{metadescription}
Кеңес: Су жаңа үйден сатылатын пәтердің сапасын тексеру

Кеңес: Су жаңа үйден сатылатын пәтердің сапасын тексеру

Жаңа тұрғызылған үйден пәтер алғыңыз келеді делік. Алдымен тұрғын үй кешенін таңдайсыз. Оның ішінен пәтер қарастырасыз. Бір қарағанда ағартылып мұнтаздай болып тұрған кең бөлмені аралап жүргенде бәрі керемет болып көрінуі мүмкін. Алайда оның да көзге бірден түсе қоймайтын кемшіліктері бар екені әбден мүмкін. Ендеше пәтер сапасын қалай тексеру керек?

Пәтердің сапасын құрылыс салушыдан былай тексереміз: 

1. Барынша мол ақпарат жинау керек

  • Тұрғын үй кешенін таңдау кезеңінде құрылыс компаниясы нарықта қанша жыл жұмыс істегенін, қанша тұрғын үй кешені салынғанын, олармен байланысты атышулы жанжал болған-болмағанын, тапсырыс беруші, бас мердігер және құрылысты салушы кім екенін біліп алыңыз.
  • Құрылысқа рұқсат, учаске бөлу туралы әкімдіктің шешімін, құрылыс салушы лицензиясын тексеріп көріңіз. Егер құжаттар компанияның ресми сайтында болмаса, менеджерден талап етіңіз.
  • Интернеттен таңдалған мүлік туралы шолуларды оқыңыз немесе сол жерден пәтер сатып алғандардан сұраңыз.

2. Пәтерді көруге жазылып қойыңыз

Пәтерді күндізгі уақытта тексеріп көріңіз, сонда кемшіліктерін жылдам байқайсыз. Өзіңізбен бірге қол шамын, ғимарат деңгейін, рулетка, рельс, бір парақша, лампа мен телефон қуаттағышын алыңыз. Төменде оның не үшін керек екенін айтамыз.

3. Пәтерде алдын ала әрлеу кезінде әдепкіде не болуы қажет?

Есіктер

  • Құлып, тұтқалары мен есіктегі тесік мықтап бекітіліп, саңылауы бүтін болуы керек.
  • Есікті бірнеше рет ашып-жауып көріңіз. Төменге қарай майысып тұрған жоқ па, жабық күйде арасынан жел өтпей ме, тесіктері жоқ па?
  •  Бөлмелердің арасындағы есіктерінің биіктігі мен енін тексеріңіз (жоғарыдан және төменнен өлшеңіз). Біріншісі 2,1 м, екіншісі: қонақ бөлмеде - кемінде 100 см, ас үйде және жатын бөлмеде - 90 см, ванна бөлмесінде - 80 см. Егер параметрлер көрсетілген саннан өзгеше болса, есікті жеке өлшемге сәйкес тапсырыс беруге немесе саңылауды қайта жасауға тура келеді.
  • Есікті сәл уақыт ашық қалдырып, оның тік, қисаймай тұрғанын бақылаңыз. Егер қисайса, онда есіктің жақтауы қабырғаға қарай қисық орнатылған.

Терезелер

  • Терезенің сыртын және бүтіндігіне назар аударыңыз. Терезе бекіткіштері жәйлеп, бөтен дыбыстарсыз ақырын жабылуы керек.
  •  Шыныпакет бүтін, ақаусыз, күңгірт болмауы керек. 
  • Терезенің беткейі бірдей түсті, тесігі тығыздағышпен мұқият бітелген болуы керек.
  • Қабырғалары мен бөлме арасындағы қалқалар
  • Тегістеуіш жұмысын тексерген кезде қабырғаға қарай сәл қисайтып қолшамын түсіріңіз. Осылайша ақау, дақтарды анықтау оңайырақ болады. Құрылыс деңгейін бетіне қойып, құрылғының тесігіндегі ауа көпіршігін қараңыз. Егер көпіршік ортасында тоқтаса, онда қабырға тегіс. Тік сызықты сызғышпен қараңыз. Қарапайым сылақпен вертикальдан ауытқу бөлменің биіктігінін 15 мм-ден аспауы керек, жақсартылғаны - 10 мм, жоғары сапалысы - 5 мм.

Еденнің тұтастығы

  • Біркелкі түсті, жарықтары мен бос жері болмауы керек. Одан табалдырықтың биіктігі 3 см-ден аспайды (балконда да, кіре берісте де).
  • Жуынатын бөлмелер
  • Жуынатын бөлмедегі қабырғаны әрлеу ылғалға төзімді гипсокартоннан, ал  қабырғалары цемент-құмды ерітіндімен сылануы керек. Құрамында гипс байланыстырғыштары бар басқа материалдар су тигенде бастапқы түрінен айырылып, қасиетін  тез жоғалтады.
  • Жуынатын бөлмедегі плиткасының сапасын тексеру үшін бірнеше блокты түртіп көріңіз. Питканың бетіне тақтай қойып жан-жағына сырғытыңыз. Ол кедір-бұдырларды анықтап береді. Бөлменің бұрыштарында саңылау бар ма, жоқ па, оны да тексеріңіз.

Төбе

Үйдің биіктігі жобасына сәйкес келуі керек, кем дегенде 2,5 м.Рулеткамен өлшеңіз, әсіресе созылғышпен өқаптағыңыз келсе. Төбенің қосылған жіктеріне ерітінді жағылуы керек және еш жерден шошайып шыққаны болмауы керек.

Шаршы метрі

Құжатта көрсетілген пәтердің ауданы қазір көріп тұрғаннан басқалай болуы мүмкін. Шаршы метрлер көбінесе қисық қабырғаны біркелкі етуге кетеді.

Жалпы көлемі әр бөлменің көлемінің қосындысы. Балкон, лоджия жалпы және пайдалы ауданға кірмейді. Шаршы метрді есептеу үшін әр бөлменің қабырғалардың ұзындығы мен енін еден деңгейінде өлшеп, көбейтіңіз. Егер бөлме тікбұрыш болмаса, онда бөлменің сызбасын қағазға түсіріңіз, содан кейін оны қарапайым геометриялық пішінге бөліңіз. Әрқайсысын өлшегеннен кейін ауданын анықтап, содан кейін нәтижесін қосыңыз.

Жылу батареясы

Ол көлденеңінен және қабырғадан кем дегенде 2 см, терезе алдындағы тақтайдан 8 см, еденнен 7 см қашықта орнатылуға тиіс.

Құбырлар

  • Негізгі және әдемі әрлеуде суық/ыстық су құбыры (орнатылған ілмекті арматурасымен) шомылатын бөлме мен дәретханаға кіргізіліп тұруы қажет.
  • Жертөлеге түсіп, құбырларды тексеріңіз. Оның маркасы мен шығарушысын  сұраңыз. Коммуналдық жүйеге кепіл беретін (жарамдылығы) мерзімін, содан кейін осы мерзім өткен соң кім жауапты екенін сұрап біліңіз.

Желдеткіш
Желдету тесігіне қағаз парағын төсеп көріңіз (тек сәндік темір торы орнатылғанын). Қағазды тартып тұрса, желдеу жүйесі жақсы істеп тұрғаны, ал істемесе, қағаз жерге түсіп кетеді.

Электр сым жүйесі

• Пайдалануға берілген кезде пәтерде әдетте бөлек автоматты қондырғылармен белгіленген электр қалқаны болады – электр жарығы, розетка тобы, электр плитасы, кондиционер және т.б.

• Электр қалқанында электр схемасының бар-жоғын және сымдардың розетка қораптарында белгіленгендігін тексеріңіз. Өзіңізбен бірге алып келген шамды қолданып, шамға арналған цоколінің күйін тексеріңіз. Егер пәтерде розеткалар болса, телефон қуаттағышымен әрқайсысын тексеріңіз.

Есептегіштер

Пломбаның бүтін екеніне көз жеткізіп, аспаптың көрсеткішін өлшеңіз. Көрсеткіш аз болуы керек. Олай болмаса, құрылысшылар пәтеріңізде тұрған.

4. Қанша жылға кепіл беретіні

Үй салушы компания ​​кепіл беруге міндетті. Әдетте компания жыл бойына жалпы құрылыс және әрлеу жұмыстарының сапасына, жақсарту элементтерінің қауіпсіздігіне (асфальт жамылғысы, шатыр жабындысы және т.б.) 3 жылға дейін жауап береді. Инженерлік коммуникацияға (сорғылар мен желдеткіштер) – шамамен 2 жыл, ғимараттың қаңқасына (темірбетон конструкциялары) – 70 жыл.

Материал "Крыша.кз" сайтынан аударылып алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.