{metadescription}
Ұлттық санақ: Сауалнама. Қауіпсіздік. Құқық. Бас тарту

Ұлттық санақ: Сауалнама. Қауіпсіздік. Құқық. Бас тарту

Халық санағы қалай өткізіледі? Сауалнама қалай құрылған? Жеке бас деректері қалай қорғалады? Алаяқтыққа жол бермеу үшін қандай шара қабылданған? Интервьюер қандай құжат сұрай алады және құжат көшірмесін, фотосурет түсіруге қақысы бар ма?  Интервьюерге есік ашудан немесе сауалдарына жауап беруден бас тартқан адам жауапқа тартыла ма? Бұған дейін халықтың неше пайызы санаққа қатысудан бас тартқан еді?

 

Қазір қазақстандықтардың 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайтында, 203672 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 82202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысып жатыр.

Бұл ауқымды іс-қимыл сыни түсініктер береді, соның ішінде

  • халықтың нақты саны,
  • жас құрамы,
  • жыныстық құрамы,
  • урбанизация дәрежесі,
  • тексерілген, негізделген басқарушылық шешім қабылдау үшін қажет басқа ақпарат.
  • ақпараттың қайталануына жол бермейді.

Онлайн санақ

Онлайн санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінен басталып 15- қазанға дейін kzsanaq.gov. сайтында жұмыс істейді.

Сайтқа кіру тәулік бойы қамтамасыз етіледі.

Азаматтар, орналасқан жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санақты өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнама толтыру арқылы дербес аяқтай алады. Яғни онлайн санақтан өткенде қатысушы өзімен қатар отбасы мүшелерін де тіркей алады, отасының әр мүшесінің жеке тіркелуінің қажеті жоқ. Бұл ыңғайлы әрі көп уақыт алмайды. Бүкіл отбасы мүшелеріне қатысты тиісті мәліметтерді тіркеген соң санақтың қорытындысы хабарлама түрінде келеді.

Sanaq.gov.kz сайтына бір рет қана тіркеліп бір отбасын қамту қарастырылған. Санақ парақтарын толтыру басталған сәтте «Респондентті қосу» нұсқасы ұсынылады. Бірге тұратын туысыңыздың ЖСН-ін енгізген соң жүйе оның толық аты-жөнін автоматты шығарады. Есесіне санақ парақтарын толтыруға кететін уақыт үнемделеді. Санақ сауалдарына жауап берген соң хабарлама онлайн өткен барлық отбасы мүшелеріне ортақ болып саналады.

Мобильді қосымшаның көмегімен интервьюер барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық бақылауды ескере отырып сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған мәліметтер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.

1446 байланыс орталығы жұмыс істейді. Азаматтар Call орталыққа хабарласып өзін толғандырған сұрақтарға жауап алады. Хабарласу тегін және орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауал бойынша 1446 байланыс орталығына тегін хабарласуға болады. 

Онлайн санақ кезінде жеке бас деректері қалай қорғалады?

 Ұлттық статиска бюросының ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың аса маңызды нысандарының тізіміне енгізілген және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» мекемесінің талдауына алынған. Тоқсан сайын жүйенің осал тұстарын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп отырады. Санақ қарсаңында ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сынақтан өткізіліп, ол бойынша оң нәтиже алынған.

Арнайы sanag.gov.kz сайтының қорғанышы ретінде сервер мен қолданушы арасындағы ақпарат алмасу https хаттамасымен қорғалған, әлемдегі ірі сертификаттау орталықтарының бірі - Sectigo SSL-сертификаты алынды.

Халық санағы кезінде мәліметтерді орталық серверге беру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Біріншісі – планшеттен онлайн режимде қорғалған желі арқылы (интернетке қосылмай) ұялы байланыс оператарының мәліметтерді пакеттік беруі. Мұндай байланыс түрін интервьюер барлық деңгейде (қалалық, аудандық, ауылдық) оператор қызметінің байланыс аймағында планшетті қолданып, жүргізе алады.

Екінші тәсіл – ұялы байланыс нашар шалғай ауылдарда сауалнама жүргізу кезінде пайдаланылады. Интервьюер үшін санақ жүргізудің орталық серверіне мәліметтерді оффлайн режимінде жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округ әкімдіктері) қосылған арнайы желі арқылы беру мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай байланыс түрі қалалық, аудандық, ауылдықәкімдіктерде қолжетімді.

Мәліметтерді барлық аумақтық статистика органдары қосылған бюроның деректер берудің ведомстволық желісі арқылы да жіберуге болады. Жіберілетін барлық файлдар шифрланған.

Санақ жүргізетін интервьюердің мойнында көк түсті «Халық санағы» символикасы бар шарф, көк түсті сөмкесі, планшеті және Интервьюер екенін айшықтайтын бейдж-құжаты болады.

