Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Назарбаев бөгде елдегі соғысқа кетіп жатқандардың жолын кесуді тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы барлау қызметіне ел мүддесін қорғауды күшейтуді тапсырды. Бүгін президент «Сырбар» директоры Ғабит Байжановты шақыртқан.
Автор: Ербол Сейілхан
05.02.2016
Тікелей Елбасыға бағынатын жабық мекеменің басшысы Ақордаға құпия құжаттарымен келді. Ғабит Байжанов халықаралық саясаттағы ахуал мен елдің қауіпсіздігі қалай қорғалып жатқаны туралы есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев болса, өзгелердің геосаяси мүддесінің құрбаны болып, басқа мемлекеттегі соғысқа кетіп жатқан азаматтарымыз жайлы сөз қозғап, бұған жол бермеуді мықтап тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Мынау лаңкестік шабуылдар күннен-күнге туып жатыр. Біздің адамдардың сыртқа шығып соғысқа қатысып жатқандары да бар. Сондықтан барлық жағынан «Сырбардың» орны бөлек. Қоятын талап та өте үлкен. Осыған байланысты не істеу керектігімізді ақылдасып, «Сырбардың » алдында тұрған міндеттерімізді анықтауымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram