{metadescription}
Балам жоғалып кетпесін десеңіз...

Балам жоғалып кетпесін десеңіз...

Балаңыз із-түзсіз жоғалып кетпес үшін, оның алдын алып, не істеу керек? Әлемде күн сайын қанша бала жоғалады? Көшеде адасып кеткен баланы көрсеңіз не істеп, нені істемеу керек? Балаңыз ұшты-күйлі жоғалып кетсе не істеу қажет?

25 мамыр - Халықаралық жоғалған балалар күні. Дәстүр бойынша, көптеген елдерде қараңғы түсе салысымен әлемде жоғалып кеткен ұлдар мен қыздарды үйіне жетелеп апаратын жарық – майшам жағылады. Статистикаға сәйкес, жоғалған балалардың 90% үйден өзі шығып кетеді екен. Бұл мәселені шешу үшін қандай шара қолдану керек?

Баланың жоғалып кетпеуінің алдын алу  

  •  Сөз ұғып, есі кіре бастағанда қауіпсіздік тәртіпті үйрету.
  • Өзінің толық атын, сосын анасының толық атын үйрету.  
  • Дағдыларды нығайту үшін үйде және тыста рөлдік ойын ойнату.
  • Бала өз ойын айтуы мүмкін деген ең жақын 2 - 5 адамның тізімін жасау;
  • Балаға көмектесе алатын үлкендерден, мысалы басқа баланың анасынан, сатушы, полицей, күзетшіден көмек сұрауды үйрету.
  • Ата-анасы немесе қасындағы ересек адамның рұқсатынсыз біреудің баласына ешқашан тамақ ұсынбаңыз;
  • Балаға сіздің немесе өте жақын адамдардың рұқсатысыз әлдекімнен сыйлық немесе тәтті алудан бас тартуды үйрету;
  • Далаға шығар алдында баланы сыртқы киіммен фотоға түсіру;
  • Күтпеген жағдайға дайындық ретінде, баланың киімінің қалтасына ата-анасының есімі және телефон нөмірі жазылған қағаз салу. Бала ол туралы білуі тиіс.

Бала жоғалған кезде не істеу керек?

• Бала жоғалған жағдайда іздестіру әрекеттері 72 сағаттың ішінде ең нәтижелі болып саналады;

• Іздеушілерде баланың жақсы сапалы суреттерінің барлығы қажет;

• Еріктілер мен іздеу ұйымдардың осындай жағдайларда көмегі зор. Сіздің қалаңызда осындай болса, іздестіруге шақырыңыз;

• Баланың жасы қаншалықты кіші және жоғалган мерзімі қаншалықты қысқа болғанына байланысты, іздестіру радиусы да кішірек болады;

• Мекенді барлау кезінде саябақ, сай, құдық, жертөре, жаңа салынып жатқан ғимараттарға назар аудару.

1979 жылы 25 мамырда АҚШ-та 6 жасар Эвиан Пейтс із-түссіз жоғалып кетті. 4 жылдан кейін, осы қайғылы оқиғаны еске алу үшін Президент Рейган 25 мамырды Жоғалған балалардың ұлттық күні деп жариялады. Халықаралық жоғалған балалардың күні 2010 жылы Халықаралық жоғалған және жәбір көрген балаларды іздеу халықаралық орталығының (ICMEC) бастамасымен құрылды.

Жоғалған балалар – жаһандық проблема. Жоғалған және жәбір көрген балаларды іздеудің халықаралық орталығының (ICMEC) мәліметі бойынша жыл сайын:

 Австралияда 20 мың;

Бразилияда 40 мың;

Канадада 45 мыңнан астам – адам жоғалады.

Еуропада жыл сайын жүздеген мың балалар іздеуде:

Испанияда - 20 мың;

Германияда - 100 мың;

Ұлыбританияда - 112 мыңнан астам.

Қазақстанда 2010-2016 жылдар аралығында бес мыңға жуық жоғалған балалардан 87-сі ешқашанда табылмаған. 2015-2019 жылдары аралығында 92 бала жоғалған. 2020 жылы басынан бастап бес баланы іздестіруге жариялады.

16 жастан төмен балалар

90% жағдайда балалардың өздері үйден кетеді. Бұл санат «қашқындар» деп аталады. Кәмелетке толмаған бала тұрмысы нашар отбасынан, балалар үйінен, мектеп-интернаттан, арнайы оқу-тәрбие мекемелерінен қашады. «Қақындардың» жасы  7-16 –ға дейін. Көпшілігі өзі немесе полицияның көмегімен қайта оралады.

7 жасқа дейінгі балалар

Көбінесе қоғамдық орындарда ата-анасы баласынан көз жазып қалады. Ол әке-шешесінің ұқыпсыздығы мен немқұрайлығынан. Бұл ең қауіптісі, өйткені кішкентай балада үрей, қорқыныш, қауіпсіздік сезімі болмайды. Кәріз құдығына, арықтарға құлап немесе орманда адасып кетуі мүмкін.

Соңғы жылдары зорлық-зомбылық жасау мақсатында бала ұрлау фактілері жиілеуде. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері дабыл қағып, ҚР Қлмыстық кодексінің «Адам ұрлау» бабымен қылмыстық іс қозғалады.

Мамандардың айтуынша, балаларды қайыр сұратып, садақа жинату үшін ұрлайтындар бар екенін еске салады. Және де педофил-маньяктардың құрбаны болғандар да жыл сайын өсіп келеді.

Қиындықтың алдын алыңыз

Психиатрлардың айтуынша, мемлекеттік деңгейде бала жоғалу дерегін азайту – қиын. Бұл мәселеде адам факторы маңызды. Мемлекет әр ата-ананы өз баласын мұқият бақылауға мәжбүрлей алмайды. Баласы өз ата-анасының қамқорында болуы керек. Бейтаныс адамдармен бірге кетіп қалуы немесе бейтаныс жерге бару туралы ойы болмауы үшін – ненің жақсы, ненің жаман екенін балаға дұрыстап ұқтыру қажет, - дейді психиатрлар.

Егер көшеде абыржыған, сасқалақтаған, үріккен – адасқан баланы байқасаңыз, қасына барып, қандай көмек қажет екенін сұраңыз. Жоғалғанын түсінсеңіз, оны өзіңізбен үйге ертпей, тап сол  жерде полиция бөліміне қоңырау шалыңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.