{metadescription}
Зейнетақы жинағын мақсатты пайдалану талаптары

Зейнетақы жинағын мақсатты пайдалану талаптары

2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін  пайдалану құқығы беріледі. Сонымен оны не нәрсеге, қай мақсатта, қалай пайдаланамыз? Талаптары қандай? Оны бүкіл жұрт пайдалана ала ма? Жеткілікті шек деген не? Отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге бола ма? Ал зейнетақы шотының жай-күйін қалай тексереміз? Зейнетақы жинағын баспанадан бөлек,  ем алуға қалай пайдалануға болады? Үйді жөндеуге пайдалануға бола ма? Осы және басқа сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе ...

  2021 жылы Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының 700 мың салымшысы баспана сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына өз жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нақты қажеттікке пайдалану құқығын мына азаматтар пайдалана алады:

- жұмыс істейтін, тиісті жаста зейнетақы жинақтары «жеткіліктілік шегінен» асатын азаматтар;

- сақтандыру компанияларымен БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан адамдар;

- зейнеткерлікке шыққан азаматтар - БЖЗҚ-да қалған зейнетақы қаражатының 50%-ынан аспайтын шекте.

Егер олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалған табысты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%-ға) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда.

Белгілі бір жастағы салымшы үшін оның табысынан БЖЗҚ-ға алдағы 10% тұрақты зейнетақы жарналарын (ең төменгі жалақыдан аз емес) ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз болмайтын зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы «жеткіліктілік шегі» ретінде қарастырылады.

«Жеткіліктілік шегі» әйелдер мен ерлер үшін бірдей белгіленеді және әрбір жас үшін есептеледі.

Бұл ретте ол қалыптасқан параметрлерге (кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері және т. б.) сүйене отырып, жаңа алушылар үшін қайта есептелетін болады.

Жоғарыда аталған санаттағы азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өздері, жұбайлары немесе жақын туыстары (атасы/әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, аға-інісі/апа-сіңлісі) үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында немесе емделуге ақы төлеуге пайдалана алады деп көзделген.

Мақсатты пайдалану үшін көрсетілген отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

«Жеткіліктілік шегінің» негізгі параметрлері әйелдер мен ерлер үшін бірыңғай мөлшерде қаралды.

«Жеткіліктілік шегі» – ол ертең зейнет жасына жеткенде зейнетақы жинақтау қорынан ең кем дегенде төменгі мөлшерде зейнетақы алуға мүмкіндік беретін сома.

Өз кезегінде оны әр жас шамасына қарай есептелген. Жас азамат зейнет жасына дейін кемінде ең төменгі жалақы алып, соның 10 пайызын аударып отырса, кейін зейнет жасына жеткеннен соң, ең төменгі зейнетақы алуға мүмкіндік беретін «жеткіліктік шегі» қарастырылды.

Мысалы, 30 жастағы азаматқа «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мың теңге. Осы сомадан қалғанын олар жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерге қалауы бойынша жұмсай алады.

35 жасқа – 2 млн 961 мың теңге;

40 жасқа – 3 млн 437 мың теңге;

45 жасқа – 3 млн 947 мың теңге;

50 жасқа – 4 млн 495 мың теңге;

55 жасқа – 5 млн 084 мың теңге;

59 және одан үлкен жасқа 5 млн 586 мың теңге қажет.

Бұдан асқан соманы өз еркімен алуға құқылы.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өз жинағын тексеріп, «жеткіліктілік шегінен» асатын қажетті соманың бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

БЖЗҚ Қордың сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы үзінді-көшірме алудың қолжетімді және жедел тәсілдерін ұсынады.

Зейнетақы шотының жай-күйін egov.kz порталы арқылы да тексеруге болады.

Зейнетақы жинақтарын алу туралы шешім қабылдаған адамдар тұрғын үй сатып алу және емделу мәселелері жөніндегі уәкілетті операторға (Отбасы банк) жүгіне алады. Уәкілетті оператордан хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын уәкілетті оператордың арнайы шоттарына салу үшін аударуды жүзеге асырады.

Салымшы зейнетақы жинағын мақсатты қажеттіліктерге алған кезде жеке табыс салығын төлеу тәсілін таңдау құқығына ие болады (жарналар аударылған кезде ЖТС алынбағанын ескертеміз). Яғни азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды таңдаса болады немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеуге арналған жинақтарын алған кезінде ЖТС-ты толық көлемде өтей алады.

Азаматтардың жинақтарын басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға аудару құқығы салымшыларға өз жинағын басқаруға қатысуға мүмкіндік береді. Компанияларды таңдауды инвестициялық стратегияларға, олардың инвестициялық басқару нәтижелеріне бағдар жасай отырып, салымшы өз қалауымен жүзеге асырады. Бұл қадамдарды қашықтан БЖЗҚ сайтында жеке кабинет арқылы іске асыры алады.

БЖЗҚ барлық жарналарды, активтерді, инвестициялық табысты орталықтандырылған есепке алуды жалғастырады.

БЖЗҚ қаржы нарығының реттелетін қатысушысы ретінде компаниялармен сенімгерлік басқару шарттарын, кастодиан-банктермен кастодиандық шарттар жасайтын болады. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бірыңғай есебі мен бақылауы жүргізіле береді.

«Отбасы банкінің» негізгі қадамдары 2021 жылдың қаңтарында «Отбасы банк» тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға арналған онлайн-платформаны іске қосады. Жоба ережелеріне сәйкес, клиент өтініш тапсырған кезде сол онлайн-платформада арнайы порталған кіріп, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өтіп, жеке кабинетке кіреді. Жеке кабинетте ол қаражатты қандай мақсатта пайдаланатынын таңдайды және сканерден өткізілген көшірмелер түрінде алдын ала дайындалуы тиіс құжаттардың тізімімен танысады. Әр мақсаттың жеке құжаттар тізімі бар.

Әрі қарай пайдалануға қажетті соманы көсету керек. Сонымен қатар, клиент мақсаты мен оған жұмсалатын соманы айқындағаннан кейін, «өтінім жасау» батырмасын басады. Бұдан кейін электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қордан қаражат сұратуға өтінішке қол қоюы керек.

Бұл тұрғыда арнайы орган оны тексереді, яғни «Отбасы банк» қарайды. Құжаттар дұрыс болса, ақша келісімшартта көрсетілген деректер бойынша аударылады.

Қажет соманың бар екенін растайтын хабарлама келгеннен кейін, клиентке құжаттарды жүктеуге арналған терезе ашады.Клиент белгіленген форматтағы (JPG немесе PNG) құжаттардың сканерлік көшірмелерін жүктеп, ақша аударылатын деректемелерді қолымен теруі тиіс.

Деректемелер сканерленген құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек. Құжаттарды жүктеп, деректемелерді жазғаннан кейін, клиент «өтініш жіберу» батырмасын басады.

Құжаттар арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін, 45 жұмыс күні ішінде жүктелуі керек. Әйтпесе, олар БЖЗҚ-ға кері қайтарылады.

Пайдаланушы БЖЗҚ-дағы шотынан қаражатты есептен шығару жөніндегі өтінім жібергеннен кейін, уәкілетті оператор қоса берілген құжаттардың дұрыстығы мен мақсатты пайдаланылуын тексереді. Сондай-ақ клиенттің Жеке кабинетіне ақша аударылғаны туралы хабарлама келеді.

Зейнетақы жинағын ем алуға қалай пайдалануға болады?

Егер бірыңғай зейнетақы төлемдерінің жеткіліктік шегі ем алуға пайдалануға жеткілікті болса, онда азамат өзінің емханасына барып, біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ем-дом алуға бағыттау туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын алуы керек.

Ақысы қымбат қызметтердің санатына енген медициналық ем-дом жасау тізімі бар. Оның арасында орфандық, яғни сирек кезедесін ауруларды емдеу, стоматологиялық қызмет, реконструктивті әрі қалпына келтіру операциялары (пластикалық), медициналық сауықтыру қамтылған.

Сауықтыруға барған азаматтар Қазақстан аумағындағы медициналық ұйымдар мен шипажайларда болады. Және зейнетақы жинағының бір бөлігі есебінен офтальмологиялық қызметтер бағытында пайдалануға болады.

Бұл тізім тұрғындар арасындағы сұранысқа қарай өзгеруі мүмкін. Өтініш беруші келесі қадамда өзінің қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдайды, оның ішінде шетелдік ұйымдар да болуы ықтимал.

Азамат ЭЦҚ көмегімен уәкілетті оператордың интернет ресурсында авторизациядан өтіп, өзінің жеке кабинетін аушы тиіс. Жеке кабинетте тиісті сомамен біржолғы зейнетақы төлеміне электронды өтінімді толтырып, дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі мен ем-дом жасайтын медициналық ұйыммен шартты белгілеу керек.

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде