{metadescription}
Салынып жатқан үйден пәтер сатып алу үшін нені білу қажет?

Салынып жатқан үйден пәтер сатып алу үшін нені білу қажет?

Үй құрылысына үлестік қатысу деген не? Салынып жатқан үйдің үлескері болып көрдіңіз бе? Осындайдан опық жегендер бар ма? Олар қандай қателік жіберді? Салынып жатқан үйден пәтер сатып аларда не нәрсеге аса назар аудару қажет?

1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды мұқият оқып шығыңыз.

Тұрғын үйді құрылыс сатысында сатып алу – пәтер сатып алушы мен үй салушының арасындағы қатынас заңмен реттеледі.

Есіңізде болсын:

• Үй салушыда (уәкілетті компания) әкімдіктен үлескерлерден ақша тартуға  рұқсат немесе Бірыңғай оператордың (бұрынғы – Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) кепілдемесі болуы тиіс.

• Мәміле тек тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісіммен рәсімделеді. Шарттардың алдын ала, инвестициялық және басқа түрі  заңсыз болып табылады.

2. Үй салушыдан құжаттар сұрау

• Әкімдіктен үлескерлерден ақша тарту рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі.

Әкімдіктің рұқсаты құжаты әкімнің немесе оның орынбасарларының қолы қойылған әкімдіктің ресми бланкісінде жасалады. Мәтінде нөмірі, берілген күні, уәкілетті компания мен құрылыс салушының атауы, БСН, нысан туралы ақпарат, пайдалануға берілген күн көрсетіледі. Ал Бірыңғай оператордың кепілінде бірыңғай оператордың ресми сайты жазылады.

• Уәкілетті компания туралы мәлімет, мекенжайы.

• Мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлік.

• Жерге (учаскеге) арналған құжаттар.

• Аяқталған жобалар туралы және нысан туралы ақпарат (үйдің орналасқан жері мен параметрлері, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, аяқталу мерзімі, тартылған мердігерлер және т.б.).

3. Келісімшартты мұқият оқу

Құжатта:

• Негізгі ақпарат: тараптардың мәліметі, құрылыстың салыну мерзімі, мекенжайы, жалпы ауданы, бағасы.

• Учаскенің тиесілігі туралы форма (сатып алу-сату шарты, жеке меншік құқы акті, жерді тұрақты пайдалану актісі, әкімдіктің қаулысы немесе басқасы).

• Келісім жасау негізі (әкімдіктің рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі).

• Айыпақы мөлшері.

• Үлескерлердің ақшасын басқа банктік шоттарға тартуға жол бермеу туралы тармақ.

• Пәтерді қабылдау және беру тәртібі (бөлек келісіммен жүзеге асырылады).

• Кепілдік мерзімі. Тұрғын үйдің пайдалануға берілген күннен бастап кемінде екі жыл.

• Нысанның сипаттамасы мен үлестің жоспар-схемасы.

• Төлем тәртібі. Құны тұрақты және оны арттыру мүмкін емес. Ақша құрылыс компаниясының банктік шотына салынады.

Тараптардың міндеттері

Үй салушы:

- келісімшарт және рұқсат құжаттарды таныстыруға ұсыну;

- белгіленген мерзімде құрылыс жұмысын қамтуға, құрылыстың аяқталуына және пәтер берілуін қамтамасыз етуге;

- бұзушылықтарды жою;

- кепілдік мерзім ішінде тұрғын үйді жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сақтау;

Үлескердің міндеттері:

- қаражатты құрылыс компаниясының шотына салуға;

- пәтерді қабылдап алуға;

- техникалық паспортты әзірлеу және меншік құқығын тіркеу шығынын  төлеуге;

- тіркелгенге дейін пәтердің жобасын қайта жоспарламауға.

Үлестік қатысу шарты үш дана болып істеліп, әкімдікте тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

4. Келісімшарттың тіркелгеніне көз жеткізу

Әдепкі қалпы бойынша тіркеу  құжатының көшірмесін поштамен немесе  қолма-қол қолхатпен жеткізіледі. Тіркеуді растау болмаса, үй салушымен хабарласу.

5. Үй құрылысын бақылау

Құрылыс компаниясы ай сайын өзінің сайтында құрылыс барысы туралы фото-есеппен бірге ақпаратты жаңартып отыруға міндетті.

Материал "Крыша.кз" сайтынан аударылып алынды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.