{metadescription}
ДДСҰ: Вакцина туралы мәлімет

ДДСҰ: Вакцина туралы мәлімет

Вакциналау неге маңызды? Вакцина қалай жұмыс істейді? Ол адам мен қоғамды қалай қорғайды? Вакцина қандай аурудан қорғайды? Вакцинаны кім алмауы керек? Неліктен вакциналау ерте жастан басталады? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакцина және вакциналауға қатысты ұсынысымен танысыңыз.

Вакциналау дегеніміз не?

Вакциналау –  - адам қоздырғыштаымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және сіздің иммундық жүйеңізді күшейтеді.

Аурулар сияқты вакциналар да иммундық жүйені арнайы антиденелер жасауға үйретеді. Алайда вакциналада тек ауру қоздырғыштарының - ауру тудырмайтын және онымен асқыну қаупін тудырмайтын қоздырғыштарының - өлтірілген немесе әлсіреген түрі ғана бар.

Вакциналардың көбісі инемен егіледі, дегенмен ауызға салынатын және мұрын аэрозольдері де бар.

Вакциналау неге маңызды?

Вакциналау – тап қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Қазір дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты кем дегенде 20 аурудан қорғайтын вакцина бар. Жалпы алғанда, бұл вакциналар жыл сайын 3 миллиондай адамның өмірін дерттен сақтайды.

Егер вакцина алсақ, біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз. Кейбір адамдарға, мысалы, ауыр науқастарға, белгілі бір вакцина алуға болмайды, сондықтан олар ауру таратпау үшін басқа адамдардың вакциналауына тәуелді.

COVID-19 пандемиясы кезінде вакциналау өте маңызды. Пандемия жоспарлы иммундалатын балалар санының азаюына әкелді. Бұл аурудың және алдын алатын аурулардан болатын өлімнің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. ДДҰ COVID-19 тудырған қиындыққа қарамастан, иммунизация және денсаулық сақтау қызметін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды.

Вакцина қалай жұмыс істейді?

Вакциналар қоздырғышқа иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмін іске қосу арқылы ауру қаупін азайтады. Вакцинация ағзаның  иммундық реакциясын тудырады. Иммундық жүйе:

• Ауру қоздырғышын, мысалы, вирус немесе бактерияны анықтайды.

• Антиденелер шығара бастайды. Антидене - бұл ағзаның иммундық жүйесі аурумен күресу үшін табиғи жолмен түзілетін ақуыздар.

• Болашақта аурумен күресу үшін қоздырғышты есте сақтайды. Егер сол қоздырғыш ағзаға қайта енсе, иммундық жүйе аурудың дамуына жол бермей, оның көзін құртады.

Біздің иммундық жүйеміздің есте сақтау қасиеті бар. Бір немесе бірнеше вакцина алғаннан кейін, біз белгілі бір аурудан көп жыл, ондаған жыл бойы, тіпті өмір бойына қорғаныш аламыз. Тап осы нәрсе вакцинаны тиімді етеді. Вакцина біздің ауырып қалуымызға жол бергізбейді.

Вакцина адам мен қауымды қалай қорғайды?

Вакциналар иммундық жүйені вирус пен бактерияларды тануға, онымен күресуге үйретуге бағытталған. Егер денеге кейінірек осы патогендік қоздырғыштар әсер етсе, оларды тез жоюға дайын болады, бұл аурудың алдын алады.

Егер адам ауруға қарсы вакцина алған болса,жұқтыру қаупі төмендейді, демек ауруды басқаларға таратуы азаяды. Қоғамда неғұрлым көп вакцина егілсе, соғұрлым аз адам осал болып, қоздырғышты адамнан адамға беру мүмкіндігі азаяды.

Халықтың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Бірақ ұжымдық  иммунитет тек көп адам вакциналанғанда ғана тиімді. Бірақ, мысалы, сіреспе індеті қоршаған ортадағы бактериялардың әсерінен болады және оны басқа адамдар таратпайды. Сондықтан қоғамда көп адам вакцина алмаса, вакциналанбаған адам бұл аурудан қорғана алмайды.

Вакцина алу қажет пе?

