{metadescription}
Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлар туралы деректі фильм жарыққа шықты
Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлар туралы деректі фильм жарыққа шықты

Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлар туралы деректі фильм жарыққа шықты

«Оразадағы ойран» деп аталатын туындыда лаңкестердің өздері болған оқиғаны бүкпей айтып береді. Бейбіт күнде бүлік шығарғандар жүздерін жасырмай, өкініштерін халыққа жеткізуді сұраған екен. Сондықтан өзгелерге сабақ болар деген ниетпен фильмді әзірлеуге жергілікті билік тапсырыс берген. Оны әзірге жергілікті арналар мен арнайы сайттар арқылы ғана көрсетіп жатыр.

Бұл көріністегі атыс ортасында қалған ойын баласының даусын естіген жанның денесі тітіркенеді. Осыдан-ақ Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлардың бейқам көңілді баланы да аямағанын байқаймыз. Осы күнге дейін еш жерде көрсетілмеген бұл бейнекадрларды «Оразадағы ойран» атты деректі фильмде қолданған. Жергілікті билік пен құзырлы органдар туынды арқылы маусымдағы лаңкестік оқиғаның қалай болғанын және басты кейіпкердің кім екенін ашық жариялауды жөн деп шешіпті.

Қару-жарақ дүкенінен бастап, әскери бөлімге де шабуыл жасағандар сол күні Дмитрий Таңатаровтың шілдеханаға шақырғанын айтады. Жалдамалы пәтерде дәм ауыз тигізіп, бір сағат бойы жиһад жайында уағыз айтыпты.

Асхат Рахметов:

-Тамақтандырған соң телефондарын алып алған. Кейін өшіріп тастаған.

Қазір лаңкестер атысқа не итермелегенін нақты айта алмайды. Бірі уағызға ұйығанын айтса, бірі су ішкен соң есімізден адастық деп отыр. Мұны сарапшылар да жоққа шығармайды. Өйткені содырлардың қан құрамынан естен тандыратын амфетин мен петанил табылған. Десе де, олар хақ діннің жолынан тайғандарын мойындайды.

Әлібек Ақпанбетов:

-Намазда жүрген бауырларға айтарым қателеспеңдер. Адам өлтіріп, жәнатқа түсу мүмкін емес

Содырлар осылай, көздерінен жастарын сорғалатып, халықтан кешірім сұрады. Енді өкінгенімен атыста тірі қалған жетеуі өмір бойы бостандық көрмейді. Әйтсе де еркіндікте қалған балалары үшін алаңдайды екен. 

Бақыт Қуанышбаев:

- Отырмын алдарыңызда. Мама, кешір деймін болды. Балаларыма қарашы.

 «Оразадағы ойран» деп аталатын бұл деректі фильм Ақтөбедегі жергілікті арналар мен ғаламтордағы сайттар арқылы көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік енді оны жастар арасындағы лаңкестікпен  күресу құралы ретінде қолданбақшы. Ол үшін аймақтағы барлық оқу орындарында көрсетіледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.