{metadescription}
Биылғы Оразаның ерекшелігі мен шарттары

Биылғы Оразаның ерекшелігі мен шарттары

Неге ауызашар беруге болмайды? Рамазан айында мешітте қалай құран оқылып, бата жасалынады? Аузы берік адамға тамақ таратуға бола ма және қалай? Ауызашардың орнына ақысын беруге бола ма? Оразада қандай намаз оқылмайды? Уағыздарды қалай тыңдаймыз? Пітір садақа мен зекетті қалай береміз? Рамазан айында спиртті антисептикалық құралды пайдалануға бола ма? Фидия садақасы деген не? Ол қалай төленеді?

Биылғы Рамазан айында ел дағдыланған жағдайларға біраз өзгеріс енгізілген.

  1. 24 сәуірде басталған қасиетті Рамазан айында Әзірет Сұлтан мешітінен құран оқылып, бата онлайн режимде жасалмақ.

  2. Көп адам жинап, ауызашар беруге болмайды. Коронавирус індетін жұқтыру қаупі болғандықтан, қазақстандықтарға туыстары мен достарын шақыруды уақытша тоқтату қажет. Бас мүфти оның орнына мынадай жолдарды ұсынады: мейрамханаларға тапсырыс беріп, аузы берік адамдарға тамақ таратуға болады.

  3. Жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік алып беріп, ауыз аштыру да бір жолы деп саналады.

  4. Ораза ұстаған адамдарға ауызашар ақысын берсе де теріс емес.

  5. Тарауық намазы  оқылмайды.

  6. Уағыздарды онлайн тыңдауға болады.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:

-ҚМДБ еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантин мерзімінде тарауық намазын мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында, отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз.

Пітір садақа мен зекет қалай беріледі?

  • Мұсылман қауымы Рамазан айында онлайн режімде қайырымдылық жасай алады. Бұған дейін мешіттерде берілген пітір садақа мен зекетті енді мобильді қосымшалар арқылы аударуға болады.

  •  Биыл адам басына берілетін садақа мөлшері – 370 теңге.


Ершат Оңғаров, наиб мүфти:

 -Мобильді қосымшаларға әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттердің есепшоттары енгізілді. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотына пітір садақа мен зекетін үйден шықпай-ақ, онлайн режимде аудара алады. Пітір садақаның құны – екі келі ұнның республика бойынша есептегендегі нарықтың орташа бағасымен шығарылды.
 

Садақа берген кісілер имамдардың дұғаларын әрбір 15 минут сайын муфтияттың инстаграмынан тыңдап, қол жая алады.

Құрамында спирті бар антисептикалық құралдарды пайдалану Оразаны бұзбайды. 

Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:

- Бұл жәй жағдай емес. Адам өмірін қорғау үшін әр түрлі денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды.
 

  • Әр мұсылман ертең таңсәріде ауыз бекітуі тиіс.

  • 30 күнге созылатын Ораза мамырдың 23-інде аяқталады.

  • Оның соңы мұсылман әлемінің ұлық мейрамы – Ораза айтқа ұласады.

  • Мамырдың 19-нан 20-на қараған түн –  қасиетті Қадір түні.

  • Бес парыздың бірін белгілі себептерге байланысты өтей алмайтын азаматтарға фидия садақасын төлеу міндеттеледі. Елімізде созылмалы ауруларға шалдыққандар, жасы үлкен қариялар бар. Бұл кісілерге ораза ұстамауға – рұқсат. Бірақ оларға фидия садақасын төлеу міндеттеледі.

  • Фидия садақасы – бір күндік міскінді тойдыру.

  • Фидия деген не?

    – Құранда Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «бір міскіннің тамағын берсін» деген. Яғни, фидия дегеніміз – бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең, яки кешке тамақтандыру. Оны ақшалай да беруге де болады. Оның мөлшерін әр елдің мүфтияты нарыққа байланысты белгілейді. Фидия беруге шамасы келмеген кісі Алладан кешірім тілейді.

  • Елдегі асханалардағы тағам бағаларын зерттей келе, ғұламалар кеңесі фидияның көлемін 1700 теңге етіп бекітті.

Ораза қабыл болсын, Рамазан айы құт әкелсін, жамағат!

Қуат Қабдолда, исламтанушы, докторант:

Атам қазақ өз үйінде отырып:
"Құтты үйім - мешітте отырмын",- деп айтады.
Әлбетте, мешітте жамағат болып намаз оқығанға не жетсін!
Бірақ, мына індетке байланысты тарауық намазымызды үйде оқып жатырмыз.
Рамазан айы - күндізі ораза болса, түні құлшылық.
Көзіңізге елестетсеңіз, қаншама үйлерде намаз оқылып жатыр.
Сол намаздар, Құран оқылған үйлер періштелерге жұлдыздар сияқты болып көрінеді.
Ондай болса, жұлдыздар бүгін жыпырлап кетті ғой...
Мұнда да бір хикмет бар.
Осы үйлердегі мінәжаттарды Алла қабыл етіп, елімізден, жерімізден, бүкіл адамзаттан осы індетті алып кетсін, әмин!

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.