{metadescription}
Зейнетақы жинағын тексеру

Зейнетақы жинағын тексеру

Зейнетақы жинағыңызда қанша қаражат барын білесіз бе? Негізінде, зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың бірнеше әдісі бар. Төменде біз берген нұсқаулықты оқып шығыңыз. Және де осы мәселеге қатысты сұрағыңыз болса, онда хабарласуға арналған тегін мөмір бар екенін естен шығармаңыз.

БЖЗҚ салымшыларына ыңғайлы болу үшін зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың бірнеше әдісі бар:

  • электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе enpf.kz веб-сайтындағы жеке кабинетіңізде пайдаланушы аты мен пароліңізді пайдаланып;
  • БЖЗҚ мобильді қосымшасында ЭСҚ немесе пайдаланушы аты мен парольді қолдану арқылы;
  •  www.cabinet.enpf.kz/porog порталында ЭЦҚ немесе ЖСН және mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік парольді пайдалану;
  •  «Азаматтарға арналған электрондық үкіметтің» eGov.kz сайтында немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы;
  • -enpf.kz веб-сайтында құрылған салымшының мәлімдемесін БЖЗҚ деректер базасында тіркелген электрондық пошта мекен-жайына жіберу арқылы;
  •  салымшының қосымша сұрауынсыз БЖЗҚ деректер базасында тіркелген электрондық пошта мекен-жайына үзінді жіберу арқылы;
  • пошта қызметтері арқылы (жылына бір рет жылдық хабарлама кезінде, БЖЗҚ базасында тіркелген пошталық мекен-жайға);
  • салымшының жеке басын куәландыратын құжаты бар жеке өтінішімен БЖЗҚ-ның кез келген жақын аймақтық филиалында.

БЖЗҚ-ның аймақтық филиалдарынан қызмет алу үшін қордың enpf.kz веб-сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөліміндегі арнайы форманы толтырып, салымшыға ыңғайлы келу уақытын таңдап, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін алдын ала жазыла аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша 1418 тегін нөміріне хабарласуға болады.

2021 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Бір жылда 2,1 трлн теңгеге немесе 20% көбейді.

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.