{metadescription}
Түркістан облысында зорланған балаға қатысты айып бір күдіктіге тағылды
Түркістан облысында зорланған балаға қатысты айып бір күдіктіге тағылды

Түркістан облысында зорланған балаға қатысты айып бір күдіктіге тағылды

Төртеудің біреуі ғана айыпты болып шықты. Бас прокуратура Түркістан облысы, Абай ауылында 7 жасар баланы зорлаған төрт жеткіншекке қатысты қылмыстық істі тергеп бітті.

-Төрт күдіктінің арасында бір ғана жасөспірім 14 жасқа толған. Оның іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша бағаланды. Қалған күдіктілердің 14 жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Яғни, Қылмыстық кодексте зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікке тарту 14 жастан басталады екен. Ал істі барынша әділ әрі жан-жақты зерделеу үшін медициналық, психиатриялық, биологиялық, молекулярлық-геномдық сот сараптамалары жүргізілген. Сол үшін Ресей, Қырғызстан және Грузияның жеке және мемлекеттік сарапшылары, сондай-ақ, еліміздің балалар дәрігерлері де шақырылған. Іс бойынша барлығы 14 кешенді сот сараптамасы мен 4 зерттеу жасалды. Айта кетсек, атышулы оқиға наурыз айында жария болған еді. 7 жасар бала өзіне әлгі төртеуінің 5 ай бойы анайы әрекет жасап келгенін әжесіне айтып берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде