{metadescription}
Елімізде 10 мың сарбаз бен 2 мың техника әскери дайындыққа көшті
Елімізде 10 мың сарбаз бен 2 мың техника әскери дайындыққа көшті

Елімізде 10 мың сарбаз бен 2 мың техника әскери дайындыққа көшті

Еліміздің Қорғаныс министрлігі күтпеген жерден қарулы күштерді дайындықтан өткізіп жатыр. Біздің әскерде бұрын-соңды мұндай шұғыл әрі ірі көлемде сынақ  болған емес.

Жауынгерлік әзірлікті Қорғаныс Министрінің өзі бақылауда.  Оған еліміздің бес облысы: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік және Батыс, Шығыс  Қазақстаннан  10 мыңға жуық  әскерилер  қатысуда. Әуе қорғаныс күштері, танкішілер, шекарашылар  сынды қарулы күштердің барлық саласы сынақ тапсырып, дайындықтарны пысықтап жатыр. Әзірлік әлі апта бойы жүреді.  Мұндай дайындықтар соңғы кезде әлемді  арандатып отырған экстремистік, лаңкестік ұйымдардан төнген қауіп-қатерден қорғану үшін ұйымдастырылған екен. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қапшағайдағы «Берег» оқу-жаттығу орталығына барып, нысанды тексеріп шықты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде