{metadescription}
21 - 27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

21 - 27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Астрологтардың 21 - 27 маусымға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

21 - 27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал.


Тоқты осыған аса ұмтылмаса да, өзіне назар аудартады. Сыртқы тартымдылығы, сүйкімділігі назардан тыс қалмайды. Таныстық -  бөтен ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауы мүмкін. Жұмыс ауыр болмайды, қызықтыратын, баурап алатын болады. Бәсекелестік көңіл-күй, басқалардан озық шығуға, жаңа кәсіби дҚомақты ақша алуға болады. Сонымен бірге жоспарлаған шығындар өте маңызды, одан қашып құтыла алмайсыз. Кейбіреуі тағдырлы сатып алу жасайды. Өмірдің ішкі жағына, тұрғын үй, интерьерді безендіруге көп жұмыс атқарылады. Өз қолыңызбен лайықты нәрсе жасай аласыз. Жақындарыңызбен мақтанатын уақыт келеді.

Торпақ жақындарыңызбен түсінбестіктің кедергілерін еңсереді. Жағдай шиеленісе түседі. Кәсіби сала сізді әрдайым қызықтырып,  жақсы көңіл-күймен толтырып отырады. Демек, сізге терең тыныстап алуға кедергі болған эмоция ақырындап бәсеңсиді. Күш-жігеріңіздің сенімділігін арттыруға қызмет етудің алғашқы жемісін көре аласыз. Кездесу, келіссөз, қызығушылық танытқандар аясында аралас-құралас шаралар күтіледі. Міндеттеме бөлуге, тиімді ынтымақтастыққа қатысты қолайлы келісім жасалуы мүмкін. Еркектерде материалдық өсу, қаржылық сәттілік күтілуі мүмкін. Әйелдерге бұл апта сатып алулар мен сыйлық жасауға/алуға  қолайлы болады. Жағымды мереке, мерекелерге қатысу күтілуде. Жеке өмір эмоциямен, мерекелік сезімге толы алдамшы көрініске толы болмақ. Достармен сапар шегуіңіз мүмкін.

Егіздер аздап ашуланшақ, сабырсыз болады. Барлығы оны жалғыз қалдырып, оны ұмытқандай сезінеді. Жақындарының іс-әрекетіне бейжай қарамайтындар әсіресе белсенді болады. Өзіңіздің жағдайыңыздан зардап шегіп жатқанда, тіліңізбен шағып,  басқалардың мазасын кетіресіз. Бұл өмірдің басқа саласында өздігінен жүретін тұрақсыз ішкі күй уақыты. Жұмыста жанжал болуы мүмкін. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нақтылау керек. Жеке өмір мұқият талданады. Бұл жерде сенімсіздік пен күдік өз ізін қалдырады ... Саяхат, әсіресе алыс қашықтыққа қолайлы. Тәуелсіз шығармашылық жоба, жұмыстың тәуелсіз тәсілі сәтті болады.

Шаян кез келген мәселені шешуде жақын адамынан қолдау табады. Оқиғалар сіздің маңыздылығыңызды ерекшелеп, кейде сізді алмастырылмайтындай сезінетін, сізсіз түк бітпейтіндей дамиды. Өз ықпалыңызды, күшті энергияңызды кәсіби аспектіні нығайтуға және кеңейтуге бағыттайсыз. Үзілген байланыстарды қалпына келтіруге, ескі іскерлік байланыстарды қалпына келтіруге болады. Өз жетістіктеріңізден, мүмкіндіктеріңізден және ашылуы тиіс жарқын  болашағыңыздан шабыттанасыз. Диалогтар, сұхбаттар, БАҚ арқылы байланыс үлкен маңызға ие болады. Материалдық деңгей айтарлықтай жоғарылайды. Сіз ұмтылған сатып алу жүзеге асырылады. Үйді, кеңсені, аумақты жайластыруға көп күш жұмсау керек. Бірақ мерекелерден де тыс қалмайсыз. Жақын достарымен жағымды мереке күтілуде.

Арыстан жақындарының, әріптестерінің позициясымен келіспейді. Жан-жақтан сын естуі мүмкін. Дипломатия қазіргі уақытта сіз үшін емес. Көбісі әріптестері мен достарын ашық әжуалайды. Көршілермен ашық жанжал жоққа шығарылмайды. Осы кезеңде достық қатынастарды жоғалту, пайдалы ынтымақтастықты үзу қаупі бар. Жұлдыздар шығармашылық жұмыспен айналысып, өз бетінше жұмыс істеудің ұсынады. Туысқанның мәселесіне назар аудару керек. сізсіз ештеңке жасай алмайды. Сізге материалдық және моральдық қолдау қажет болады. Басқалардың көз алдында жақсы көріну үшін сабырлық сақтауға тырысыңыз. Бірақ кез келген бұлттың артынан күн қылтиып шығатынын ұмытпаңыз: сіз көптен бері келе жатқан сұрақтарға жауап таба аласыз. Бір ғажабы, бұл уақыт сізді шыңдап, өзіңізге көбірек сенуге көмектеседі. Жеке өміріңізде бәлендей бақытқа бөлену қиынырақ болмақ. Бірақ өзіңіздің қажет екеніңізді түсіну жүз пайызды құрайды.

Бикеш жақындарының, туыстарының шабуылынан қатаюы мүмкін. Мән-жайға көз жеткізе алмай қынжыласыз. Сырт  қарағанда сіз бақуатты және өмірге қанағаттанған адам туралы әсер қалдырасыз, бірақ өміріңіздің қиын сәтінде түсінетін және қолдайтын туыстық рухты аңсайсыз. Жақын адамдарыңызбен ашық әңгімеге бейім емессіз.   Одан гөрі әріптесіңізбен, көршіңізбен немесе көптен бері танысыңызбен әңгімелескен оңайырақ болады. Ақшаны үнемдеу керек. Бұл апта  әмияныңызды толықтыруда аса жомарт болмайды. Сонымен бірге туысыңызға қаржылай көмектесесіз. Өзіңізге қымбат адамдарға сыйлық бересіз. Егер киім-кешек  жаңарту серпініне бағынатын болсаңыз, онда ссатып алған нәрсе сізді ұзақ уақыт қуантады. Кітаптар, фильмдер, пікірлес адамдармен қарапайым қарым-қатынас сіздің өзіңізді мүжіп, уайымдауға жол бергізбейді.

Таразы ел назарында болады. Таныс адамдар арасында пікірін ортаға салады. Өзінің бұрынғы байланыстары мен іскери келісімін есіне алады. Кәсіби аспект бірінші орынға шығады. Сіздің құзырлылығыңыз тек кәсіпорынның тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен әріптестердің әл-ауқатына әсер етеді. Іскери серіктестермен келіссөз үлкен маңызға ие болады. Мәлімдеме жасау керек, қызығушылық танытқан аудитория алдында белгілі бір бастама көтеру керек. Сәттілік тәрбиешілердің, саясаткерлердің, науқан жетекшілерінің жағында. Қолыңыздан қомақты ақша өтеді. Жеке қаражат салуды қарастырыңыз. Мүмкін болатындар:  іссапар, саяхат. Жеке өміріңізде сезім тапшылығын сезінесіз. Бірақ жүрегіңізді тек бір адам туралы ой ғана жылытады ...

Сарышаян айналасына, үйінің орналасуына назар аударатын болады. Бұрын бағаланбаған қатынас сізге енді маңызды болады. Бар жағдайды өз қалпында, өзгеріссіз  сақтап қалуға тырысасыз. Түйсік деңгейі жоғарылайды, бұл сізді қажетсіз шығыннан және күмәнді сатып алудан құтқарады. Бірақ жақсы адамға сыйлық іздеу керек. Жағымды кездесулер мен кештер өтуі мүмкін. Жұмыста өзгеріс болады деп күтпеңіз. Бірақ дәл қазір  болжауды белсенділіктің қолайлы кезеңі деп санайсыз. Жаңа қызметкерлермен танысуға болады. Шығармашылық дамиды. Өзіңіз құрған жоспарларды пікірлестермен бірге жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Іс-әрекеттер мен іс уақыты келді. Сіз мұны жақсы түсінесіз. Жеке өмір  жылулық сезімімен қуантады.

Мерген ажырасудың ауырлығын жеңеді, оған дайын емес болатынсыз. Сіздің өмір салтыңыз қызықты іс-әрекеттің жаңа үлгісін жасайды. Үнемі ақпарат алуға, жаңалық қабылдауға және беруге бағытталасыз. Жаңа жоспар құра отырып, күнделікті өмірден өзіңізге жақын нәрселерді жасайсыз. Бірақ күнделікті өмірде байқалмайтын қарапайым дүние сізді шабыттандырады және қуантады. Сізбен кәсіподақтар мен шығармашылық бірлестіктер құрған тиімді. Қаржылық инвестицияға жақсы кезең. Маңызды сатып алу болуы мүмкін. Осы күндері жұмсалған ақша сізге жаңа сапапен оралады. Ересек туыстардың біріне материалдық көмек көрсетуге мәжбүр боласыз. Жеке өміріңізде өз сезіміңізге қарамастан, серіктесіңізбен сирек кездесетін байланысты сезінесіз.

Тауешкі тәуелсіз және өзіне сенімді болады. Бірақ сенімі аздап күдік ұялатады. Сізді ер адам жағынан туыстың тарапынан  келген жаңалықтары алаңдатуы мүмкін. Әр минут сайын жоспарланған болса да, сіз басқалардың кейбір міндеттерін өзіңізге алуға мүмкіндік таба аласыз. Сіздің жеке жауапкершілігіңіз жоғары. Достар мен таныстар жиі хабарласады. Бұл қарым-қатынасты нығайту, байланысқа сенім арту және ұзақ мерзімді байланыс орнату кезеңі. Кәсіби қызметте үнемі өсу тенденциясы бар. Кедергілердің жоқтығы мен айқын перспектива сізді тіпті аздап таң қалдырады. Сапарға, сумен немесе әуе көлігімен саяхаттауға мүмкіндік бар. Осы кезеңде заңды мәселені шешпеген дұрыс. Әсіресе даулы меншік мәселелері. Сезім алдамшы. Сізден ешқандай шынайылық күтуге болмайды ...

Суқұйғыш басқаларға жалған әсер қалдырады. Аздаған мұңды түріңіздің артында прагматикалық және салқын қанды болмысыңыз тұр. Ер адамдар тым жұмбақ және тартымды. Әйелдерде тартымдылық шексіз болады. Сізден достар қызығушылық танытатын және жақсы әңгімелесушіні көреді. Жақын дос табылмайтын сияқты. Алайда, сіз басқа адамдарды пайдалану арқылы өзіңіздің ең керемет жоспарларыңызды жүзеге асыра аласыз. Жауапкершілік жүгін өзгелерге жүктесеңіз, мақсатқа жетуге болады. Қаржылық проблеманы пайдалы іскери серіктестіктер айтарлықтай өзгерте алады. Кәсіби тұрғыда мансаптың жақсы болашағы болады. Көбісінде жаңа позиция болуы мүмкін. Сізге деген қызығушылық әлі де жоғары болғанымен, сезім аймағы басылады. Ерлі-зайыптыларға серіктесіне қанағаттанбау кезеңі жалғасады.

Балық не болып жатқанына оптимистік көзқараспен қарайды. Сіздің қызығушылықтарыңыз кәсіби қызмет пен достық қарым-қатынасқа бағытталған. Кездесулер, сенетін адамдармен бірлескен демалыс ерекше маңызды болады. Алыстан келген адам сізді таң қалдырады және үрейлендіреді. Сапарыңызды жоспарлайсыз. Өткен оқиғалар туралы естеліктер мен талқылаудың маңызы зор болады. Өткенмен ойын ... Сіздің қызығушылығыңызды бөлісетін жаңа адамдармен кездесу, аралас-құралас жақсы көңіл күй сыйлайды. Бұл сіздің қалауыңызға қарамастан бүгінгі өмір салтын жаңартады. Іс қағаздары, құжаттар, ақшалай салым немесе қарызды өтеу мәселелері өзекті болып табылады. Үлкен және қымбат сатып алу үшін пайдалы ұсыныс болуы мүмкін. Сезімге қатысты барлығы бақылауда болмақ.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

ОЗБЫР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ? ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ПОРТРЕТІ

ЕГЕР КАРТАҢЫЗДАҒЫ АҚШАНЫ БӨТЕН АДАМ ШЕШІП АЛСА ...

ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.