{metadescription}
Электр жүйесіндегі ақау семейліктерді техникасыз қалдырды
Электр жүйесіндегі ақау семейліктерді техникасыз қалдырды

Электр жүйесіндегі ақау семейліктерді техникасыз қалдырды

Семейде тағы да электр желілеріндегі қысқа тұйықтлаудың кесірінен тұрғындар шаш-етектен шығынға батты. Қолда бар тоңазытқыш, теледидар, компьютер атаулы түгел істен шыққан. Бір сәтте бүкіл техникасынан айрылған 10 қабатты үйдің тұрғындары пәтер иелері копперативін жауапқа тартпақшы.  Себебі, олар нысан тек газ құбырына есептелгеніне қарамастан, электр плитаны қолдануға шешім шығарыпты.

Қуанышбек Жарылғасынның үйіндегі тұрмыстық техника толығымен жарамсыз болып қалған. Пәтер иелері копперативіне ашынғаны соншалықты істен шыққан дүниелерінің құнын қайтаруын талап етті.

Қуанышбек Жарылғасын, Семей қаласының тұрғыны:

-Ал мен 11-дің кезінде ояндым. Сол кезде біздің дәлізде бірдене жарылып кетті. Мына жерде тоқпен жұмыс істейтін күнтізбем тұрған.Ол, жанып кетті. Телефон жанып кетті. Тіпті, модем де жанып кеткен.

Тұрғындар көп қабатты тұрғын үйге тартылған тоқ сымдарының тозығы жеткенін айтуда. Оның үстіне он қабатты үйдің жартысы тоқ плитаға тәуелді. Сондықтан жоғары кернеуді көтере алмай, апат орын алған, -деп топшылап отыр жұрт.

Лидия Комарова, Семей қаласының ПИК серіктестігінің басшысы:

-Маған беретін ақша 120 мың теңге. Оған мен салық, жалақы және қажетті заттарды сатып аламыз. Біз арқаны кеңге жайып отырған жоқпыз. Барлығын шамамыз жеткенше жасадық. Бұл жерде пәтер иелері копперативінің еш кінәсі жоқ.

Көп қабатты тұрғын үй мына бір газ құбырына есептелген. Алайда, осыдан екі жыл бұрын пәтер иелері кооперативі тұрғындардың басын қосып жиналыс ашыпты. Онда, электр плитасына көшіру жөнінде шешім шығарылған екен. Енді, соның кесерінен шығынға баттық деген жұрт өтемақыларын кімнен алатындарын білмей дал болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде