{metadescription}
СҚО-да пара алған полковник айыппұл төлеп түрмеден құтылды
СҚО-да пара алған полковник айыппұл төлеп түрмеден құтылды

СҚО-да пара алған полковник айыппұл төлеп түрмеден құтылды

Солтүстік Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқарма бастығы мың доллар пара алғаны үшін 11 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Полковник Дулат Ғабдуллин мың долларға  жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студентке әскери кафедраға жарамды екені жөніндегі медициналық анықтама жасап бермек болған.

Денсаулығында кінараты бар студент жігіт өздігінен медициналық тексеруден өте алмаған екен. Оның анасы екі делдал арқылы полковник Ғабдуллинге қолқа салыпты. Алайда төрт сыбайластың бәрі ұсталды. Әскери сот студенттің анасы мен оның делдал құрбысына 5 млн теңгеден айыппұл салды. Екінші делдал жігіт 2 млн төлеп, түрмеден құтылды. Ең көп айыппұлды Дулат Ғабдуллин арқалады. Полковиникке алған пара көлемінен 60 есе артық мөлшерде айыппұл салынды. Және ол барлық әскери шендерінен айырылды. Әрі әскери қызметтен өмір бойына шеттетілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде