Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде «Автопарк» жүргізушілері жұмысты арттырған басшысын сабай жаздады
Ақтөбеде «Автопарк» жүргізушілері наразылыққа шықты. Қоғамдық көлікті тізгіндегендер басшыларының күндік жоспар мөлшерін көтергендеріне ашынып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.08.2016
Кезекшіліктен шыққан автобус жүргізушілері басшыларын талап қоя жаздады. Өйткені олар ешкімге ескертпестен кассаға артық ақша төлеуді міндеттепті. Осылайша автопарк иелері шығын орнын толтыруымыз керек деп жүргізушілердің алқымынан алған. Бұған дейін күніне жоспар бойынша 17 мың мен 22 мың теңге арасында төлеп келген жұмысшылардың одан әрі ақша табуға мүмкіндіктері жоқ. Бұған келіспеген жағдайда автобустарын қаңтарып қоятынын айтып қорқытты. Ақыры дауға жергілікті шенеуніктер араласып, әзірге жоспарды асырмауға келісті.
Руслан Жылқаманов, «Автопарк» ЖШС бөлім бастығы:
-Қазір автобуспен жүретін жолаушылар саны артып келеді. Соған байланысты түсім де көбейді. Сондықтан күндік жоспар мөлшерін он пайызға көбейтпек болған едік. Енді бұл ойымызды қазір болмағанмен, бәрібір күзге салым жүзеге асырамыз. Себебі бұған дейінгі шығынымызды жабуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram