Тоғыз күн бой тасалап жүрген Әмір Әбубәкіров кінәсін де бірден мойындаған. Десе де, соңы атысқа ұласқан қырғында қаза тапқан жігіттердің туыстары тергеуге көңілдері толмай отыр. Қарулы жігіттерді шақыртқан нағыз қаскөйлердің аттары аталмады дейді олар.
​Алматы облысында жаппай төбелесте полиция қызметкерін пышақтап қашқан күдікті ұсталды

Жігіттер арасындағы жаппай төбелесте тәртіп сақшысына пышақ сұқты делінген күдікті Әмір Әбубәкіровты полицейлер өткен түні қолға түсірген. Дегенмен, 9 күн бойы қайда бой тасалағанын тергеушілер ашып айтпай отыр. Белгілісі, жас жігіт кінәсін бірден мойындаған. Сонымен, адам өлтірді делінген екі күдікті де қазір абақтыда. Ал, марқұмдардың туыстары тергеуге сонда да көңілдері толмай отыр. Айтуларынша, екеуіне «қару мен пышақ алып келіңдер» деп шақыртқан нағыз бұзақылар бостандықта. Мерекелік кеште болған олардың аттары аталып та жатқан жоқ. Керісінше, іс басқаша өрбігенге ұқсайды. Тергеушілер ауруханаға сау етіп келіп, жаралы жатқан жалғыз куәгерге кісен салды дейді туыстары.          

Айжан Қыдырәлиева, марқұм Е.Баймаханның жесірі:

- Екі досынан айырылып тұр. Үш бала қашып жүр. Бұл жерде жалғыз бала боп тұрған жоқ қой. Бәрі жазасын алсын.

Алайда, ата-анасы адвокат шақыртып, шу шығарған соң кісенін тез арада шешіп алыпты. Сөйткен тергеушілер «түсінбеушілік болды» деп куәгердің туыстарынан кешірім сұраған. Оқиға мына дәмхананың жанында болған. Алты жігіт Отан қорғаушылар күнін тойламақ боп отырған. Алайда, отырыстың соңы қырғын төбелеске ұласады. Таныстарына көмекке жеткен күдіктілердің бірі полиция майорын пышақтап, енді бірі тәртіп сақшысына араша түскен досын Ержан Баймаханды атқан. Марқұмның денесіндегі жарақаттарға қарағанда, оқ бірнеше рет атылған.         

Меңдігүл Қоңқабаева, марқұм Е.Баймаханның анасы:

-Арты үңгір боп жатыр балам. Бауыры бәрі езіліп кеткен, асқазаны езіліп кеткен. Өкпеге тиген, жүрекке дейін барған. Қол-аяғы балғадай бала ғой. Ешкімге әл бермегеннен кейін баламды ата берген, ата берген. Арқадан арқа жоқ, бас, шүйде жоқ. Беттен бет, қолдан қол жоқ баланың. Өлер балам өліп қалды деп отырмаймын, мен ізденемін.

Досы сол арада тіл тартпай кетсе, майордың өзі екі күн ауруханада жатып, үшінші күні қайтыс болған. Оның өзі туыстары жарақатына дер кезінде ем-дом жасалмаған деп отыр. Өйткені, мереке түні мұнда қарайтын жан табылмапты. Енді болған жайттың бәрін білетін жалғыз куәгерге жан баласын жолатпай отыр. Ал атышулы іс бойынша тергеу жалғасуда.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.