Вакцина. Міндеттеу. Қолданылатын шара. Үнді штамы. Локдаун. Авиарейстер
Елімізде вакциналау міндеттеле ме? Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады? ПТР-тестілеу бағасы арзандай ма? Қазақстанда коронавирустың үнді штамы қанша адамнан табылды? Үнді штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе? Үнді штамына денсаулық сақтау жүйесі дайын ба? Авиарейстер жабылуы мүмкін бе? Вакцина алған қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды? Балаларға вакцина салына ма? Депутаттар вакцина салдырды ма? QazVac вакцинасы көрші елдерге жіберіле ме?
Автор: Заира Сабитова
Елде коронавирустың үнді штамы қанша адамнан табылды?
23 маусым есебі. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 55 адам экспресс-әдіспен тестілеуден өтті. Олардың 55%-ында яғни 30 сынамада үнді штамының мутациясы болуы ықтимал. Алматыда да үнді штамының циркуляциясы анықталды. Кеше тестілеуден өткендер арасынан бір сынама табылды. ПТР скринингі үнді штамына тән мутацияны анықтайды, ал толық сенімді нәтиже алу үшін геномдық реттілік жүргізіледі. Вирустың ДНҚ тізбегі толық қарастырылып, үнді штамына тән мутацияның болу-болмауы анықталады. Бұл талдау әдетте, айтарлықтай ұзақ өтеді және оған шамамен үш апта жұмсалады. Мамандар алдымен жедел тестілеу өткізіп, ПТР әдісімен анықтаған. Енді дәл осы сынамалар үш апта ішінде тексеріледі. Сонда толық геномдық реттілік үнді штамының бар-жоғын растайды. Дегенмен ПТР-жүйелер өте сезімтал және коронавирустың қандай да бір түрінің мутациясын анықтайды.
Үнді штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?
Ел аумағына локдаун енгізуге байланысты әзірге мәселе көтерілмейді. Ол күн тәртібінде де жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында нақты шектеу шаралары қабылданды. Алдын алу шаралары. Оның ішінде нақты объектілер мен қызмет көрсету саласына, халық көп жиналатын сауда орталықтарына байланысты қандай шаралар қолға алынды. Сондықтан қазір осы шаралар айналасында жұмыс істелінеді. Әрі қарай шешім қабылдау елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
Үнді штамына денсаулық сақтау жүйесі дайын ба?
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой:
Әрине, біз болжаумен айналысамыз. Үнді штамының елде қалай таралатынын түсіну өте маңызды. Нұр-Сұлтаннан басқа Алматыда бұл штаммның ықтимал белгілері пайда болды. Тіпті бір жағдай анықталды. Синхрондау негізінде біз ел бойынша кеңірек көріністі көре аламыз. Жалпы денсаулық сақтау жүйесі реакция беру бойынша қайта құрылды. Резервтік төсек қорын кем дегенде екі есе көп орналастыруға болады. Төсек-орындар дайын. Дәрілік заттар қоймаларда үш айлық қорда бар, жеке қорғаныс құралдары да жеткілікті. Нұр-Сұлтанды қоспағанда, көптеген өңірлерде жағдай тұрақты, ал елордада эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Авиарейстер жабылуы мүмкін бе?
Жабылмайды. Қазақстанда 150-ге жуық рейс бар, 14 елмен тығыз байланыс орнатылған. Қауіпсіздік шарасы қабылдаған. Қазақстанға келетін барлық азаматтарға ПТР-тест міндеттелген. Бұл тіпті шетелде жүрген азаматтарға да қатысты. Әуе кеңістігін шектеу әлі жоспарланып отырған жоқ.
Елімізде вакциналау міндеттеле ме?
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов:
Менің ойымша, ПТР тестілерден өту емес, бәріміз вакцина алғанымыз дұрыс . Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Ал қалғаны эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Қатаң нұсқаларға жол бере алмаймыз. Ведомствоаралық комиссияда қаралған шаралар қабылданды. Іс жүзінде барлық өңірлерде бірінші кезекте қызмет көрсету саласында маңызды қадамдар қабылдау бойынша жедел дайындық жүріп жатыр. Сондықтан біздің алдағы әрекеттеріміз осы жұмыстың нәтижесіне байланысты болады.
Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады?
ҚР ДСМ Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова:
Алдағы уақытта бірқатар санаттағы адамдарды вакциналауда міндетті талап болады. Бұл Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік жеке тұлғаларға да (5 АЕК - 14 585 теңге), заңды тұлғаларға да қарастырылған. Жұмыс берушілер де бұл талаптарды орындамаса, әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Әрбір жұмыс беруші мемлекеттік дәрігердің қаулысын қалай орындайтынын анықтауы керек. Бізге оның орындалуы маңызды.
Вакцина алған қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды?
Қазіргі уақытта (23 маусым 2021 жыл – ред.) вакциналаудан кейін 1437 адам ауырған. Мұның өте төмен деңгей - 0,05% . Өндірушінің өзі вакцинаның тиімділігін 92% деп көрсеткен, яғни 100 адамның сегізі ауырып қалуы мүмкін.
«Спутник V», «Hayat-Vax» және «QazVac» вакциналарын алған науқастар туралы мәлімет: «Спутник V» алғашқы дозасынан кейін 979 адам ауырып қалған, «QazVac-тен» кейін –сегіз және «Hayat-Vax» вакцинасынан кейін - 35 адам ауырған.
Балаларға вакцина салына ма?
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой:
QazVac» бойынша балаларға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, балаларға клиникалық сынақтар жүргізуге тыйым салынған. Қалған вакциналарға келсек, әзірлеушілердің вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерін күтеміз. Мүмкіндігінше ел ішінде балалар жасында қолдануды қарастырамыз және тиісті шешім қабылдаймыз.
Депутаттар вакцина салдырды ма?
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой:
Ереже барлығына бірдей. Вакцина салғызбағандардың бәрі әр жеті күн сайын ПТР- тесттің теріс нәтижесімен келуі керек. Дегенмен депутаттық корпус өте белсенді түрде вакцина алған. Екпе алмағандардың да медициналық немесе науқас болуына байланысты қарсы көрсетілімдері бар. Вакцина салдыру пайызы айтарлықтай жоғары. Барлық басқа кәсіпорындарға қандай ұйым болғанына қарамастан, ереже ортақ. Баршаңызды вакцина салдыруға және отбасыларыңызды қорғауға шақырамыз.
Елімізде ПТР-тестілеу бағасы арзандай ма?
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов:
Менің ойымша, ПТР-тест бағасы қымбаттамайды. Біріншіден, біздің азаматтар вакцинаны таңдайды деп ойлаймын.Қазіргі вакциналау қарқыны да осыны айғақтайды. Екіншіден, ПТР-тестілеудің орташа бағасы 7-8 мың теңге деңгейінде. Жақында ғана ведомствоаралық комиссияда кәсіпкерлер бағаны арзандатып, әрі қарай Еуропа елдерінде қолданылатын жаңа ПТР-тестіні алуды ұсынды. Олар жаңа тәсіл ұсынып отыр. Ол қарастырылып жатыр. Ең алдымен, біз бағаны төмендету мүмкіндігін қарастырамыз.
Қазақстандық вакцина қашан өз елімізде құйылады?
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов:
Үкімет отандық вакцинаны құюға қатысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр.Вакциналар өндірісін кепілді түрде қамтамасыз етуім керек. Вакциналарды өндіргенге дейін, құйғанға дейін – барлығы биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ өндіріс көлемінде жасалады. Онда субстанция дайындалады, содан кейін өнім, содан кейін ғана вакциналар құйылады. Сәуір айында зауыт құрылысын аяқтадық. Қазір жабдықтарды монтаждау аяқталды. 19 маусымда біз құю желісін алғаш рет сынама ретінде іске қостық. Негізі, Қазақстанда да құю мүмкіндігі бар. Қазір валидациялық кезең жүріп жатыр, ол бір жарым - екі айға созылады. Біз тамыз айының соңында және қыркүйектің басында 600 мың дозаны өз зауытымыздың базасында құямыз.
QazVac вакцинасы көрші елдерге жіберіле ме?
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов:
Қазір ай сайын QazVac вакцинасының 100 мың дозасы шығарылады. Шілде айына да 100 мың вакцина жоспарланған. Ал 30 тамыз бен 1 қыркүйекте вакцинаның айлық көлемі 600 мыңға дейін ұлғаяды. Өндіріс мәселесі толық бақылауда. Қазақстанда QazVac бойынша тапшылық жоқ. Шамамен 30 мың вакцина қалып отыр. Жекелеген өңірлерде вакцина жетіспеушілігі байқалса, толықтырылады. Бізден вакцина жеткізуді сұрайтын елдер бар. Бірақ, ең алдымен, өз азаматтарымызды қамтуымыз керек. Әзірге маусым мен шілде, тіпті тамыз айларында басқа елдерге вакцина жеткізу жоспарланып отырған жоқ. Қырғызстан ресми сұрау бар, ол қарастырылды. Вакцина шығару көлемі 600 мыңға жеткен соң, қыркүйекте шамамен миллион QazVac болады, сол кезде осы мәселені көтеріледі.