. Жұмыста болса да, сіз күмәнді позициялардың тұрақтылығы мен тұрақсыздығынан адасып, прагматизм аймағын жоғалтуыңыз мүмкін. Денсаулықты қалпына келтіруге, жаман әдеттерден арылуға уақыт келді. Өзгерістер сыртқы келбетке қатысты болуы мүмкін. Мұны басқалар бірден байқап, сіздің күш-жігеріңізге таң қалады. Әдемі боласыз, бәріне қызықты боласыз. Сізбен әрқашан қызықты, өйткені ол сізге оңай тиеді. Керемет қарым-қатынас жасау қабілетіңізді өзгенің пайдаланғанына жол бермеңіз. Материалдық жағынан жақсарғаннан кейін дұрыс позицияда екеніңізге сенімді боласыз. Алданбаңыз. Махаббатта да, ақшаға қатысты да алданбауға тырысыңыз. Жолға қорықпай шыға беріңіз. Ол сәтті болады.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.