Ол құжатта фотосуреті, аты-жөні, тиісті аумақтық статистика бөлімінің мөрі және нөмірі көрсетіледі. Ол нөмірді sanaq.gov.kz сайтындағы «интервьюерді іздеу» жолағына енгізу арқылы тексеруге болады. Тұрғын санақ мәліметтерін алушының интверьюер екеніне күмәнданатын болса, 1446 және 8 8000 800 878 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласу арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Құжаттардың көшірмесі мен фотосуреттерін түсіруге құқы жоқ. Интервьюер респонденттің жеке сәйкестендіруші нөмірін тек деректердің анықтығына көз жеткізу үшін қолдануға сұрай алады. Оны арнайы планшетке енгізу арқылы санаққа қатысатын тұлға туралы бастапқы мәліметтерді алады.

Планшетке енгізілетін мәліметтер санақ сауалдарына жауап алу аяқталған соң бірден шифрланып, қорғалған арнайы байланыс каналдары арқылы тікелей Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне келіп түседі. Планшеттегі бұл мәліметтерді көшіріп алу немесе біреуге беріп жіберу мүмкіндігі жоқ. Және ақылы түрде қызметке алынатын интервьюерлер азаматтардың жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға жарияламау туралы келісімге қол қояды. Бұл талапты бұзғандарға заңмен жауапкершілік қарастырылған.

Санақ екі тәсілмен жүргізіледі.

Санақ парақтарына онлайн тәсілмен жауап беру қарастырылған. Яғни, әр респондент өзіне ыңғайлы жолды таңдайды. Ол үшін 45 күн уақыт беріледі (1 қыркүйек пен 15 қазан аралығы). Егер осы кезеңде жауап қатпаса, үйіне интервьюер келеді. «Мемлекеттік статистика туралы» заң бойынша, азаматтар статистикалық мақсатта пайдалануға қажетті мәліметтерді беруге міндетті.

Егер белгілі бір себептермен респондент үйінде болмаған жағдайда интервьюер өзінің телефон нөмірі мен аты-жөнін көрсетіп, хабарлама қалдырып кетеді. Кейін сол үйге тағы бір мәрте барады.

Азамат санақшының сауалдарына жауап беруден бас тартса, ондай тұлғалардың тізімін жасап, аудандық, қалалық, облыстық комиссияның қарауына ұсынады.

 

Дәстүрлі санақ сауалнамасы туралы

Дәстүрлі үздіксіз санақ онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамтуға  қажет санитарлық нормаларды сақтай отырып, 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жүргізілетін болады. Интервьюерлер планшет қолданады.

Сұрақтар халық талқысынан өткен, сұрақтар елімізде 2009 жылы өткен санақ сауалнамасының негізінде құрастырылған. Оның ішінде мемлекеттік құзырлы органдардың ұсынысы бойынша енгізілген сұрақтар да бар. Одан бөлек, халықаралық ұйымдардың да пікір, ұсынысы ескерілді. Атап айтқанда, Еуропалық статистер конференциясы және Вашингтон тобы секілді сырт ұйымдар. Сонымен қатар биылғы онлайн санақтың сауалдары Ашық НҚА алаңына жарияланып, халық талқысынан өтіп, мемлекеттік органдармен келісілген.

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады.

Халық санағы ең алдымен мегаполис тұрғындары үшін қажет, өйткені халық санағы перспективалы әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге өз үлесін қосады.

Ескертілетін жайт: сауалнамада «тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттар) сыртқы қабырғаларының материалын көрсетіңіз» деген сұрақ та бар. Бұл сұраққа 11 түрлі жауап нұсқасы бар. Бұл ел бойынша, атап айтқанда Алматыда тұрғын үй қорының жай-күйін кешенді талдауға мүмкіндік береді. Алматы үшін бұл қаланың Бас жоспарын түзету мақсатында өте маңызды, өйткені қалалықтар тұрғын үймен қамтамасыз етілуі керек.

Жауаптардың көмегімен экономика мен әлеуметтік саладағы проблемаларды анықталып, жоспарлауды жақсартуға болады.

Кейбір сұрақтар инфрақұрылымның даму деңгейін анықтауға бағытталған – балабақша, мектеп, медициналық мекемелер мен басқа да әлеуметтік нысандардың болуы. Бұл сұрақтар нақты санақ кезінде елдің демографиялық көрінісін көрсетуге көмектеседі.

Халықаралық ұйымдар ұсынған сұрақтардың арасында азаматтардың денсаулығына қатыстылары да бар. Мысалы, көру, есту, жүру және есте сақтауға қатысты нақтылау сұрақтары енгізілген. Бұл қала құрылысы мен сәулетшілер үшін де маңызды. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тиісті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Санақ экономиканы дамытуға мүмкіндік береді, себебі мемлекет халық туралы нақты статистикалық ақпаратқа ие болуы керек.

Жұмыс туралы жауаптар әр түрлі аймақтардағы еңбек нарығын зерттеуге көмектеседі. Өте маңызды мәселе – «Сіз тұрақты тұрғылықты жеріңізден жұмысқа дейін қанша уақытта жетесіз?». Бұл өте маңызды аспект. Адамдардың жұмыс іздеуге қайда және қалай көшетіні туралы ақпарат жұмыс орындарының жетіспейтінін түсінуге көмектеседі. Демек, бұл аумақта жаңа кәсіпорындар салу, қызмет көрсету саласын дамыту қажет.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.