{metadescription}
ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі Үкімет шаралары. Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі Үкімет шаралары. Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы саласына қатысты қандай шұғыл шаралар қабылдады? Үкімет тарапынан қандай өзгерістер болады?  Субсидия енді қалай әзірленеді? Қандай жеңілдетілген несиелендірілу бағдарламалары бар? Қай және қанша өнімге экспорттық шектеу қойылды? Мал экспорттауға тыйым салынғаны рас па?  

Субсидиялаудың тегін ақпараттық жүйесі әзірленді. Оны тестілеу Ақмола облысынан басталады.

Мал бордақылау саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп жүзеге асырылуда.

Оның аясында ауыл шаруашылығын нақты әртараптандыруды қамтамасыз ету көзделген.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау келесі жеңілдетілген несиелендірілу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:

«КЕҢ ДАЛА» – 70 миллиард.

Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы – 80 миллиард.

Мынадай шұғыл шаралар қабылданды:

2022 жылдың 1-шілдесіне дейін 125 мың тонна күнбағыс тұқымы және 110 мың тонна күнбағыс майы экспорттарының саны шектеледі.

3 айға картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салу.

Тірідей ірі қара мал мен ұсақ малды экспорттауға тыйым салынды.  

Тұқымдарды, тыңайтқыштарды және пестицидтерді сатып алуды субсидиялауға 2022 жылға 70 миллиард теңге қарастырылған.

Қаңтар айынан бастап әлеуметтік нан өндіру үшін аймақтарға өткізілген астықтың құнына субсидия енгізілді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы аясында импортты алмастыру бойынша шаралар кешені қарастырылған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.