{metadescription}
Ақтөбеде газ тапшылығы қолдан жасалған болуы мүмкін
Ақтөбеде газ тапшылығы қолдан жасалған болуы мүмкін

Ақтөбеде газ тапшылығы қолдан жасалған болуы мүмкін

Ақтөбеде автогаз тапшылығына қатысты арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына әкімдіктегілерден бастап, ұлттық қауіпісіздік комитеті мен ішкі істер департаментінің тергеушілері де кірген.

Олар көліккке құятын көгілдір отынның жетіспеушілігіне кінәлілерді іздейді. Өйткені энергетика министрлігі осы айда аймаққа газды артығымен бөлген. Әйтсе де, жанармай бекеттері бұл отынды тек талонмен ғана беріп жатыр. Ал кейбірінде мүлдем сатылмайды. Санаулы ғана бекетте қолма-қол ақшаға алу үшін сағаттап кезек күтуге тура келеді. Қазір көлік газына қатысты күдік көп. Бағаны көтеру үшін кәсіпкерлер әдейі қорды тығып отыруы немесе өзге аймаққа қымбатқа сатуы да мүмкін. Себебі, жыл басында газды Ауғанстан асырмақ болған ақтөбелік кәсіпкерлер ұсталған еді. Сондықтан жүргізушілер де тапшылық қолдан жасалып отыр деген пікірде.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде