{metadescription}
COVID-19: Тұмау. Оңалту. Штамм. Белгілері

COVID-19: Тұмау. Оңалту. Штамм. Белгілері

Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма? Індеттің таралуы неге бірде өршіп, бірде баяулайды? Ауыр халде ауруханаға неге көптеп түсіп жатыр? Ковидпен ауырғандар оңалтуды қажет ете ме? Вакцина қазір таралып жатқан ковидтің барлық штамынан қорғай ала ма? Коронавирус инфекциясының белгілері өзгерді ме?

Коронавируспен жеңіл, орта, ауыр деңгейде ауырған науқастар оңалтуды қажет етеді. Оңалту стационар деңгейінен басталу керек. Оңалту комплексті, рационалды түрде, бүкіл клиникалық ерекшеліктерді, психологиялық факторларды ескере отырып жүргізілу керек.

«Науқас стационардан шыққан соң, емханаға келеді. Онда дәрігерлер науқасты реабилитациялық орталықтарға жібереді және қажетті дәрілер мен оңалту ұсыныстарын береді. Осыдан кейін науқас санаторлық курорт кезеңінен өтуі тиіс. Ауырған соң, ауру деңгейіне байланысты бұл науқастар емхана деңгейінде учаскелік дәрігерде есепте тұрады.

Коронавирустың төртінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Антиденелердің жоғары титрі болған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, эпидемиологиялық ахуал жақсармайды.

Вакцина қазір таралып жатқан коронавирустың барлық штамынан қорғануға көмектеседі. Сонымен қатар вирусқа қарсы әрі тұрақты иммунитет пайда болады.

Аурудан кейін қалыптасатын табиғи иммунитеттің күші адамдарда әр түрлі. Табиғи иммунитет ұзақ сақталмауы мүмкін. Вакцинация арқылы иммунитеттің дамуы оның табиғи пайда болуына қарағанда аз тәуекелге ие, өйткені COVID-19 жұқтырған кезде симптомдардың ауырлығын болжау мүмкін емес. Ауырғанда білікті медициналық көмекке дер кезінде жүгіну өте маңызды.

Коронавирус инфекциясының белгілері

Жоғары температура, ентігу, түшкіру, жөтел мен мұрынның бітелуі, бұлшықет пен кеуде тұсының ауыруы, бас ауруы мен әлсіздік. Бұл жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты белгілермен толықты.

Тұмау мен коронавирусқа қарсы вакцинаны бірге алуға бола ма?

Тұмауға қарсы вакцина мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар алуға болады. Бірақ тұмауға қарсы екпені науқас коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырғаннан кейін алу керек. Тұмауға қарсы вакцинаны бір айдан кейін салдыруға болады.

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына аралас инфекция қаупі туралы ескерткен. Егер адам коронавирусқа қарсы екпе алған болса, екі апта аралықты сақтауы тиіс, кейін екінші вакцинаны алуға болады. Алдымен тұмауға қарсы вакцинаны салдырған болса, онда 2-4 аптадан кейін коронавирусқа қарсы вакцинаны алады.

Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады

Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады. Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді. Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталады. Салынатын Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы.

Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасайды. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті. 

Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды. Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады.

Ақылы негізде жеке медициналық ұйымдарда тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі.

Ол тұрғындардың өтініші бойынша ерікті түрде жасалады.

Коронавирустың таралуы неге бірде өршіп, бірде баяулайды?

Шектеу шараларын сақтаған кезде ауру жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендейді. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде тағу, локдаун жариялағанда вирустың таралуы төмендеген. Кейін карантин талаптарын жеңілдеткенде вирустың таралуы қайта өрши түседі. Әлеуметтік қашықтықты сақтаған сайын науқастар саны азаяды.

Ауруханаға ауыр халде түсетін науқас саны неге артты?

Коронавирус ауруының белгілері былтырдан бері бірқалыпты өтуде. Соған байланысты науқастар үйде өз бетінше емделе бастады. Оның арты адам денсаулығының нашарлауына әкеп жатыр. Өз бетінше емделген дұрыс емес, қандайда бір ауру белгісі білінсе уақыт оздырмай дәрігерге қаралу керек. Коронавирустың белгісі ол түшкіру, мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының көтерілуі, буындардың сырқырауы және тағы басқалары. Бұл белгілер ЖРВИ мен тұмауға да тән. Оларды ажырату үшін бірінші кезекте дәрігерге хабарласу қажет. Тәжірибе көрсеткендей қазір бұл ауру белгілеріне ішек инфекциясы қосылды. Иммунитеті төмен және созылмалы ауруы бар адамдар жиі ауырады. Ол ересек немесе орта буын өкілдері болуы мүмкін, егер адамның иммунитеті төмен болса, ол жерде жас ерекшелігі маңызды емес. Өйткені қазір балалар да ауырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде