{metadescription}
0:000:00
"Томиристі танымаймын": Мәскеуде университет терезесінен құлаған қазақ қызының өліміне күдіктілер әлі бостандықта жүр

"Томиристі танымаймын": Мәскеуде университет терезесінен құлаған қазақ қызының өліміне күдіктілер әлі бостандықта жүр

Мәскеуде биіктен құлаған қазақ қызының өлімі беймәлім күйде қалуы мүмкін. Бүгінге дейін тергеушілер болған оқиғаны Томиристің өзінен естіп білуге үміттенген. Алайда, аппаратқа қосулы жатқан отандасымыздың халі таңға жуық күрт нашарлап, жан тапсырған. Естеріңізге салсақ, бұл іс бойынша бір емес, екі бірдей дағыстандық жігіт күдікке ілінген болатын. Бірақ та істі жүргізгендер екеуінен де ілік таппай жібере салған. Енді студент қыздың ажалына әкеп соқтырған аудиторияғы жағдай жұмбақ боп қалғалы тұр.           

Анау-мынау емес Мәскеудегі ең мақтаулы оқу орнының терезесінен Томирис Байсафаның құлап кетуі детективтегідей жұмбаққа толы боп тұр. Өйкені, іші-сырты құжынаған студентке толы ғимаратта «көрдім, білдім» деген ешкім жоқ. Тек кейбір мәліметтер бойынша, қызды Магомед Котиев деген дағыстандық студент итеріп жіберген болуы мүмкін делінген. Алайда, онысы да көп кешікпей жоққа шықты. 

Магомед Котиев:

-Қызды мен итеріп жіберген деген сөз тарап жатыр. Бірақ, олай емес. Оны бір-екі рет көргенім болмаса, мүлдем  танымаймын. Есімін де білмеймін. Тіпті, құлаған кезде басқа жерде болғам.

«Томиристі танымайтын» деп бұл жігіт басын ала қашқаны сол еді келесі күдіктінің аты аталды. Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы Муртузали Меджидовті тергеушілер шақыртып алған. Өйткені, сол күні қыз бен жігіттің аудитория ішінде қызыл кеңірдек боп ұрысқанын студенттер көріпті-міс. Қазақ қызы мен дағыстандық бай баласының екі жыл жақын қарым-қатынаста болғаны да іске жан бітіргендей болған. Алайда, дағыстандық саясаткердің ұлы тек «куәгер» ретінде сұралып, іс сонымен бітті. Ал оқу ордасы болса оқыс жағдай дегенді ұстанып отыр. Десе де, анасының болашағынан зор үміт күткен баласының өліміне біреудің қатысы барына сенімді.      

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Отандасымыз Астана уақытымен бүгін таңғы  сағат жетіде көз жұмды. Біздің дипломаттарымыз Мәскеуде қайтыс болған қыздың ата-анасының жанында таңертеңнен бері жүрді. Қазір олар марқұмның денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру бойынша қажетті рәсімдерді жүргізуде. Біз осы жағдайда толықтай ат салысып, жақындарына көмек көрсететін боламыз.

Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың мәйітін елге жеткізіп қана қоймай, тергеу ісіне де араласпақ. Алайда, әзірге айта қоярлықтай айғақ жоқ.

-Халықаралық қатынастар институтында әлемдегі 60 елінен қыз-жігіттер оқиды екен. Алайда, 54 тілді үйрететін білім ордасы отандасымыздың өліміне әкеп соқтырған оқиғаны ешкім көрмеді деп отыр. Ал марқұмның тілге келмей жан тапсыруы істі мүлде қиындатты. Айта кетсек, құзырлы органдар Томиристі «өлімге итермеледі» деген баппен іс қозғаған еді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.