{metadescription}
Тәуелсіздік мейрамынан бұрын Жаңа Жылға қызу дайындалып жатыр
Тәуелсіздік мейрамынан бұрын Жаңа Жылға қызу дайындалып жатыр

Тәуелсіздік мейрамынан бұрын Жаңа Жылға қызу дайындалып жатыр

Жаңа жылдың алдында болатын Тәуелсіздік күніне тыңғылықты дайындалмаса да, келер жылды кемсітпей қарсы алуға әкімдіктер әбден әзірленіп жатыр. Тіпті кейбір пысықайлары ерте қамданыпты. Күздің басында тендер жариялап, миллиондарды игеретін компанияларды да белгілеп қойған. Жасыл шыршаны безендіру үшін шенеуніктер шығарған шығын Тәуелсіздік тойында ешқашан жұмсалып көрмеген шығар. Мысалы, жаңа жыл қарсаңында Атырау көшелері 89 миллион теңгенің әшекейлерімен безендірілмек. Мұнайлы аймақтан қарағандылықтар да қалысар емес. Олар желтоқсандағы мерекелер үшін барлығы 100 миллион теңге...

ліп отыр.

-Атыраулық әкім-қаралар өткен жылы жаңа жылды тойлау үшін бөлінген 47 миллионды жеткізе алмай, әбден қиналса керек, биыл бұл соманы екі еседей етіп көбейтіпті. Яғни, 2018-ді сән-салтанатымен есіктен ендіру үшін 89 миллион теңгенің үстінде қаражат қарастырған.

Серік Биғамбаев, Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінің директоры:

-89 миллионға ұтты, бұйырса, сол жұмыстар басталып жатыр. Енді біздер енді талаптарымыз - безендірудің өзі көптеген компоненттен тұрады ғой, соның ішінде жанатыны бар басқасы бар, оның қосындылары бар мысалы, тоққа қосатындар, соның бәрі сапалы болсын деп. 1 апта, 1 ай жанбай, 2-3 ай жанып туруы керек.

Ал осыдан үш жыл бұрын бұл мақсатқа 200 миллион теңге бөліп, елді естен тандырған қарағандылықтар бұл жолы желтоқсандағы мейрамдар үшін барлығы 100 миллион бөліпті. Оның 40 миллионы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін тойлауға жұмсалмақ екен.

Данияр Кәрібаев, Қарағанды қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы: 

-Ал жаңажылдық безендірулер үшін 60 миллион қарастырылды. Біз бұл ақшаға  негізгі элементтерді жаңартпақшымыз. Оның ішінде ұзындығы 25  метрлік шырша алу да жоспарланып отыр. Жалпы мыңға жуық диодты шам алынады.

Ал, әкімдіктердің ішінде әзірге қаражат бөлу жағынан өзгелерден оқ бойы озық тұрғаны – Алматы әкімдігі. Ондағылар желтоқсандағы барлық мерекені тойлау үшін 630 миллион теңге бөлген.  Бұл қаражатқа 260 шақырым гирлянда мен 7000-ға жуық әшекейлер алынады екен. Мерекелерге бір тиын бөлмегендер де бар. Мысалы, қызылжарлықтар былтырдан қалған ойыншықтар мен шыршаларды пайдаланбақ. Тіпті болмай жатса, демеушілерді табамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.