{metadescription}
Талдықорғанда өз ұлын өлтірмек  болған әке жындыханаға жабылды
Талдықорғанда өз ұлын өлтірмек  болған әке жындыханаға жабылды

Талдықорғанда өз ұлын өлтірмек болған әке жындыханаға жабылды

Талдықорғанда өз ұлын өртеп жібермек болған азамат психиатриялық аурулар диспансеріне жатқызылды. 41 жастағы еркектің әрекетінен соң қылмыстық іс қозғаған құзырлы органдар оның дәрігерлік көмекке зәру екенін түсінген.

Талдықорған қаласын дүрліктірген оқиға кеше болған еді. Отбасымен жанжалдасып қалған тұрғын, 5 жасар баласының үстіне тез өртенгіш сұйықтық құйып, бөге адам пәтерге кірер болса ұлын өртеп жіберем деп қорқытқан болатын. Полицейлер келіссөзбен түк өндіре алмаған соң, баланы арнайы жасақтың көмегімен құтқарған-ды. 3 баланың әкесінің мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз. Ол бұрын соңды психиатриялық мекемеде есепте болмаған.

Серік Упиев, Алматы облыстық ІІД қызметкері:

-Ұсталған азамат қазіргі таңда жүйке жүйесін емдеу мекемелерінде тексерілуден өтуде. Ал, кішкентай балаға келетін болсақ онымен психологтар жұмыс жасағаннан кейін анасына тапсырылды. Ол қосымша оңалту жұмыстарын қажет етпейді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.