Вакцина алмасақ, қызылша, менингит, пневмония, сіреспе және полиомиелит сияқты ауыр дертпен ауыру қаупі бар. Бұл аурулар өмірге қауіп төндіреді. ДДСҰ вакцина жыл сайын 2-3 миллион адамның өмірін сақтайды деп мәлімдейді.

Кейбір ауру сирек кездессе де, оның қоздырғыштары әлемнің кейбір немесе барлық аймағында бар. Қазір әлемде жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, иммунитеті төмен кез келген адамды жұғады.

Вакцина алудың екі негізгі себебі: өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғауға көмектеседі. Вакцинацияны кейбір адам ала алмайды. Мысалы, жаңа туған нәресте, ауыр дерті бар, белгілі бір аллергиясы бар адам. Оларды вакцинамен алдын алатын аурулардан қорғау айналасындағылардың вакцинаға қол жетімділігіне байланысты.

Вакцина қандай аурудан қорғайды?

  • Холера
  • Дифтерия
  • Гепатит В
  • Тұмау
  • Жапондық энцефалит
  • Қызылша
  • Менингит
  • Паротит
  • Көкжөтел
  • Пневмония
  • Полиомиелит
  • Құтыру
  • Ротавирус
  • Қызылша
  • Сіреспе
  • Іш сүзегі
  • Желшешек
  • Сары безгек

Қазір кейбір басқа ауруларға, Эбола немесе безгекке қарсы вакцина әзірленуде немесе тәжірибе жүзінде қолданылуда, бірақ бұл вакциналар бүкіл әлемде әлі кең қолданысқа енгізілмеген.

Кейбір елде барлық вакцина қажет болмауы мүмкін. Белгілі бір ауруға қарсы вакцина тек белгілі бір елдерге баратын немесе кәсіби қызметіне байланысты қауіптілігі жоғары адамға қажет болуы мүмкін. Дәрігерден сізге және отбасы мүшелеріңізге қандай екпе қажет екенін сұраңыз.

Вакцинаны қашан алуым керек?

Вакцина бізді өмір бойы – туғаннан кейін, балалық шақта, жасөспірім кезінде және қартайған кезде қорғайды. Көптеген елде адамдарға вакцинация карточкасы беріледі, онда ересек адамға немесе балаға қандай вакцина жасалғанын және келесі вакциналау қашан жасалатынын көрсетеді. Көрсетілген барлық вакциналау дер уақытында жасалуы маңызды.

Вакцинаны кешіктіру өзімізді ауыр сырқатқа ұшыратады. Егер жедел түрде қажет ететін уақытты күтетін болсақ, мысалы, аурудың өршуі басталған болса, вакцинаның қажетті әсерін немесе вакцинаның барлық қажетті дозаларын алуға кеш болуы мүмкін.

Неліктен вакциналау ерте жастан басталады?

Күнделікті өмірде кішкентай бала әр түрлі жерде болады, түрлі адаммен байланысады, осылайша өзіне инфекция жұқтыруы мүмкін. ДДҰ ұсынған вакцинация кестесі сәбилер мен кішкентай балаларды бірқатар аурудан барынша ертерек қорғауға мүмкіндік береді. Сәбилер мен жас балалардың иммундық жүйесі әлі дамып келеді, ағзасының инфекциямен күресу қабілеті төмен, сондықтан ауруға көп шалдығады. Ұсынылған кестемен балаларды вакциналау өте қажет.

Вакцинаны кім алмауы керек?

Бәріне вакцина егуге болады. Алайда белгілі бір ауруы мен жағдайы бар адамға кейбір вакцина салуға болмайды немесе кейінірек мерзімге қалдырылуы керек. Оған:

• иммундық жүйені төмендететін созылмалы ауруы бар немесе ем алып жүргендер (мысалы, химиотерапия);

• вакцина компоненттеріне өмірге қауіпті аллергиялық реакциясы болса;

• вакциналау кезінде қатты ауырып жүрсе. Дегенмен балаларға жазыла сала екпе салу керек. Жай әлсіздік немесе сәл температура вакциналауға қарсы көрсетілім емес.

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде