{metadescription}
Білесіз бе, вакцина тексеруден қалай өткізіледі?

Білесіз бе, вакцина тексеруден қалай өткізіледі?

COVID-19 вакцинасы қандай жағдайда қай жерде жасалынады? Ол қандай стандартқа сәйкес? Қауіпсіздігі қалай сақталады? Кез келген адам вакцина сынағына қатыса ала ма? Бұл сұрақтарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы не дейді?  

Вакцинаны мақұлдау үшін оның қауіпсіздігі тексеруден қалай өткізіледі? 

Кез келген елде вакцина енгізілмес бұрын әр вакцина мұқият тексеріледі. Дәрігерлер мен ғалымдардың сараптамалық кеңесі вакцинаны мақұлдау туралы шешім қабылдағанда халықаралық стандарттарды қатаң сақтайды. Барлық дәрі-дәрмек сияқты вакциналар да жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Олар әдетте шамалы болады және тез өте шығады. Ауыр жанама әсерінің қаупі аз. Аурудан зардап шегу ықтималдығы вакцинаға қарағанда әлдеқайда жоғары.

 

 

 

 

Вакцина сынағына қанша және қандай еріктілер тартылады?

Вакцинаның клиникалық сынағы әртүрлі географиялық аймақтан, нәсілдік және этностық топ, жынысы мен жасына қарай еріктілерді қамтиды. Еріктілер құрамында, сондай-ақ ауыр сырқаттануын өсіреді-ау деген негізгі медициналық жағдайына сай адамдар да болуы керек. Бұл вакцинаның барлық адамға қауіпсіз және тиімді болуына көмектеседі.

 

 

 

 

 

COVID-19 вакцинасы сынағы қауіпсіздік және этикалық стандартқа сәйкес пе? 

COVID-19 вакциналары тиімділікке тестілеуді, кез келген ықтимал жанама әсерін анықтауды және қауіпсіздікті бағалауды қамтитын стандартты даму процесінен өткізіледі. Бұл процестің бір бөлігі - он мыңдаған еріктілерді қамтыған көп сатылы сынақ.

 

 

 

 

 

 

COVID-19 вакцинасын үйде жасау мүмкін бе? 

Вакцина жасау - бұл үйде жасау мүмкін емес, күрделі технологиялық процесс. Зертханалық тексеруден кейін вакцина мыңдаған еріктілердің қатысуымен клиникалық сынақтан өткізіледі. Содан кейін вакцинаны әр елдегі дәрігерлер мен ғалымдардың сараптамалық кеңесі мақұлдауы тиіс.

Дереккөз: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

 

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.