{metadescription}
Ковид-19: Вакцина не үшін қажет екенін түсінбейтіндерге ...

Ковид-19: Вакцина не үшін қажет екенін түсінбейтіндерге ...

Коронавируспен ауырып шыққан адамға вакцина салған қажет пе? Ауырып шыққандардың иммунитетін вакцина әлсіретпей ме? Вакциналауға қандай тұрғыда қарау керек? Міндетті вакциналау тәсілі өзге елдерде бар ма? Вирустың ең қауіпті жері неде? Вакцина алудың маңызы неде?

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор, иммунолог Алмаз Шарман вакцина алу шараларына қатысты өз пікірін ашық айтты.

Вакциналауға қандай тұрғыда қарау керек?

Мен бұл мәселеге жеке адамның құқығы тұрғысынан емес, қоғамдық денсаулық сақтау түрғысынан қарау керек деп ойлаймын. Бұл істе қоғамның құқығы іске қосылып отыр. Вакциналау мәселесінде жеке адамның құқығынан қоғамның мүддесі жоғары тұр. Міндетті вакцинация – қоғамның құқығын қорғау деп білемін.

Міндетті вакциналау тәсілі өзге елдерде бар ма?

Міндетті вакцинация деп атасақ, мұндай тәсіл әлемнің өзге елдерінде де бар. Мысалы, АҚШ-тың Мичиган штатында аурухананың бүкіл медициналық қызметкерлері вакцина алуға міндеттелгені туралы хабар тарады. Калифорния штатында да осындай жағдай болып жатыр. Кейбір елдер лотерея ойнатып жатыр. Менің ойымша, онда тұрған ешқандай таңғалатын дүние жоқ. Тіпті дұрыс деп есептеймін. Өткені вакцина алудың не үшін қажет екенін нақты түсінбейтіндер көп.

Вирустың ең қауіпті жері неде?   

Коронвирусты айтарлықтай жеңіл өткеріп жатқандар бар. Бұл вирустың ең қауіптілігі осы жерінде. Вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы оны ешбір симптомсыз өткереді. Сөйтіп жүріп ондай адамдар маңайындағының бәріне ауру жұқтырады. Ал олардың ішінде иммунитеті әлсіздер әлгі симптомсыз ауырған адамның кесірінен қайтыс болуы мүмкін.

Вакцина алудың маңызы неде?

Мысалы, дәмханаға вакцина алмаған төрт адам келді дейік. Даяшы вирусты симптомсыз өткеріп жүрген болса, төртеуіне де ауру жұқтыруы мүмкін. Оның біреуі тіпті жансақтау бөліміне түсіп, өміріне қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда кімнің құқығын бірінші кезекте қорғауымыз керек? Вакцина алудан бас тартқан даяшының құқығын қорғау маңызды ма, әлде дәмханаға тамақтану үшін келетін тұрғындардың қауіпсіздік құқығы маңызды ма? Бұл мысал міндетті вакцинация тамақтану, қызмет көрсету саласына ғана қатысты болу керек деген сөз емес. Өйткені қазір қолымыздағы жалғыз қару – вакцина.

Коронавируспен ауырып шыққан адамға вакцина салған қажет пе?  

Бүгінде әлемде коронавируспен ауырып шыққан адамдарға вакцина салу тәжірибесі бар. Осы орайда маңызды екі мәселені атап өткен жөн. Біріншіден, коронавируспен ауырып шыққан адамға вакцина салынғаннан кейін иммундық жауап 10 есеге, бәлкім, 50 есеге күшейеді. Коронавирустан одан да күшті қорғайды. Сондықтан коронавируспен ауырып шыққан, содан кейін вакцина салдырған адамдар вирустан барынша қорғалған топқа жатады. Соның ішінде "дельтаға" да көп шалдықпайды.

Ауырып шыққандардың иммунитетін вакцина әлсіретпей ме?  

Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, одан жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар – ауырып жазылған соң вакцина салдырғандар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.