{metadescription}
Алматыда 44 мың теңгеге жүргізуші құжаты сатылып жатыр
Алматыда 44 мың теңгеге жүргізуші құжаты сатылып жатыр

Алматыда 44 мың теңгеге жүргізуші құжаты сатылып жатыр

50 мың берсеңіз бір күнде дайындап береді. Алматыдағы көліктерді тіркеу орталығында қызметтің осындай түрі қызып тұр. Мекемеге кіріп-шыққанның бәріне қызметін ұсынатын пысықайлар заңды пысқырмайды. Тура есік алдында осындай болып жатса да мекеме басшыларының олармен ісі жоқ. Тайраңдаған делдалдар дегенін істеп жүр.

Көліктерді тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Адам қарасы қаптаған мына мекеменің толық атауы осылай. Анығында халыққа қызмет көрсететін мемлекет, есік алдында жүгенсіз жүрген делдалдар емес. Солай екенін біле тұрса да заң бар-ау, тәртіп бар-ау деп жүрген біреу жоқ.

-44 мың болады .

 Оған не кіреді?

 Бәрі соның ішіне кіреді.

Бұл жігіт өзінің айтуына қарағанда біраздан бері осында істеп жүр. Кәнігі тілі мен сенімді сөзі онысын айғақтап тұр. Соған қарағанда, мынауың заңсыз деп ешкім қуып шықпағанға ұқсайды. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы бес жасар баланың сенуі қиын сөзді айтады. Яғни, мұрнының астында болып жатқан бассыздықтан бейхабар. 

Әсел Мамажанова, Алматы қаласы ХҚКО департамент директорының міндетін атқарушы:

-Ақшаға қызмет ұсынатын жайттар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ішінде болып жатқан жоқ. Сыртында болып жатуы мүмкін. Ол адамдармен құқық қорғау органдары айналыса жатар. Біздің қызметкерлеріміздің бұл істерге қатысы жоқ.

Басшының айтуынша, ғимарат маңайында патрульді автобус пен аумақтық инспектор кезекшілік жасайды. Бірақ, нәтижесін көріп отырмыз. Мекеменің дәл осындай былықтарын осыдан екі жыл бұрын да жайып салған болатынбыз. Содан бері олқылықтың оңалғаны көрінбейді. Жағдайға құқық қорғау органдары бел шешіп кіріспесе, әзірге ақшамен құжат рәсімдеуге тура келетін сияқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.