{metadescription}
Pfizer вакцинасы: СҰРАҚ-ЖАУАП

Pfizer вакцинасы: СҰРАҚ-ЖАУАП

Pfizer вакцинасын балаларға қандай жағдайда салмау керек? Pfizer вакцинасы аутизм мен белсіздік тудыруы мүмкін бе? Вакцина басқа созылмалы аурулардың өршуіне ықпал етпей ме? Pfizer салдырған жүкті әйелдің баласы дүниеге сау болып келе ме? Балаға Pfizer салу алдында қандай шаралар болады?Аталмыш вацинамен кімдер ревакцинация жасай алады? Бұл вакцина ақылы айналымға қашан шығады?

Америкалық Pfizer фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен женевалық Дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19 вирусына қарсы тәжірибелік дәрі-дәрмек шығару келісіміне қол қойылғаны бәріне мәлім.

Бұл препараттың өндірісіне берілетін лицензия оны әлемнің 53 пайыз тұрғыны бар 95 елде шығаруға мүмкіндік беретіні нақтыланған.

«Бастапқыда бұл дәріні тек қауіп тобына жатқызылатын адамдарға ғана беру керек деп ойлаймыз. Мұндағы мақсат – олардың ауруханаға түсуіне және аурудың асқынуына жол бермеу. Препаратты аурудың алғашқы белгілері шыққан кезде бірден қабылдау керек», - деген еді патенттік пул өкілі Эрве Верхусель.

Comirnaty/Pfizer вакцинасының бір дозасының құрамында капсулалы бөлшектер қабығында 30 микрограмм РНҚ немесе рибонуклеин қышқылы бар.

Бұл РНҚ ақпарат адамның ДНҚ-сына ене алмайды, ол нақты антиденелердің түзілуін ынталандырады және орта есеппен 72 сағаттан кейін денеден жоғалады.

Pfizer компаниясы 95 елде коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмек шығарғалы отыр.

Кімге және қашан?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасын 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін) және бала емізетін аналарды вакциналау үшін ұсынған. Бұл препарат клиникалық сынақтардың барлық сатыларынан өтіп, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін растайды және осы әлеуметтік топтарда қолдану үшін мақұлданған.

 Вакцина салдыру алдында коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. Вируспен ауырып жазылған адамдарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакциналауына болады.

Pfizer препаратының тиімділігі 95%-ды құрайды.
Вакцина алған кезде бірінші кезекте пациентті тексеру жүзеге асырылады, оның барысында анамнез алынады. Дәрігерлер өткен аурулар туралы сұрайды. Температураны, қысымды өлшеу, жұтқыншақты тексеру тікелей жүргізіледі.

Ал жүкті әйелдерді вакциналау кезінде мерзімдерді белгілеу қажет

Жанама әсерлері

Вакциналау науқаны басталғаннан бері вакциналанғандардың арасында 1-2 күн ішінде инъекция орнында температураның шамалы көтерілуі мен ауырсынуды қоспағанда, елеулі жанама әсерлер байқалмаған.

Инъекция салынған жерге үш күн бойы су тигізуге және физикалық белсенділік танытуға, ваннаға түсуге болмайды. Егер жайсыз сезіну байқалса өз дәрігеріңізге немесе екпе салған дәрігерге хабарласқан жөн.

Тұмау мен Ковид-19

Тұмауға қарсы иммундауды ұсынды, бірақ тұмау мен ковидке қарсы вакцинаны бір мезетте алмаған жөн, олардың арасындағы интервал кем дегенде 14 күн болуы керек.

Comirnaty/Pfizer вакцинасы аутизм мен белсіздік тудыруы мүмкін бе?

Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:  

-Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейді. Сондай-ақ, бұл басқа созылмалы аурулардың өршуіне ықпал етпейді және вакциналау қант диабеті, қатерлі ісік сияқты созылмалы аурулары бар адамдарға қажет, өйткені мұндай адамдарда COVID-19 өте ауыр өтеді.

Pfizer вакцинасы ақылы айналымға қашан шығады?

 Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Үкімет Pfizer вакцинасын коммерциялық сегментке жіберуді қолдады. Қазір соның тетіктері пысықталып жатыр. Қазақстан өңірлерінің бәрінде аталған вакцинаны коммерциялық сегментке шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуді жоспарлап отымыз. Қазірдің өзінде жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер сияқты тегін вакцина алатын санаттарды қоспағанда халықаралық сапарға жиі шығатындар үшін мұндай вакцинаны алу мүмкіндігі болады.

Бағасы әлі анықталады. Бұл коммерциялық сегмент. Бәсекелестік орта бар дегендей. Біз осы жылдың соңына дейін бұл вакцина ақылы айналымға түсуі керек деп жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін біз өңірлерге ақылы вакцинаны жеткізудің тетігін анықтаймыз.

Pfizer вакцинасын балаларға қандай жағдайда салмау керек?

Айжан Амангелдиева, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балалар денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы:

-Егер баланы тексеру барысында дәрігер созылмалы аурулардың асқынуын анықтаса, немесе температурасы көтерілсе және вакцина құрамына кіретін компоненттерге қарсы аллергиясы болса, мұның барлығы вакциналауға  қарсы көрсетілімдерге жатады.

Pfizer вацинасымен кімдер ревакцинация жасай алады?

Әсел Қалықова, Алматы қаласы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Sputnik векторлық екпе болғандықтан, кез келген инактив вакцинамен ревакциналау жасауға болады. Алматыда азаматтар Sputnik, Pfizer сияқты екпелермен ревакциналау жасай алады, таңдау бар. Егер керісінше бірінші инактив екпе салдырған болса, онда Sputnik векторлық вакцинасымен ревакциналау жасай алады. Pfizer екпесімен ревакцинация жасағысы келетіндер тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға барып, өтінім қалдыруы тиіс. Қосымша доза болған жағдайда ревакциналау жасалады.

Егер азамат қайта егу векторлық вакцина салдырған болса – 9 айдан кейін, ал белсенді емес вакциналар мен м-РНҚ вакциналар еккен болса – 6 айдан кейін жасалады.

Pfizer салдырған жүкті әйелдің баласы дүниеге сау болып келе ме?

Светлана Сұлтанғазиева, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:

-Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Ол вакцина кезінде тырысқақ, туберкулез сияқты індеттерді жеңуге көмектеседі. Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп айта аламыз.  

Балаға Pfizer вакцинасын салу алдында қандай шаралар болады?

- ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен 12 жастан 18 жасқа дейінгі егілетін адамға тексеру және сұрау жүргізіледі;

- иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, егуді жүргізуге рұқсат ресімделеді;

- егілетін адамға және/немесе оның ата-анасына (заңды өкіліне) профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен иммундаудан кейін жағымсыз жайттар, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі.

Pfizer вакцинасын салдырғандар кейін ревакцинациядан өтуі керек пе?

ДСМ мәліметінше, Pfizer вакцинасын салдырғандар да ревакцинациядан өтуі керек, яғни үшінші доза салдырады.

Pfizer вакцинасын салдырғандар алты айдан кейін ревакцинаға бара алады. Үшінші доза ретінде оларға инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник V) вакцина салдыру ұсынылған. 

Соңғы жаңалықтар:

«Pfizer-BioNTech» вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90,7% тиімділігін растады. Бұл туралы Pfizer компаниясы мәлімдеді.

Фармакологиялық компания АҚШ-та аталған жас санатына вакцинаны жедел қолдануға рұқсат алу үшін өтінім жіберді. Ол АҚШ-тың Дәрі-дәрмек жөніндегі федералды агенттігінің сайтында жарияланған.

Pfizer деректеріне сай, екінші дозадан кейін кем дегенде жеті күн өткеннен кейін вирустың симптомдық формаларына қарсы вакцинаның тиімділігі 90,7 % көрсетті. Зерттеу 5-11 жас аралығындағы 2 250 балаға жүргізілді. Олардың 1 500-і вакцина, ал 750-і плацебо алды.

Pfizer компаниясы вакциналаудан кейін ауыр ауру түрлері мен мульти қабыну синдромы немесе миокард жағдайлары тіркелгемегенін хабарлады.

Балаларға арналған дозаның мөлшері – 10 микрограм. Ересектерге 30 микрограмм салынады.

Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі бес жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын егуді кеңейту бойынша өтінімді қарастыра бастады.

Қазіргі кезде вакциналау сертификаты Green Pass Еуроодақ елдерінің көбінде 12 жастан асқан азаматтардан қоғамдық шараларға, дәмханалар мен мейрамханаларға барған кезде сұралады.

Жапонияда Pfizer вакцинасының тиімділігі 85-96% деп бағаланды

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.